Түркістанда жаңа автобус бағыты ашылды

15.jpg

Түркістан қаласындағы мәдени-рухани орталық аймағындағы «Керуен сарай» кешенінен Түркістан халықаралық әуежайына дейін №20 жаңа қалаішілік қоғамдық көлік бағыты ашылды.

Бағыттың жалпы ұзындығы 30 шақырым. Жол жүру уақыты мен жүру жиілігі – 50 минутты құрайды. Тұрғындар үшін 70 теңге көлемінде қолжетімді жол жүру тарифі белгіленген.

Ұзындығы 8,5 метрді құрайтын заманауи автобустар электрондық билет жүйесімен, бақылау камераларымен, желдеткіш жүйесімен, сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орындармен, пандуспен жабдықталған.

Түркістан қаласы әкімдігінің хабарлауынша,  тұрғындардың өтініші бойынша тоғыз бағыттағы қоғамдық көлік қатынасы өзгертілді. Олар: 2А, 4, 4А, 5, 5А, 14, 18 31, 7 маршрутты қоғамдық көліктер. Түркістан қаласына былтыр 40 жаңа автобус келіп, 3 бағыт жаңадан ашылды. Қазіргі таңда, жоспарға сәйкес шаһарға 10 жаңа автобус жеткізілді. Бұл автобустар №1 бағытта қатынас жасап, тұрғындарға қызмет етеді. Бастапқыда жаңадан алынған автобустарды №6 қоғамдық көлік бағытына жүргізу жоспарланған болатын.

Осыған байланысты, жаңа автобустар №6 бағыттағы қоғамдық көліктердің жол жүру сызбасымен сынақтан (тест-драйв) өтті. Сынақ барысында аталған жаңа габаритті автобустар жол қауіпсіздігін сақтауға кері әсерін тигізетіні анықталды. Өйткені, автобустардың ұзындығы 10 метрді құрайды. Ал, №6 қоғамдық көлік бағытының Баянауыл, 1-мөлтек аудан аумағындағы жолы 5-6 метрден тұрады.Яғни, маршрут бойындағы ені қысқа көшелерде қатынас жасау және бұрылу қиындықтар тудырды. Ол өз кезегінде жол қауіпсіздігін сақтауға кедергі келтірді.

Осыған байланысты, сынаққа қатысушылардың келісімімен жаңадан алынған автобустарды қолданыстағы қалаішілік №1 бағытқа жүргізіп, №1 бағыттағы қолданыстағы 8 метрлі автобустарды қалаішілік №6 бағытқа ауыстыруға шешім қабылданды.

Қазіргі таңда, қала бойынша тасымалдаушы жүзеге асырып жүрген 19 бағыттың 6-ы автобус бағыттары болып саналады. Қалғаны шағын автобус бағыттары. Қалаға жаңадан келген автобустар тасымалдаушылар есебінен алынуда. Осыған сәйкес, 2023 жылға қалаішілік №7,5,5А бағыттарындағы шағын автобустарды да жаңарту жоспарланды. 

Сондай-ақ Түркістан қаласында мүгедектігі бар азаматтарды қоғамдық көлікпен тасымалдау мәселелері талқыланып, тиісті ұсыныстар айтылды. Бұл талқылауға Түркістан облысы әкімінің мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшісі Ерлан Абдиев пен Түркістан қаласы әкімінің осы саладағы штаттан тыс кеңесшісі Мұхамметәлі Тасқынбаев және қалалық бөлім басшылары қатысты.

Кездесу барысында инватакси қызметі автокөліктерінің арбадағы азаматтарды тасымалдауға қолданылатын құрылғылары заман талабына сай емес екені сөз болды. Кеңесшілер автокөліктердің бір бөлігін гидролифтпен жабдықтау және желдеткіш орнату, тазалығын реттеу жөнінде ұсыныстарын жеткізді. Түркістан қаласындағы қоғамдық көліктердің қолжетімділігі де сарапталды. Бұл мәселеде алға басушылық бар. Қаладағы 2 ірі мердігерің бірінде автобустарының 100%-ы, яғни 30 дана автобус мүгедектігі бар азаматтарға бейімделген. Бірақ екінші мердігер ұсынған автобустардың панудстары талапқа сай емес. Автопрак иелеріне осы кемшіліктерді жою, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тасымалдау саласындағы қиындықтардың алдын алу мақсатында 6 ай сайын қоғамдық бірлестіктер арқылы тренинг өткізу ұсынылды.

Алдағы уақытта Түркістан қаласына әкелінетін жаңа автобустардың бәрі қатаң қадағалаудан өткізілмек. Олар мүмкіндігі шектеулі жандарға да ыңғайлы болады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер