Түркістанда құны 3 млрд.теңге болатын 4 жоба жүзеге асырылды

Түркістан облысында 2025 жылға дейін 250 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Қазір өңірде халықтың табысын арттыру мақсатында «Түркістан облысы бойынша 2022-2025 жылдарға арналған жұмыспен қамту картасы» атты жоба бекітіліп, нәтижесінде 143 792 жұмыс орындарын ашу жоспарланған.

Screenshot_62.jpg

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» жөніндегі тапсырмасына сәйкес, облыстың экономикалық белсенді халық санына қарай 8 194 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарлануда.

Биыл 444 салалық жобаларды іске асыру аясында 33 819 жұмыс орындарын ашу көзделуде. Және «Еңбек» бағыты аясында облыс бойынша 70 мың адамға жұмыспен қамту шараларын көрсету көзделген. Биыл «Жастар тәжірибесі» жобасы шеңберінде 5 658 адамға 6,2 млрд. теңге, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 386 азаматқа 436,7 млн. теңге қаралды. Сондай-ақ, жастардың іскерлік бастамаларына қайтарымсыз 3,4 млрд. теңгеге 2 765 грант беру көзделуде.

Бүгінде облыста тұрғындардың табысын арттыруға бағытталған жұмыстар өз жалғасын табуда. Мемлекет басшысы атап өткендей, Қазақстанның шынайы жаңару кезеңіне сәтті қадам басуы жолында алға қойылып отырған тапсырмалар мен міндеттер атқарылуда. Оның ішінде Түркістан қаласын қайта түлетуге, дамытуға ерекше көңіл бөлінген. 

Айта кетейік, Түркістан қаласында биыл жоспар бойынша 48 жұмыс орнын құрайтын 3 жобаны іске асыру жоспарланған. Олардың бірі «Баянды Құрылыс»  ЖШС-і, мұнда 28 жұмыс орнын ашу, екіншісі «EuroBlock Production», мұнда 20 жұмыс орнын ашу жоспарланған. "Оспан" ЖК-і, 6 жұмыс орнын ашуды мақсат етіп отыр. Қазіргі таңда «Баянды Құрылыс»  ЖШС мен "Оспан" ЖК  құрылысын аяқтап  қосу іске қосылып жалпы саны 37 жаңа жұмыс орындарын ашты. 

 «EuroBlock Production» жобасы құрылыстарын аяқтап, тапсыру актісіні рәсімдеуде жыл аяғына дейін іске қосылады деп күтілуде.

Сонымен қатар, 2022 жылы индустриалды аймаққа құны 3 млрд.теңге болатын және 166 жаңа жұмыс орнын құратын 4 жоба жүзеге асырылып, Өңірлік Үйлестіру Кеңесінің оң қорытындысын алды. Және «Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына»  ұсыну жұмыстары жүргізілуде. Олар: «Ali Construction Group»ЖШС –29 жұмыс орны, темірбетон бұйымдарын жасау жобасы, «TECHTRONIC STROY»ЖШС  20 жұмыс орны, темірбетон бұйымдарын жасау жобасы және «Гүлзада»ЖК –20 жұмыс орны, темір және ағаштан есіктер жасау жобасы.

2022 жылдың 8 айында  шағын және орта кәсiпкерлiкпен айналысатын 16052 субъект тiркелiп, оның iшiнде жұмыс iстеп тұрған белсендi субъектiлерiнiң саны 15701-ге, яғни 97,8 пайызға жетті. Белсенді ШОБ субьектілердің толық статистикалық есептілік тапсыруын қамтамасыз ету және олармен төленетін міндетті төлемдерінің өтелуін қадағалау бойынша статистика басқармасымен бірлесіп жұмыстар  жүргізілуде.

Кәсіпкерлерді аз пайызбен несиелендіру бойынша 2021  жылдың 1 қараша айына «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-і 18 жобаны қаржыландырылды. Ал, «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасының 1 бағыты аясында 7 жоба, 52 жоба кепілдендірілген. Аталған бағдарлама аясында Түркістан қаласынан қайтарымсыз грант алуға 35 азамат өз жобаларын қорғап нәтижесінде 6 адамның жобасы қаралымда. Жалпы алғанда «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында 142 жаңа жұмыс орындары ашылып тұрақты жұмыспен қамтылған.

Алдағы уақытта Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2025 жылдарға арналған "Еңбек" бағдарламасы» аясында «Ырыс» МҚҰ-ның Түркістан қаласына бөлінген қаражат есебінен басым бөлігі туризм саласындағы жобаларға қолдау көрсету жоспарланып отыр.

Реті келгенде айта кетейік, Түркістан қаласында азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша көптеген жұмыстар жүргізілуде. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру жөнінде Түркістан қаласы әкімдігі Е-Өтініш біріңғай ақпараттық жүйесіне тамыз және қыркүйек айларында  22  (азық-түлік бағасының қымбаттағаны туралы) арыз-шағымдары тіркеліп қала әкімнің атынан «Жоспардан тыс тексеру жүргізу туралы» қаулысы шығып қаулы негізінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің  ERSOP  базасына арыз негізінде 10 пайыздық үстемақысынан асырған сауда орындары туралы ақпараттар енгізілген болатын алайда сауда құқық қорғау органы тарапынан 22 арыз шағымның 14 ғана рұқсатын беріп ERSOP базасына тіркелген. Ал, тіркелген 14 арыз шағымға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204,4 тармағының 1 тармақшасына сәйкес сауда орындарының басшылығына ескерту түріндегі шара көрілді. Алдағы уақытта ӘМАТ бағасын тұрақтандыру жөніндегі жұмыстар өз жалғасын табады.

Түркістанда негізгі капиталға тартылған инвестиция 142419,6 млн. теңгені құрап,  2021 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 106,0  пайызды құрады.Оның ішінде республикалық бюджет есебінен 48322,0 млн. теңге, жергілікті бюджет есебінен 49114,7 млн. теңге, меншікті қаражат есебінен 33604,5 млн. теңге,  банк кредиттері есебінен 8447,3 млн.теңге, басқада қарыз қаражаты есебінен   2931,1 млн.теңге. Ал, 9 айлық есептік көрсеткіш бойынша 190,1 млрд теңгені қамтып 105,2 пайызды құрайды деп болжамдалуда.

Реті келгенде айта кетейік, өңір экономикасы нығайып, жаңа жұмыс орындарықұрылуда. Өңірге инвестиция тарту мақсатында үлкен жобалар іске асырылуда. Ол – Өгем өзеніндегі су электр стансалар каскады. Бұл жоба бойынша облысқа 293,3 млрд. теңге жеке инвестиция тартылатын болады. Жобаның болжамды құны 722,8 млрд. теңгені құрайды. Құрылыс 2024-2026 жылдары жүзеге асырылады.

Аталған жоба іске асқан жағдайда облыстың оңтүстігіндегі тұрғындар түбегейлі ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады. Жыл сайын елімізде электр дефициті байқалып келеді. Облысқа қажетті электр қуатының 80%-ы сыртқы көздерден тасымалданады (қажеттілік 320 МВт). Аталған мәселені түбегейлі шешу мақсатында «Самұрық-Қазына» АҚ-мен бірлесіп, 1000 МВт газ стансасын (ПГУ) салужоспарланған. Бүгінде бұл жұмыстарды «ПГУ Түркістан» ЖШС-і жүргізуде. Құрылыс кезінде 2000-2500, пайдалану кезінде 200-250 тұрақты жұмыс орны ашылады деп жоспарланған.

Өткен жылдың қорытындысымен әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық негізгі көрсеткіштері бойынша өсім қамтамасыз етілді. Жалпы өңірлік өнім көлемі 2021 жылы 268,8 млрд. теңгені құрап, өсім 3,6 есеге артты. 

4 жылда шағын және орта бизнес субьектілерінің саны 14 мыңнан асып, ондағы жұмысшылар саны 30 мыңға жетті. Өнім көлемі 260 млрд. теңгені құрады. Тартылған инвестиция 291,4 млрд. теңгені құрап, 8 есеге артты.

Жыл басынан бері өнеркәсіп өнімінің көлемі 392,6 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда едәуір артты. Өңірде 150 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығында 243,7 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Облысқа 263,2 млрд. теңге инвестиция бағытталды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер