Жыл соңына дейін қосымша 30 шақырымды құрайтын 38 көшеге тас төселінеді

Биыл Түркістан қаласы аумағындағы 46,4 шақырымды құрайтын 40 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған болатын. Қазіргі уақытта 7 көшеде, атап айтар болсақ, Қызылкөл, Сарыжылға, М.Төлебаев, Әубәкір қары, Ы.Алтынсарин, Қазыбек би мен А.Юсупов аралығындағы көше, Асан қайғы мен Құрбан ата аралығындағы көшеде орташа жөндеу жұмыстары қолға алынды. Орташа жөндеу жұмыстарын ағымдағы жылдың қараша айының соңына дейін толығымен аяқтау жоспарланған. 

Screenshot_61.jpg

Сонымен қатар, Түркістан қаласында ағымдағы жылы қала аумағындағы халық сұранысына байланысты 64,5 шақырымды құрайтын 54 көшеге аяқжол құрылысын жүргізу көзделген болатын. Соның, қазіргі уақытта 31 көшесінде тиісті жұмыстар толығымен аяқталды. Ал, 13 көшеде қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда.

Бүгінде Түркістан қаласындағы бірқатар көшелерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтар болсақ, И. Қожабаев көшесінін 3,6 шақырым аумағында асфальт жабындысы басылып, қалған бөлігінде жол негізін әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, атқарылған жұмыстар нәтижесінде жолдың 3,8 шақырымы аяқжолмен және веложолмен қамтылса, ал 8,2 шақырым аумағына суағар науа орнатылды. 

Қазыбек би мен О. Жарылқапов аралығындағы жолдың 1,3 шақырымын құрайтын аумағында құрылыс жұмыстарына кедергі келтіретін 4 дана трансформаторға уақытша демонтаждау жұмыстары жүргізілді. Құрылыс нысанына қазіргі уақытта жобамен 8 тұрғын үй және 1 жер телімі кедергі келтіріп, осы бойынша мемлекеттік мұқтаждыққа қайтару үшін бөлім тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуда.

Ал, Ә. Жангелдин көшесінде нысан құрылысына кедергі келтіретін инфрақұрылым жүйелерінің құбырларын орын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, орын ауыстыру аяқталған орындарда жол негізі әзірленуде. Қазіргі уақытта нысан бойынша атқарылған жұмыстар нәтижесінде жолдың 2 шақырым аумағы аяқжол және веложол құрылысымен қамтылып, 3,5 шақырым аумағына суаған науа орнатылды. Сонымен қатар, жолдың 1,9 шақырым құрайтын аумағында жол негізі әзірленді. Аталған 3 нысан келесі жылға өтпелі болғандықтан, құрылыс жұмыстарын 2023 жылы аяқтау жоспарлануда.

Реті келгенде айта кетейік, қалада көшелерді жарықтандыру да жиі көтерілетін мәселе еді. Қазіргі таңда қала аумағындағы 393 көше жарықтандыру жүйесімен қамтылған, бұл жалпы жарықтандырылған көшелер үлесімен есептейтін болсақ 44,9%-ды құрайды. Жалпы 2022 жылы Түркістан қаласы аумағында 176,4 шақырымды құрайтын 142 көшеге жарықтандыру жүйесінің құрылысы жүргізіліп, оның қазіргі уақытта 123,1 шқ құрайтын 93 көшесі толығымен іске қосылды. Қалған, 53,3 шақырымды құрайтын 49 көшені жарық көзімен қамтамасыз ету мақсатында «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-імен бірлесе техникалық шарт әзірленуде. Нәтижесінде, бүгінгі таңда жарықтандыру жүйесімен қамтылған көшелер үлесі 61,1%-ға жетіп отыр.

Сонымен қатар, 2023 жылдың соңына дейін қосымша 223 көшеге жарықтандыру жүйесін жүргізу жоспарлануда. Қазіргі уақытта жоспарға сәйкес құрылыс жұмыстары «Бірлік» тұрғын алқабына қарасты 33 көшеде жүргізілуде.

