Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында:
-Қазір – ғаламтор дәуірі. Ондағы бей-берекет ақпарат тасқыны ұрпақтың санасын улап жатыр. Бір сәттік танымалдықты көксейтін тамырсыз идеялар жаппай белең алуда. Бұл – аса қатерлі үрдіс.
Дәл осы кезеңде ұлт зиялыларының ұстанымы және белсенділігі айрықша маңызды. Зиялылардың еңбегі марапатымен емес, салиқалы сөзімен және нақты ісімен бағаланады. Басты міндет – жалпы адамзатқа ортақ қастерлі құндылықтарды жастардың бойына сіңіру.
Отаншылдық, білімге құштарлық пен еңбекқорлық, бірлік пен жауапкершілік сияқты қасиеттер дәріптелуі керек. Сондықтан, зиялы қауымды ел болашағына әсер ететін әрбір мәселеден шет қалмауға шақырамын. Диалог пен азаматтық қатысу дәстүрін дамыту, ынтымақтастығымыз бен бірлігімізге негіз болатын озық құндылықтарды дәріптеу біз үшін маңызды. Біз бірге болсақ қана, теңдессіз елдік бірегейлігімізді нығайта аламыз,-деген болатын.
Жастар қоғамдағы негізгі қозғаушы күш. Өйткені жаңашылдық, заманауи тілмен айтқанда креативті ойлау жастардан бастау алады. «Ерім дейтін елі болмаса, елім дейтін ер қайдан болсын» демекші, қазіргі жаһандық бәсекелестік заманда жастарға қолдау көрсету аса маңызды. Оның болашақта берер жемісі мол болмақ.
Осы орайда Түркістан қалалық әкімдігінде Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы "Қоғамдық келісім" КММ-нің басшысының орынбасары Ерназар Баетов, облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Садықова, облыстық Дін істері басқармасының бөлім басшысы Ғани Байсариев және бас маманы Жандос Әсілбек, облыстық Кәсіпкерлік және сауда басқармасының өкілі Самат Көшкінбай, облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, облыстық Мәдениет басқармаларының өкілдері мен облыстық, қалалық Жастар ресурстық орталығының жастары мен, студент жастардың қатысуымен жиын өтті.
Жиын барысында бірқатар мазмұнды сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар берілді.
Атап айтқанда, «Сырттай оқу білім жүйесі қашан ашылады?», «Қазіргі таңда қаламыздағы жастар арасында (құрлысшы, дәнекерлеуші, механик, электрик, сәулетші, инженер т/б) елеусіз болып қалған мамандықтарын оқуға немесе сол мамандықтарды игеруге жастардың құлшынысын қалай арттыруға болады?» «Бұл саладағы мамандардың жетіспеуі жалақыға байланысты ма?», «Биылғы 1 қыркүйектегі Президент жолдауындағы 2.3% пайыздық несие туралы және оның тиімділігі мен бағыты қандай болмақ?», «ҰБТ тапсырмай, шетелдік университеттерге грантқа оқуға түсу мүмкіншіліктер мен ғылыми ағартушылық жұмыстар түсіндірме жұмыстары қаншалықты деңгейде өтуде?», «Жастар арасында кәсіпкерлікпен айналысу үшін мемлекет тарапынан қандай қолдаулар көрсетілуде?», «Мектепті бітіруші түлектерге профорентациялық кеңес беру жұмыстарының деңгейі қалай жүргізіледі?» «Неге көптеген мектеп бітіруші түлектер өздері қаламаған мамандықты оқуға мәжбүр?», «Жоғары оқу орнынан кейін жастар өз мамандығымен қаншалықты жұмысқа орналасып жатыр?» «Бұл мәселе бойынша қазіргі жастар арасындағы жұмыссыздықты жоюдың бірден-бір себебі болып табыла алады ма?», «Алдағы уақытта діни сауаттылықты арттыруға көбірек көңіл бөлінсе. Дінге енді ғана бет бұрған жастар дін саласын дұрыс түсінбегендіктен басқа ағымның жетегінде кетпеудің қандай тиімді жолдары бар?» - деген мазмұнды сұрақтарға тиісті сала мамандарынан тұшымды жауаптар мен шешілу жолдары бойынша кеңестер беріліп, жастардың ұсыныс пікірлері назарға алынды.
Жиынды қорытындылаған модератор Ерназар Көпжасарұлы аудан, қалаларда жастарға білім беру, жұмысқа орналасу және кәсіпкерлік мәселелері бойынша ақпарат және кеңес беру жұмыстары жалғаcатынын жеткізді.