Елімізде 20 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді. Осы орайда, Түркістанда сайлаушылар тізімінің дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында https://tur.saylaw.kz/ сайтын іске қосылды.
Өңір тұрғындары https://tur.saylaw.kz/ сайтына кіріп, өзінің жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізе отырып, қай сайлау учаскесінен дауыс беретінін, сондай-ақ сол сайлау учаскесінің қай мекен-жайда орналасқанын біле алады.
Қосымша сұрақтар болған жағдайда, 109 (қоңырау шалу тегін) Call-орталығына кез келген уақытта тәулік бойы хабарлассаңыз болады.
Егер, сіз өзіңізді сайлау учаскеңізді таппасаңыз, сайтта көрсетілген аудан, қалалардағы сайлауға жауапты тұлғалардың байланыс телефондарына хабарласып, қажетті ақпарат ала аласыз.
Сайлауға қатысу – әр қазақстандықтың азаматтық борышы. Осы ретте, облыс тұрғындарын сайлауға барып дауыс беруге, азаматтық белсенділік танытуға шақырамыз!