Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы жариялаған «СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ»атты Жолдауында: «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту санаға сіңген патерналистік пиғыл мен масылдықтан арылуға мүмкіндік береді. Сондықтан мемлекет алдағы уақытта да бизнеске қолдау көрсете береді. Бұл мақсатқа Ұлттық қордан 100 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді. Бірақ сарапшылардың пікірінше, қаржылай қолдаудың игілігін жергілікті билікпен байланысы бар шаруашылықтар ғана көріп отыр. Шын мәнісінде, жаңа жобалар бойынша компаниялар құрылып, жұмыс орындары ашылуы керек еді. Бұл «қарапайым заттардың экономикасына» тікелей байланысты. Бірақ, жергілікті әкімдер ұйымдастыру жұмыстарын талапқа сай орындамаған. Соның салдарынан салық және зейнетақы төлемдерін арттырып, жергілікті бюджетті нығайтуға жағдай жасалып отырған жоқ. Осыған орай, Есеп комитетіне және Қаржы министрлігіне қаражаттың жұмсалуын қатаң бақылауға алуды тапсырамын. Елімізде кәсіпкерлікті дамытудың үлгі боларлық мысалдары жеткілікті. Біз шағын кәсіпкерлікті бүкіл қоғам болып қолдауымыз керек,-деген болатын.
Бүгінде кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетіліп, көптеген бағдарламалардың қолданысқа еніп, кәсіп иелерінің игілігіне жаратылып жатқаны белгілі. Мұның барлығы өнеркәсіп, шағын және орта бизнес, бөлшек сауда, ауыл шаруашылығы саласында жемісін беруде. Осы орайда қала бойынша кәсіпкерлік саласының жағдайын білу мақсатында Түркістан қаласы әкімдігінің Бизнесті қолдау және туризм бөлімінің басшысы Талғат Қыдырбаев мырзамен тілдескен едік.
– Бизнесті қолдау жөніндегі атқарылған жұмыстарға тоқтала кетсеңіз.
– Ия, кәсіптің керегесін кеңейтіп, көзін табам деушілерге бүгінде мол мүмкіндіктер берілген. Қазіргі таңда өнеркәсіпте, шағын және орта бизнес түрлерінде жетістіктерге жетіп жатқан азаматтар аз емес. Келтіргелі отырған көрсеткіштер осының дәлелі. Нақтырақ айта кетсек, өнеркәсіп саласында 2022 жылдың қаңтар-шілде айларында 10332,8 млн.теңгенiң өнімі өндіріліп, 2021 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда (8813,5) өсім 1,1 % құраса, өнеркәсіптің басымды саласы өндеу өнеркәсібінде 6151,1 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, 2021 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда (5621,8) 109,4 %-ды құрап өсім беріп отыр. Электрмен жабдықтау, газ, бу беру көлемi 3293,9 млн.теңгенi құрап, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырған (2851,8) 115,5 пайызға артты.
Осылайша өнеркәсіп өнімі бойынша қаланың облыс көлеміндегі үлесі 2,9 пайызды құрап, қала-аудандар бойынша 4 орынды иеленіп отырған жайымыз бар.
Үдемелi индустриалды-инновациялық даму жөнінен 2022 жылдың ІІ тоқсандығы бойынша индустриалды аймақтың қатысушылары 1,01 млрд. теңгеге өнім өндіріп, 110 млн. теңгеге салық төледі. Нәтижесінде 2022 жылы индустриалды аймаққа құны 3 млрд.теңге болатын және 166 жаңа жұмыс орнын құратын 4 жоба тартылып, Өңірлік Үйлестіру Кеңесінің оң қорытындысына қол жеткізді. Айта кетсек, олар:
1.«Ali Construction Group»ЖШС – 890 млн.тг., 29 жұмыс орны, темірбетон бұйымдарын жасау жобасы.
2.«TECHTRONIC STROY»ЖШС – 500 млн.тг., 20 жұмыс орны, темірбетон бұйымдарын жасау жобасы.
3.«Гүлзада»ЖК – 100 млн.тг., 20 жұмыс орны, темір және ағаштан есіктер жасау жобасы.
4.«Бозарық АБЗ»ЖШС – 1500 млн.тг., 100 жұмыс орны, асфальтты бетон сұйығын жасау жобасы.
Осы аталған жобалар жоғарыда аталған көптеген жаңа жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізбек.
Келесі жоба – 2022 жылы жоспар бойынша құны 810 млн.теңге және 54 жұмыс орнын құрайтын 3 жоба 2022 жылы іске қосу жоспарланған болатын.