Мұнымен қатар, биыл Түркістан қаласында топырақ жолдардың пайызын азайту да міндеттелді. Айта кетейік, қалада тас төселген көшелердің саны мен сапасын арттыру мақсатында жыл басынан бері 120 шақырымды құрайтын 152 көшеге тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Тас төсеу жұмыстарымен қала аумағындағы 6 секторда, яғни «Отырар», «Шауғар», «Бекзат», «Яссы», «Сауран», «Бірлік» тұрғын алқаптарындағы топырақ көшелері қамтылуда. Жыл соңына дейін қосымша 30 шақырымды құрайтын 38 көшеге тас төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

2022-2023 жылдар аралығында Түркістан қаласы аумағындағы қоғамдық көлік қатынайтын көшелерге жаңа үлгідегі 150 дана аялдама нысанын орнату жоспарланған болатын. Құрылыс жұмыстары бірінші кезекте қаланың негізгі көшелерінде бастау алып, секторлардағы қоғамдық көлік қатынайтын көшелерінде жалғасын тапқан болатын. Қазіргі уақытта, қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру және қолайлы орта қалыптастыру мақсатында 120 дана аялдама павильоні орнатылды.

Сондай-ақ, 2022 жылы тасымалдаушы «Жолаушы» ЖШС жаңадан 18 автобус алып, №6 бағыттағы және №10 бағыттағы қоғамдық көліктерді жаңартып, кесте санын толықтырды. Осы жыл соңына дейін қосымша 16 автобус алып, №2А бағытындағы шағын автобустарды сыйымдылығы жоғары автобустарға ауыстыруды жоспарлауда. Тасымалдаушы «ТехПрофАвто» ЖШС 10 жаңа автобус алып, №17 және №20 бағыттарға тасымалдауға жүргізді. Жыл соңына дейін, қосымша 20 автобус алып, №16 бағытқа жүргізіп, сондай-ақ, қолданыстағы №18, №14, №20 бағыттарына қосымша кесте қосуды жоспарлауда.

Облыста өзге өңірде жол жөндеу жұмыстарының қалай жүріп жатқанына да тоқтала кетейік. Мәселен, Қазығұрт ауданында 2021 жылы аудандық бюджет есебінен 807,2 млн. теңгеге 96,8 шақырымды құрайтын 36 аудандық маңызы бар және ішкі жолдарға орта жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Жаңабазар елді мекеніндегі 10 көшеге, Қаржан елді мекеніндегі 10 көшеге орта жөндеу жұмыстары атқарылған.

Биыл 69,5 шақырымды құрайтын 22 аудандық маңызы бар және ішкі жолдарға орта жөндеу жұмыстары қолға алынады. Сонымен бірге «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Жігерген елді мекенінен 6 көшеге орта жөндеу жұмыстарын жүргізуге 154 млн. теңге қаралған.Облыстық бюджеттен елді мекендегі көпірлерді күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы қаралып, Құларық, Шарбұлақ, Жігерген елді мекендеріндегі көпірлердің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Қазіргі таңда Өндіріс елді мекеніндегі Тастақсай көпірінің күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Ал, Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылында 2021 жылы «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 5,2 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальттанды. Сонымен қатар осы жоба аясында А.Құнанбаев атындағы №5 және А.Пушкин атындағы №6 мектептерінде замануи үлгідегі спорт залдар салынуда. Жоспар бойынша спорт залды 2022 жылдың сәуір айында аяқталады.Айта кетейік, 2021 жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Кентау қаласына қарасты ауылдарда 25 шақырым жол жөнделді. Жалпы қала бойынша «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік» жобасы аясында 20,5 шақырым ішкі жолдар жөнделсе, облыстық бюджеттің есебінен 8,15 шақырым жол жөнделген.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер