«Жасыл Қазақстан» – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауда айтқан тапсырмасына сәйкес әзірленген Ұлттық жоба. Осы арқылы еліміздегі экологиялық жағдайды жақсартып, халыққа қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру көзделіп отыр.
«Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы 7 негізгі бөлімнен тұрады: су нысандарын сауықтыру, ауаның ластану деңгейін төмендету, қалдықтарды басқару, биоалуантүрлілікті сақтау, елді көгалдандыру, энергия тиімділігі, экологиялық білім және экологиялық мәдениетті арттыру. Экоқұрылым мен мәдениет деңгейін арттыру жөніндегі бағыт ұлттық жобаның базалық бағыты саналатындықтан табиғатты қорғау және экологиялық сақтау іс-шаралары мен саясатын жүргізуге елімізде аса мән беріліп келеді. Түркістан қаласы да ұлттық жоба аясында ұйымдастырылып жатқан экологиялық шаралардан тыс қалып жатқан жоқ.
«Өзінен кейін қоқыс тастама». Жақында ғана дәл осы ұранмен елімізде жанашыр, белсенді студенттердің бастамасымен «EcoStudentKZ» челленджі бастау алды. Ізгі бастама Қазақстанның 8 өңірін қамтымақ. Оны бірінші болып Шымкенттік белсенді жастар қолға алды.
Эстафетаны жалғастырған Түркістан қаласының жастары шаһарды қоқыс-қалдықтан тазартып, айналадағы жерге түскен жапырақтарды жинап, «эко - плоггинг» өткізді. Сондай-ақ жастар қаланың «өкпесіне» айналған ботаникалық бақта тазалық жұмыстарын жүргізді.
«EcoStudentKZ» республикалық қозғалысын бастап жатырмыз. Бұл жоба студенттердің экологиялық санасын қалыптастыруға, қаламыздың тазалығын сақтауға үлесін қосуға бағытталған жоба болып саналады. Біздің бұл бастамамыз арқылы студенттер қаласын танып, білімпаздардың шаһардың тазалығына , экологиялық ахуалына деген жауапкершілігін арттырады деген сенімдеміз. Қазақстан тұрғындарына айтарымыз - өзің отырған жерге қоқыс тастама, таза ұста. Осы челлендж арқылы отанымызға, табиғатқа, экологияға деген сүйіспеншілігімізді танытайық!»,- дейді ерікті Нұрайым Қуандық.
Челленджге 100-ден аса студенттер, еркітілер мен белсенді жастар қатысты. Белсенді жастар табиғатты таза ұстауды – әркім өзінен бастауы керек, - дейді. «Жалпы экожүйе, экосана, экотазалық туралы менің ойым Қазақстанда болсын, өзіміздің өмір сүріп жатқан аймақта болсын әр адам жеке өзінше таза ұстауға мінетті. Бұл оны өзімінің адамдық мінетім деп қабылдауы керек. Сол үшін біз осы челленджі бастадық. Қазір өзге де студенттермен бірге тазалық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Мен осы жобаға қатысып жатқаныма өте қуаныштымын. Әр апта сайын осы істі жасауға қуана келісемін. Жобаның негізгі мақсаты экологиялық мәдениетті жастар арасында қалыптастыру, насихаттау болып табылады. Айналамыз таза болса адамдардың өмір салты да сәнді болмақ »,- дейді Түркістан қаласындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің екінші курс студенті Ботагөз Қолқанат.
Іске іріспес бұрын жастар аумақты суретке түсіріп, кейіннен тазаланған кейпін тағы түсіріп немесе креативті бейнебаянға түсіріп, «EcoStudentKZ» хэштегімен әлемуеттік желілерге жариялады. Мұндағы мақсат: өзге жастардың да қоршаған ортаға деген жанашырлығын оятып, үлгі көрсету.
Келесі кезекте түркістандық студенттер эстафетаны Тараз қаласына жолдады. Биыл басталған бастама бұдан кейін де дәстүрге айналмақ.
Астана, Алматы, Павлодар, Семей секілді өңірлерді қамтитын жобаның мақсаты: табиғатты таза ұстау, жастардың экологиялық санасын кеңейту, қоршаған ортаны қорғап, оған жанашыр болу, табиғаттың алдында жауапкершілікті сезіну болып табылады.