Әлеуметтік көмектің көмегі көп

image.png

Әлеуметтік жағдайы арқылы қай елдің болмасын бет-бейнесін көруге болады. Сондай­-ақ, еліндегі жүргізілетін саясаттың қандай екенін де білдіртеді. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін өз алдына «әлеуметтік бағдар ұстанған, нарықтық экономикасы бар қуатты егеменді мемлекет құру» міндетін қойды және ол жаңа қоғамдық қатынастардың қалыптасуына негіз болды. Тәуелсіздік алған 30 жыл ішін­де біз әлеуметтік даму арқылы орасан зор жолдан өттік. Алғашқы жылдары бұл жол кедей­лік пен жұмыссыздық про­б­ле­маларының шиеленісуімен ерек­­шеленді. Мемлекеттік ресурс­тардың тапшылығынан әлеуметтік қорғауға жұмсалатын қаражат жетіспеді. Әлеуметтік төлемдерді алу­шылар саны төмендеп, әлеу­мет­тік жәрдемақылардың нақ­ты мөл­шері азайды. Алайда күрделі жағдайларға қара­мастан халықтың өмір сүру дең­гейінің төмендеуіне жол бермеу және оларды әлеуметтік тұрғыдан қолдау бойынша бірқатар шара қабылданды, ұзақ мерзімді әлеу­меттік басымдықтар қалыптасты. Қазақ­стан Республикасының Конс­ти­туциясы Қазақстанды әлеумет­тік мемлекет деп жариялады.

Барлық қазақстандықтың ден­сау­лығы, білімі және әл-ауқаты­ның өсуі – «Қазақстан-2030» Стра­те­гиясының ұзақ мерзімді негізгі ба­сымдықтарының бірі ретінде ай­қындалды. Өмір сүру сапасын жақ­сарту, ең алдымен, халықты әлеу­­меттік қорғаудың тиісті моде­лін құруды талап етті. Сол кез­дің өзінде, яғни республика экономи­касы­ның қалыптасуының күрделі кезеңін­де еліміздің Тұңғыш Прези­дент – Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев: «Бізге шұғыл түрде Әлеумет­тік саясаттың біртұтас тұжырым­дамасы қажет», деп мәлімдеген болатын.

Еліміз­дің Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал сая­сатының арқасында қол жеткі­зіл­ген республикадағы жетістіктер бү­гінде қазақстандық қоғам өмірі­нің көрсеткіштері болып табылады. Осы жылдар ішінде жүргізілген реформалар өтпелі кезеңнің қо­лай­сыз салдарларын еңсеруге мүм­кіндік берді және негізгі мақс­аты ха­лықтың материалдық әл-ау­қа­тын жақсарту болып табылатын ауқым­ды әлеуметтік реформаларға көшу­дің базисін жасады.

«Атаулы әлеуметтік көмектің бірыңғай жүйесін құру азаматтардың әл-ауқатын жақсарту ісіндегі маңызды қадамның бірі болмақ» деген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халыққа арнаған жыл сайынғы Жолдауларындахалықтың әлеуметтік мәселесін көтеруге басымдық беріп келеді. Әсіресе көп балалы отбасыларға, тұрмысы мен табыс көзі төмен, мүгедектігі бар және мүмкіндігі шектеулі балаларды асырап отырған отбасыларға мемлекеттен ұдайы көмек беріліп келеді.

Мамандардың айтуынша жыл басынан бері, Түркістан қаласында 3986 балаға кепілдендірілген әлеуметтік топтама берілген.

Жалпы, КӘТ – елімізде аз қамтылған отбасындағы балаларды әлеуметтік қорғау бағытында жүзеге асқан жобалардың бірі.

Кепілдендірілген әлеуметтік пакет – бұл Қазақстан Республикасы Үкіметі 1 жастан 18 жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған отбасының әрбір баласына белгіленген көмек түрі.

Көмек пакеті шартсыз немесе шартты ақшалай көмек алатын тұрмысы төмен отбасыларға тағайындалады.

Егер осындай отбасыларда бір жастан алты жасқа дейінгі балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакет – Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде қол жетімді болса.

Алты жастан он сегіз жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға кепілдендірілген әлеуметтік пакет тиісті оқу жылы алдында беріледі.

1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған кепілдендірілген әлеуметтік көмек ай сайын азық-түлік жиынтығы, тоқсан сайын тұрмыстық химия тауарларының жиынтығы түрінде ұсынылады.

Азық-түлік тізімі Үкіметтің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 1032 қаулысымен бекітілген және осы жастағы балалардың физиологиялық ерекшеліктерін, тағамдық және энергетикалық құндылығы ескеріле отырып құрылған.

Әлеуметтік көмектің құрамына анемия, рахит, дисбактериоздың алдын алу үшін кальций және басқа микроэлементтермен байытылған дәрумендері, пробиотиктері бар әртүрлі (сүт, көкөніс, жеміс) өнімдер бекітілген.

Орта білім беру ұйымдарында оқитын 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған кепілдендірілген әлеуметтік пакетке:

1) мектеп формасы немесе спорттық киім, мектеп құралдары жиынтығы;

2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нормаларға сәйкес оқу жылы кезеңінде оқу орнында (оқу күндері) күнделікті бір рет ыстық тамақ;

3) қоғамдық көлікте (таксиден басқа) билеттің толық құнының 50 пайызынан кем емес мөлшерде жеңілдікпен жол жүруі кірген.

Сондай-ақ салаға жауапты мамандардың айтуынша қаладағы аз қамтылған азаматтарға 3 727 отбасыға 1144,8 миллион  теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді.Атаулы көмек алатын отбасыларға, 3927 балаға азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтықтары бар себет берілген.

Халықты жұмыспен қамту, аз қамтамасыз етілген және мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау жүйелі атқарылуда. Ұлттық жобаның «Еңбек» бағыты бойынша 6 912 адам жұмыспен қамтылды

Түркістан қаласында 4 Ұлы Отан соғысы  ардагеріне 1 миллион теңгеден және 409 тыл еңбеккерлеріне 30 мың теңгеден қаржылай көмек төленді.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жүйелі түрде әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылуда. Биылғы жылы 9 айында 3716 астам мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсетілді: 380 адам протездік-ортопедиялық құралдармен, 400 сурдо – тифлотехникалық құралдармен, 285 адам қол арбамен, 304 адам жеке көмекшілер қызметімен, 541 адам шипажайға жолдамалармен, 198 адам инватакси қызметімен, 13 адам әлеуметтік такси қызметімен қамтылды.

Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы 3 бағытта жұмыс атқаруда:

1.Тең қоғам;

2.Белсенді ұзақ өмір;

3.Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Отаншылдық та өз еліңе, өз жеріңе, өз тарихыңа деген сыйластықтықтан басталады
  • Әйелін ұрып, баласын жылатқанды заң басынан сипай қоймайды
  • Адамдардың құқықтық сауаттылығын арттыру қажет
  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер