Уфалық инвестор Түркістанда өз жобасын жүзеге асыруға ниет білдірді

image.png

Уфалық инвестор Түркістанда өз жобасын жүзеге асыруға ниет білдірді  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік инвестициялар Қазақстан дамуының негізгі факторларының біріне айналғанын, сондықтан еліміз инвестициялық ахуалды жақсартуға ерекше көңіл бөлетінін Жолдауларында ұдайы айтып келеді. «Бұл саладағы жүйелі әрі жан-жақты жұмыстар бізді Орталық Азиядағы ең ірі, посткеңестік кеңістікте жылдам дамып келе жатқан экономикалардың біріне айналдырды. Тәуелсіздік жылдары шетелден 370 миллиард доллардан астам тікелей инвестиция тарттық. Мемлекет инвесторларды барлық жағынан қолдауға басымдық береді. Біз әрбір инвесторды жеке әрі кешенді қолдау қағидатын енгіздік», – деген Президент шетелдік инвесторларға барынша қолайлы жағдай жасау керектігін тапсырған болатын.     

Даму кезеңінде тұрған Түркістан қаласында қазіргі таңда әр салаға инвестиция тарту жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Жақында Түркістанға арнайы сапармен Уфа қаласында орналасқан "OPTIMED" лазерлік көруді қалпына келтіру орталығының профессоры Булат Азнабаев  келген болатын. Шетелдік инвестор сапар барысында шаһардың инвестициялық әлеуетімен танысты. Жоғары дәрежелі офтальмохирург-дәрігерге  басшылар мен  "Turkistan invest" агентігінің өкілдері облыс орталығындағы арнайы экономикалық және индустриалдық аймақ территориясын көрсетті. Кездесу барысында сала мамандары инвесторларға берілетін жеңілдіктермен таныстырды. Көз дәрігері Булат Маратұлының айтуынша, бүгінде лазерлік ота арқылы көру қабілетін қалпына келтіру бағытында қызмет көрсететін көз клиникаларына деген сұраныс жоғары. Сондықтан, орталыққа келетін қазақстандық емделушілердің көптігіне байланысты Қазақстанның бірнеше аймағынан көз клиникасын ашуды жоспарлап отырғанын айтты. 

Айта кетейік,  Түркістан қаласында 2019 жылы «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы құрылған. Ол 6 қосалқы аймақтан тұрады. Атап айтқанда, тарихи орталық, әкімшілік-іскерлік орталық, өнеркәсіптік аймақтар мен әуежай аймағы. «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағында жалпы сомасы 771,1 миллиард теңгеге 91 жобаларды жүзеге асыру бойынша шартқа қол қойылған. Оның ішінде 74 жоба қала құрылысы бойынша іске асырылуда. Жаңа өнеркәсіп орындары іске қосылып, 2 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылды. Барлық жобалар іске асырылғанда тағы 8 мыңдай жаңа жұмыс орны құрылады. Биыл 900 миллион теңгені құрайтын 3 кәсіпорын жыл соңына дейін іске қосылады. Олар - «Асфальт бетон», «Газоблок», «Газобетон» зауыттары.  Қазіргі таңда 365 гектар өнеркәсіптік аймағының инфрақұрылым жүйелерінің І және ІІІ кезеңдерінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта арнайы экономикалық аймаққа ірі инвесторларды тарту көзделіп отыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер