Түркістан облысында дәл қазір тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар алдағы жылыту маусымына әзірленуде. Көмір тапшылығын алдын алу мақсатында бірқатар жұмыстар қолға алынған. Сала мамандарының мәлімдеуінше, бүгінде қажетті отын қоры жинақталды.
Айталық, облыс көлеміне жалпы көмір отынының қажеттілігі 900 мың тоннадан асады. Бюджеттік мекемелердің сұйық отынға (дизельге) қажеттілігі 4 559,7 мың литр, мазутқа қажеттілік 2700 тоннаны құрайды. Кентау қаласындағы ЖЭО-5 үшін қажетті көмір көлемі 89 мың тонна, мазут 700 тонна. Жылыту маусымына дайындау мақсатында негізгі және қосалқы жабдықтарға ағымдағы жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 300 млн. теңге бөлінген.
Өңірде орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілген 626 көпқабатты тұрғын үй мен 2561 бюджеттік мекемелер мен әлеуметтік нысандар бар. Ал, Түркістан қаласының жылу жүйелері 2022-2023 күзгі-қысқы кезеңге дайындық бойынша кешендік іс-шаралар өткізіп жатыр. «Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры Е.Рысбековтың мәлімдеуінше, жылыту маусымы аяқталғаннан кейін бірден жылу аралық кезеңде Кәсіпорын келесі жылыту маусымына дайындық жүргізеді. Қалалық жылу трассаларында алдағы 2022-2023 жылыту маусымына дайындық шеңберінде жылумен жабдықтау жүйесін жөндеу және жаңғырту бойынша жоспарлы жұмыстар басталады.
Бүгінде Түркістан қаласында жалпы 40 579 абонент бар, соның 95,2%-ы табиғи газ берілген. «Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны тарапынан қаладағы І ші мөлтекауданда 58 дана, ІІ ші мөлтекауданда 15 дана, ТГЖД аумағында 2 дана орталық жылу энергиясымен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, Отырар мөлтекауданында 38 дана, Әкімшілік іскер орталығында 14 дана жалпы 127 дана көпқабатты тұрғын үйлер орталық жылумен қамтылған. Бұдан бөлек, І ші мөлтекаудандағы 28 бюджеттік, 55 кәсіпкерлік заңды тұлғаларға, 52 жер телімді тұрғын үйлер мен Мәдени, рухани орталығындағы 11 нысанға жылу берілген.
Ал, табиғи газға қосылмаған жеке тұрғындар мен нысандарға 2022-2023 жылдардың жылу беру маусымына шамамен 21 000 тонна Шұбаркөл көмірі қажет деп жоспарлануда. Отын базасында 1 тонна көмірдің бағасы 14800 теңгені құрап отыр. Қазіргі күнде қаладағы көмір базаларына 40000 тонна көмір тасымалданған. Оны мемлекеттік мекемелер мен оқу орындары жеткізіп алуда.
«Газбен қамтамасыз етуші «ҚазТрансГаз Аймақ» ашық акционерлік қоғамымен келісім шарт жасалған. Кәсіпорында жылу беру маусымында 146 штат бірлігімен жұмыс атқарады. 2022-2023 жылғы жылу беру мусымында бекітілген ереже мен нормативтерге сәйкес үздіксіз жұмыс атқарылды. Қала қысқы маусымға толық дайын», - деді кәсіпорын директоры.
Тұрғындарды хабардар ете кетейік, Түркістан қаласында биылғы жылу маусымы 1 қарашада немесе сыртқы ауа температурасы +8 С-тан төмен қатарынан 3 күн болған жағдайда басталмақ.