Өткен шежірелі тарихында Қазақ хандығының және бүкіл түркі әлемінің саяси әрі рухани орталығы болған Түркістанның тарихында 2018 жылы 19 маусым алтын әріптермен жазылды.
Бұл күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа жария түрде қол қойып, көне шаһарға облыс орталығы мәртебесі берілді. 2020 жылы Үкімет Түркістанның Түркі әлемінің орталығы ретінде 2035 жылға дейінгі мәдени-рухани дамуының Бас жоспарын бекітті. Бұл қала құрылысының, құрылымының, көлік және инженерлік коммуникацияларының, тіпті көгалдандыру мен абаттандыру жүйесінің кешенді жоспарының бас құжатына айналды.
Біздің анық білетініміз киелі шаһар - Қазақстанның ежелгі қалаларының бірі. Ол тарих пен мәдениеттің әлемге әйгілі ескерткіштер кешені мен сәулет өнерінің жауһары-Ахмет Ясауи кесенесі орналасқан қала ретінде ЮНЕСКО тізіміне енген. Сонымен қатар, қаланың Ұлы Жібек жолы бойында, Орталық Азияны Еуропамен, Қиыр Шығыс және Үнді-Қытай елдерімен байланыстыратын қолайлы географиялық белдеуде орналасқаны да маңызын арттырады. Бұл жерден республикалық маңызы бар автомобиль және теміржол торабы өтетіні тағы бар. осы тұрғыдан шаһардың дамуы қарқынды. Мәселен шаһарда халыққа электр энергиясымен қамту 99,9%-ды құрап отыр. Нақт ылап айтқанда қалада 39937 абонент электр қуатын тұтынады. Оның 33 937 абонент(қала тұрғындарының 85%-ы) сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілген. Түркістан қаласында электр қуатымен қамтамасыз ету үшін қызмет көрсететін бір мекеме бар. Ол «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-і. Қала аумағында 1286 трансформатор мен 1 415,4 шқ жуық желісі бар. Оның: - коммуналдық меншікте – 102,5шқ. электр желісі мен 159 трансформатор. «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-і меншігінде – 1132,9шқ. электр желісі мен 372 трансформатор бар. Қала халқын электр энергиясымен қамту бүгінде 99,9%-ды құрап отыр. Есепті мерзімде қала аумағының Сауран, Иассы, Шавгар, Бекзат, Отырар мөлтек ауданының сапалы электр қуатымен қамтылмаған және жаңадан қоныстанған аумақтарын заманауи талапқа сай электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында 4 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда «Иассы, Шавгар м/а және ХҚТУ тұрғын үй массивін электрмен қамтамасыз ету құрылысы» (2021 жылға бөлінген қаржы 200,0 млн. теңге, жоба құны 425,1 млн теңге, 43,6 шақырым, 1242 отбасы, 15 трансформатор орнатылады және Нарбаев, Н.Төреқұлов, Сырғақ батыр, Қалдыбай хан, Жиембет батыр, Исламов, Диметов, Жұлдыз, Өркениет, Жас қазақ, Атамекен, Ынтымақ және № 3,4 қиылыс көшелерін қамтиды). Жоба 70 пайызға орындалды. «Жангельдин көшесі аумағын электрмен қамтамасыз ету құрылысы» (жоба құны 381,7 млн теңге, 31,7 шақырым, 1332 отбасы, 11 трансформатор орнатылады және Желтоқсан, Дүйсенбаева, Ер Төстік, Жангельдин, Асылбеков, Марайым, Жандосов және №236, 237, 238, 239 көшелерін қамтиды). Қазіргі таңда, трансформаторларды орнатып, жеке тұрғын үйлерге қосу жұмыстары жүргізілуде. Түркістан қаласы Диметов көшесі тұрғын ауданын электрмен жабдықтау құрылысы» (2022 жылға бөлінген қаржы 89,00 млн теңге, жоба құны 89,00 млн теңге). Құрылыс 50 пайызға орындалды.
Сонымен қатар, қала аумағының орталық көшелерінде кабель желілерін салу бойынша 4 жоба құрылсы жүргізілуде. Олардың қатарында «Түркістан қаласының Байбурт, С.Қожанов көшелерінде 10-0,4 кВ кабель желілерін салу құрылысы» (2021 жылға бөлінген қаржы 341,5 млн теңге, жоба құны 572,4 млн теңге). Құрылыс 80 пайызға орындалды. «Түркістан облысы, Түркістан қаласының Б.Саттарханов даңғылы, Кенесары көшесінің бойында, 1-2 мөлтек аудандарында, ОТП-3-те 10-0,4кВ кабель желілерін салу құрылысы» нысан бойынша 10 кВ -8,406 шқ. 0,4 кВ - 15,731 шқ.; (2022 жылға бөлінген қаржы 800 000 млн теңге, жоба құны 1 560 863 млн теңге). Құрылыс 80 пайызға орындалды. Қазіргі таңда қазылған орындарды қайта қалпына келтіру (асфальт, брусчатка, көму,т.б) жұмыстары жүргізілуде.
Енді бір маңызды сала оетінде жылу беру маусымы кезінде Түркістан қаласындағы 10 жылу қазандықтары арқылы, 1-2 мөлтек ауданы және Әкімшілік іскерлік аумағындағы тұрғын үйлер, тарихи мәдени орталықтағы мекемелерді және «Отырар» мөлтек ауданындағы көпқабатты үйлерді орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етеміз. Жылу энергиясын Түркістан қаласы бойынша жалпы 6 516 абонент тұтынады.
Тұтастай алып айтқанда қала бойынша 10 қазандық бар болып, 100% табиғи газбен қамтамасыз етілген. Сонымен бірге 22,3 шқ. магистарльді желі болса, 71,6 шқ. ішкі орамдық жылу желілері бар. Жылу желілерін шаю жұмыстары жүргізілген, жылу маусымына толық дайын. Қала аумағында орталықтандырылған жылу жүйесімен қамтамасыз ететін «Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны.Жалпы штаты 124 адам, орташа жалақысы -72 700 тенге. 2021 жылдың 22 қазанында Түркістан қаласы бойынша жылу беру маусымы басталып, 2022 жылы 31 наурызда тоқтатылған болатын. Жылу беру маусымы 160 күнді құрады.
2021-2022 жылдарға жылу тарифі – 93,24 теңгені құрады, (табиғи газдың тарифі 1 м3 газ – жеке тұлға 28,25 , заңды тұлға – 35,76 теңге). Жылу беру маусымында кәсіпорын шығысы 405 218,6 мың теңге, оның ішінде қалалық бюджеттен 225,0 млн.теңге бөлініп пайдаланған табиғи газға төлем жасалды. Биылғы жылу беру маусымында жылу қазандықтары толығымен табиғи газды пайдаланатын болады. Табиғи газбен қамтамасыз ететін «ҚазТрансГазАймақ» акционерлік қоғамымен келісім шарттар жасалған. Жылу энергиясының тарифтік көрсеткіші дифференцировандық түрде жылу пайдаланушыларға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бұйрығымен бекітілген. Бағалары бойынша тұрғындарға 92,46 тенге/м2, бюджеттік мекемелерге - 6 856,33 тенге/Гкал, заңды тұлғаларға 4442,23 тенге/Гкал болып бекітілген. Армен қарай нақтылай кетер болсақ шаһардағы жалпы 93 бюджеттік мекемелер, 59 мектеппен балабақшалар бар. Енді осының барлығы 2022-2023 жылдардың жылу беру маусымына толықтай дайын. Соның ішінде қалада 34 мектеп болса, орталықтандырылған жылу жүйесімен 4 мектеп қамтылған, 29 мектеп табиғи газға қосылған,1 мектеп апатты деп танылған. Ал, 20 балабақшаның, 2 балабақшасы орталықтандырылған жылу жүйесімен қамтылған, 16 балабақша табиғи газға қосылған, 2 балабақшаны табиғи газға қосу жұмыстары жүргізілуде. 2 университеттің, 1 орталықтандырылған жылу жүйесімен қамтылған, 1 табиғи газға қосылған; 6 Колледждің біреуі орталықтандырылған жылу жүйесімен қамтылған, бесеуі табиғи газға қосылған. Денсаулық сақтау саласы бойынша 14 мекеме бар. Олардың арасында нақты 8 мекеме табиғи газбен қамтылған. 2 мекеме орталықтандырылған жылу жүйесімен қамтамасыз етілген. Сонмен бірге төрт мекеме көмірмен жылынады. Газға өту жұмыстары толық аяқталған. Газды қосу жұмыстары жүргізілуде.
Мәдениет, спорт саласындағы нысандар18 болып табылады. олардың ішінде 12 мекеме табиғи газбен, 2 мекеме орталықтандырылған жылу жүйесімен, 1 мекеме электр энергиясымен, 4 мекеме көмірмен жылынады.