1.«Баянды Құрылыс» ЖШС – 593 млн.тг., 28 жұмыс орны;
2.«Оспан» ЖК – 100 млн.тг., 6 жұмыс орны;
3.«EuroBlock Production» – 113,8 млн.тг., 20 жұмыс орны;
Аталған кәсіпорындар ішінен «Баянды Құрылыс» ЖШС іске қосылып 31 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
-Түркістан облыс орталығы, қала берді туристердің қаласы атанғалы шағын кәсіпкерлік өркендеп жатыр. Осы орайда шағын және орта кәсіпкерлік саласына тоқтала кетсеңіз.
- Шағын және орта бизнеске келсек, 2022 жылдың қаңтар-шілде айында шағын және орта кәсiпкерлiкпен айналысатын 14500 субъект тiркелiп, оның iшiнде жұмыс iстеп тұрған белсендi субъектiлерiнiң саны 14155 немесе 97,6 пайызды құраған. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (11352) 1,2 есеге артты. Жұмыспен қамтылған адам саны 29628, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (29128) 1,0 есеге артып отыр. Өнiм көлемi (жұмыс, қызмет) 127,8 млрд теңге, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (97,2) 1,3 есеге артты, бюджетке төленген салық көлемі 11,6 млрд. тенгені құрады, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,853 млн теңгені құрап 1,4 есеге артты.
Белсенді шағын және орта кәсіпкерлік субьектілердің толық статистикалық есептілік тапсыруын қамтамасыз ету, олармен төленетін міндетті төлемдерінің өтелуін қадағалау бойынша статистика басқармасымен бірлесіп жұмыстар атқарылуда.
-Бизнесті қаржыландыру саласында не жаңалық?
-Кәсіпкерлерді аз пайызбен несиелендіру бойынша 2022 жылдың қаңтар-шілде айында «Ырыс» микроқаржы ұйымы ЖШС-і 198,5 млн.теңгені құрайтын 16 жобаны қаржыландырды. Сонымен қатар, екінші деңгейлі банктерден «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында «Рахымжан» жеке кәсіпкерлігі «Forte bank» ұйымынан 100 млн теңге көлемінде несие алып, жыл соңына дейін 90 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда және осы бағдарлама аясында 11 жоба 662 млн теңгеге субсидияланып, 6 жоба 60 млн теңгеге кепілдендірілгенін айрықша атап өткім келеді.
Алдағы уақытта «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2025 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы» аясында «Ырыс» микроқаржы ұйымының Түркістан қаласына бөлінген қаражат есебінен басым бөлігі туризм саласындағы жобаларға қолдаулар көрсетілуі жоспарланып отыр.
Сондай-ақ қаланың экономикалық даму көрсеткіштерінің бірі – сауда-саттық қызметі екенін барлығыңыз жақсы білесіздер. Есепті мерзімде бөлшек сауда көрсеткіші 25469 млн. теңгеге орындалып, нақты көлем индексі 113,6 пайызды құрады. Тауарларды өткізу көлемі бойынша қаланың облыс көлеміндегі үлесі 3,8-ді құрап, өзге қала мен аудандар арасында 1 орынды иеленіп отыр.
-Түркістанға тартылып жатқан инвестицияға да тоқтала кетсеңіз.
-Негізгі капиталға тартылған инвестиция 114069,2 млн. теңгені құрап, 2021 (100187,9) жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда өсім 1,1 пайызға өсіп, 113,8 пайызды құрады. Қала мен аудандар арасында 11 орыннан көрінуде.
Оның ішінде республикалық бюджеттен 34194,2 млн.теңгені, жергілікті бюджеттен 40,280,5 млн.теңгені және өз қаржысы есебінен 28450,0, банктерден 8299,1, басқа да қарыз қаражаты есебінен 2845,4 млн.теңгені құрайды. Бұл көрсеткіш бойынша облыстың инвестиция көлемінің 110,0 пайызын құрап, аудан мен қалалар бойынша 11 орында тұрғанын атап өткім келеді.
Ауыл шаруашылығы саласына тоқтала кетсек, аталмыш салада 2666,8 млн. теңгенiң өнiмi өндiрiлiп, өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 92,5 пайызды құрады.
Оның ішінде өсімдік шаруашылығы жалпы өнімі 2022 жылдың қаңтар-шілде айына 1077,5 млн.теңге болса, мал шаруашылығы өндірісінде 1513,9 млн теңгені құрады.
Міне, осы аталған көрсеткіштер тиісті бағдарламалардың тиімділігін, сондай-ақ кәсіпкерлеріміздің бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын фактілер.
– Кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлерге әрине қызығасың, олардан көп нәрсені үйренуге тиіспіз. Десе де, биылғы жылғы қымбатшылық қарапайым халықтың қалтасын қағып, бағаның шарықтауы ешкімге оңай тимегені анық. Осы бағаны тұрақтандыруда қандай-да шаралар қолдандыңыздар ма?
– Ия, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру жөнінде Түркістан қаласы әкімдігі Е-Өтініш бірыңғай ақпараттық жүйесіне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларының қымбаттағандары туралы арыз-шағымдар көптеп түсуде. Осыған орай, Түркістан қаласы әкімдігінің 2022 жылы 08 шілдеде №1489 «Жоспардан тыс тексеру жүргізу туралы» қаулысы шыққан. Аталған қаулыға сүйене отырып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ERSOP базасына арыз негізінде 10 пайыздық үстемақысынан асырған сауда орындары туралы ақпараттар енгізіліп, қазіргі таңда тексеру жұмыстары жүргізіліп алғашқы ретке ескерту парағы берілді.
Сонымен қатар, азық-түлік бағалары халыққа қолжетімді болуы мақсатында қаламызда орналасқан әмбебап дүкен иелеріне «Әлеуметтік бұрышты» көбейту мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, 30 әмбебап дүкен иелері «Әлеуметтік бұрыш» ашуға өз келісімдері мен кәсіпкерлігі туралы құжаттарын қоса берді. Бүгінде «Сайрам» сут өнімдері мен «Али» сауда өнімдері жеткізілуде. Қосымша нан бағасын тұрақтандыру мақсатында, Түркістан қаласы әкімдігі тарапынан қаламызда орналасқан «INSAF LTD» ЖШС, «Абдрахманов Өткір» ЖК, «Абдрахманова Умида» ЖК, «Уримбаева Света» ЖК, Салманов Фарух, Ғажайып ЖШС наубайханаларымен 4 жақты келісім шарт түзіліп 7350 теңгеден наурыз–маусым аралағында 678 тонна көлемінде ұн таратылды. Қазіргі таңда, наубайханалар 85 теңгеден тәулігіне 23800 дана нан өнімдерін қаламызда орналасқан 205 сауда орындарына жеткізіп отыр. Бөлім тарапынан сатылымға шығарған нан бағасының 90 теңгеден сатылуын қадағау жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ қаламызда құмшекер бағасын тұрақтандыру мақсатында қала әкімдігінің өтінішімен жеке кәсіпкер Арыстанов Полатбек наурыз айында 555 теңгеден 62 тонна, ал сәуір айынан шілде айы аралығында 174 тонна көлемінде қаламызда орналасқан 137 сауда орындары арзандатылған шекер беріп, оның 10 пайыздық үстемақысымен сатылуын қадағалау жұмыстары жүргізілуде.
-Ал туризм саласының даму қарқыны қай деңгейде?
-Бүгінгі таңда тиімді мемлекеттік қолдау мен қабылданып жатқан шаралардың арқасында өңір экономиканың барлық негізгі салаларында өсуге қол жеткізді, бизнесті табысты жүргізу үшін қолайлы жағдайлар қалыптасты - инвесторлар құқығының басымдығында, инвесторларды "бір терезе" қағидаты бойынша қолдау және сүйемелдеу көрсетілуде.
Қазіргі таңда, қалада туризм саласын дамыту Мемлекет басшысы белгілеген басты міндеттердің бірі болып табылады. Бірегей сәулет-тарихи және археологиялық ескерткіштері, таңғажайып табиғаты мен өзіндік мәдениеті бар Түркістан шаһары өңірлік және халықаралық деңгейде туризмді дамыту үшін зор әлеуетке ие. Сондай-ақ Түркістан қаласы республикалық деңгейдегі топ-10 негізгі дестинациялардың қатарына қосылды. Туристік инфрақұрылымды жақсартуға, соның ішінде қонақ үйлер мен туристік кешендер салуға ерекше көңіл бөлінуде. Бұл өз кезегінде орналастыру орындарынан түскен табыс көлемі 1,5 млрд. тг. құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,5 (0,3 млрд.тг.) есеге артып отыр. Туризмді одан әрі дамытуда 2025 жылға дейін 28 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Бүгінгі таңда Түркістан қаласында "Ұлы Дала Елі" Ұлттық брендін насихаттауға бағытталған Орталық Азияның аса ірі туристік кешені - "Керуен Сарай", "Ұлы дала елі" орталығы, "Фараб" кітапханасы жұмыс істейді.
Облыстың қолайлы экономикалық-географиялық жағдайы көліктік-логистикалық әлеуеттің жақсы дамуына ықпал етуде. Өңір Орталық Азияның негізгі логистикалық орталығына айналуда. Себебі аса маңызды "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" трансұлттық көлік дәлізі өтсе, 2020 жылы "Hazret Sultan" халықаралық әуежайы іске қосылды.
Жалпы өңірде атқарылған жұмыстарға сәйкес, 2021 жылы қаңтар-желтоқсан айларында Түркістан қаласына келуші зияратшылар мен туристердің саны 1 506 080 – ге жетті.
-Әңгімеңізге рахмет!