Түркістан облысындағы 831 елді мекеннің 86 пайызға жуығы ауыз сумен қамтылды.
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы С.Далиев: «Түркістан облысында 831 елді мекеннің 712-сі (7 қала, 705 ауылдық елді мекен) яғни 85,7 пайызы ауыз сумен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, биыл ауыз сумен жабдықтау бойынша 53 нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның 26-сын осы жылы аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған. Ал, қалған 27 нысанның құрылысы келесі жылға өтпелі» дейді.
Басқарма басшысы Сәкен Шалабайұлының сөзінше, жыл аяғына дейін 13 елді мекенді (Сарыағаш-4, Келес-4, Қазығұрт-2, Ордабасы-3) ауыз сумен қамтамасыз ету, ал, 14 елді мекеннің (Сауран-1, Қазығұрт-1, Төлеби-5, Жетісай-2, Мақтарал-1, Ордабасы-1, Шардара-1, Түлкібас-2) тозығы жеткен су құбырларын жаңарту жоспарланған.
Сонымен қатар, орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілмеген 119 елді мекеннің 71-іне су құбырларын жүргізу, 48-іне блок-модуль кешенін (КБМ) орнату қажет. Өңірдегі елді мекендерді 100 пайыз ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігі «Түркістан облысы бойынша ауыз сумен қамтамасыз етудің 2022-2025 жылдарға арналған іс-шара жоспарын» бекітті.
Ал, Түркістан қаласы бойынша 38 820 абонент ішінде 37 655 абонент ауыз сумен қамтамасыз етілген.Бүгінгі таңға Кентау қаласындағы Біресек су кен орынынан 600 диаметрлік трубамен сағатына 1590 м3/сағ және Мырғалымсай ескі кен орнынан 800 диаметрлік құбырымен сағатына 3200 м3/сағ мүмкіндігімен қарастырылса, Шобанақ елді мекеніндегі 40 мың м3 резервуарға және Б.Майлина көшесі аумағында орналасқан 16 мың м3 су жинау резервуарына құйылып, су жинақталып, халыққа жеткізілуде.
Бұдан бөлек, жаз айларында Түркістан-Су мекемесінің меншігіндегі 21 су ұңғымасы арқылы және Арыс теміржолы ЖШС-нің меншігіндегі 14 су ұңғымасы арқылы қала ауыз сумен қамтамасыз етілуде.2023 жылы 5 (Яссы және Шавгар, Мақтазауыт, Н.Тореқұлов, Орталық су қойма 5000 м3, 1,2 мөлтек аудандар.) нысанның құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарлануда.Жалпы 5 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталған кезде 13961 абонент сапалы ауыз су жүйесімен қамтамасыз етіледі.Қаланың таза ауыз сумен қамтамасыз ету 98,5 пайызды құрап отыр.
Айта кетейік, Түркістан қаласында қуаттылығы тәулігіне 20 мың м3 сарқынды су тазарту имараты бар. Қабылданып жатқан сарқынды су көлемі тәулігіне 4500 м3.
Сонымен қатар, 127 шақырым сарқынды су жүйесі, 27 дана КНС бар. Түркістан қаласы бойынша орталықтандырылған сарқынды су жүйесімен қамтылу көрсеткіші 32,2 пайызды құрап, 12297 абонет пайдалануда.
Түркістан қаласын толық сарқынды су жүйесімен қамтамасыз ету үшін 15 нысанға бөлінген. Оның ішінде 3 нысан (Тұран-1, Отырар-1, Отырар ықшам ауданындағы көп қабатты тұрғын алаптан №21 канализациялық сорғы станциясына дейін ағын сулардың магистральды жүйесін салу) құрылыс жұмыстары аяқталып пайдалануға тапсырылған.
Қазіргі таңда 6 нысанның (Бірлік, Ортақ-1, Тұран-2, Бекзат, Отырар-2, Яссы және Ыждыхат) құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, республикалық бюджетке 4 нысан (Түркістан-Қызылорда тұрғын үй массиві, Алтын Шаршы, Ортақ-2, Яссы және Ыждыхат 2-кезең. ) қаржыландыруға ұсынылып, 2 нысанның (Ортақ-3 және Баянауыл аумағы) ЖСҚ рәсімделуде.Нәтижесінде 2025 жылы қала тұрғындары сапалы сарқынды су жүйесімен 95 пайыз қамтамасыз етіледі.
Орталықтандырылған кәріз жүйесімен Түркістан қаласының 12 297 абоненті қамтылған.2021 жылы жоба бойынша қуаттылығы тәулігіне 20 мың м3 сарқынды су тазарту ғимараты іске қосылды. Қабылданып жатқан сарқынды су көлемі тәулігіне 4500 м3. Оның 72 шақырымы магистральды сарқынды су құбырлары қолданыста.
Биылғы жылы жалпы 15 жоба іске асырылуда. Қазіргі танда 3 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып, 6 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қоса 4 нысан қаржыландыруға ұсынылып, 2 нысанның ЖСҚ әзірленуде. Нәтижесінде 2022 жылы кәрізбен қамту көрсеткші – 48,9%, ал 2023 жылы ұсынылған жобалар қолдау тапса көрсеткіш –80% қамтитын болады.