Жұмыспен қамтуды үйлестіру (Әлеуметтік) саласындағы 2 нысан бар. Оның ішінде 1 мекеме орталықтандырылған жылу жүйесімен қамтылған, 2022-2023 жылдардағы жылыту маусымына бір нысан («Түркістан арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» МКК) табиғи газға өту жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар Түркістан қаласында жалпы 40 579 абонент болса, соның 38 646 яғни 95,2%-ы табиғи газбен қамтамасыз етілген (жеке тұрғын үйлер 39 937 абонент, газбен қамтылған 38 060, 95,3%). Газдың тарифі жекеменшік тұлғаға 1 м3 – 32,6 теңге,заңды тұлғаға 1м3 – 36,97 теңге
Ал, табиғи газға қосылмаған жеке тұрғындармен нысандарға 2022-2023 жылдардың жылу беру маусымына шамамен 21 000 тонна Шұбаркөл көмірі қажет деп жоспарлануда (қазіргі бағасы отынбазасында 1 тонна көмір - 14 800 теңгені құрап отыр). Бүгіні таңға қаладағы көмір базаларына 40 000 тонна көмір тасымалдаған. Түркістан қаласы бойынша 38 820 абонент ішінде 37 655 абонент ауыз сумен қамтамасыз етілген.
Бүгінгі таңға Кентау қаласындағы Біресек су кен орынынан 600 диаметрлік трубамен сағатына 1590 м3/сағ және Мырғалымсай ескі кен орнынан 800 диаметрлік құбырымен сағатына 3200 м3/сағ мүмкіндігімен қарастырылса, Шобанақ елді мекеніндегі 40 мың м3 резервуарға және Б.Майлина көшесі аумағында орналасқан 16 мың м3 су жинау резервуарына құйылып, су жинақталып, халыққа жеткізілуде.
Бұдан бөлек, жаз айларында Түркістан-Су мекемесінің меншігіндегі 21 су ұңғымасы арқылы және Арыс теміржолы ЖШС-нің меншігіндегі 14 су ұңғымасы арқылы қала ауыз сумен қамтамасыз етілуде.
2023 жылы 5 (Яссы және Шавгар, Мақтазауыт, Н.Тореқұлов, Орталық су қойма 5000 м3, 1,2 мөлтек аудандар.) нысанның құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Жалпы сметалық құны 5 084,5 млн.тг.
Жалпы 5 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталған кезде 13961 абонент сапалы ауыз су жүйесімен қамтамасыз етіледі. Қаланың таза сумен қамтамасыз ету 98,5%-ы құрап отыр. «Жаңадан қоныстанған аумақтарды ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету құрылысы» жалпы сметалық құны 789,4 млн.тг, 2022 жылға қаралған қаржы 80 млн.тг. Қажетті қаржы 709,4 млн.тг.
Түркістан қаласында қуаттылығы тәулігіне 20 мың м3 сарқынды су тазарту имараты бар. Қабылданып жатқан сарқынды су көлемі тәулігіне 4500 м3.
Сонымен қатар, 127 шақырым сарқынды су жүйесі, 27 дана КНС бар. Түркістан қаласы бойынша орталықтандырылған сарқынды су жүйесімен қамтылу көрсеткіші 32,2 пайызды құрап, 12297 абонет пайдалануда.
Түркістан қаласын толық сарқынды су жүйесімен қамтамасыз ету үшін 15 нысанға бөлінген. Оның ішінде 3 нысан (Тұран-1, Отырар-1, Отырар ықшам ауданындағы көп қабатты тұрғын алаптан №21 канализациялық сорғы станциясына дейін ағын сулардың магистральды жүйесін салу) құрылыс жұмыстары аяқталып пайдалануға тапсырылған.
Қазіргі таңда, 20,7 млрд. теңгені құрайтын 6 нысанның (Бірлік, Ортақ-1, Тұран-2, Бекзат, Отырар-2, Яссы және Ыждыхат) құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, республикалық бюджетке 4 нысан (Түркістан-Қызылорда тұрғын үй массиві, Алтын Шаршы, Ортақ-2, Яссы және Ыждыхат 2-кезең. ) қаржыландыруға ұсынылып, 2 нысанның (Ортақ-3 және Баянауыл аумағы) ЖСҚ рәсімделуде.
Нәтижесінде 2025 жылы қала тұрғындары сапалы сарқынды су жүйесімен 95% қамтамасыз етіледі.