Денсаулық сақтау саласы бәсекеге қабілетті салаға айналады

Screenshot_5.png

Бүгін Түркістан қаласындағы «Санитас» емдеу-сауықтыру орталығында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.

Аталған жиынға Түркістан қалалық мәслихатының депутаты Сүлеймен Арыстанов, «АМАНАТ» партиясы Түркістан қалалық филиалының Атқарушы хатшысы, Түркістан қалалық мәслихатының депутаты Ғаппар Сәрсенбаев және  емдеу-сауықтыру орталығының дәрігерлері мен медицина саласының мамандары қатысты.

Жиын барысында қонақтар Президенттің Жолдауда ерекше атап өткен мәселелерін талқылап, қатысушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Әсіресе, Жолдаудағы «Жаңа экономикалық саясат», «Нақты секторды дамыту», «Заң және тәртіп» бағдарлары бойынша мазмұнды пікірлер айтылды. 

«Жолдаудың мән-маңызы айрықша. Оның арқалайтын жүгі бір жылмен шектелмейді. Ауқымы кең, мазмұны да бөлек. Біз алдымызға биік мақсаттар қойып отырмыз. Өздеріңізбен бірге «Жаңа Қазақстанды» құруға кірістік. Баршаңызға мәлім, былтыр егемендіктің маңызды белесіне жеттік. Тарихи өлшеммен қарағанда 30 жыл ты көп уақыт емес. Президент Жолдауда  экономикалық саясатымыздың негізгі мақсаты еш өзгермейтінін айтты. Оның мәні – сапалық және инклюзивтік тұрғыдан халықтың әл-ауқатын арттыру. Жаңа экономикалық бағдарымыздың басты басымдықтары мыналар:

– жеке кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру, яғни, мемлекеттік капитализмнен және мемлекеттің экономикаға шектен тыс араласуынан бас тарту;

– бәсекелестікті дамыту, яғни бәріне бірдей мүмкіндік беру;

– сондай-ақ, ұлттық табысты әділ бөлу.

Мұның бәрі кезек күттірмейтін бірқатар маңызды міндетті шешуді талап ететінін Мемлекет басшысы қадап айтты. Жолдаудың саяси сипатынан бұрын экономикалық салмағына тоқталсақ, шынымен де біз қазір жаңа экономикалық саясатқа зәруміз. Халықтың тұрмысын, әлеуетін жақсартып, елді кедейшіліктен құтқару үшін жаңа  бағытты ұстанудың қажеттігі даусыз. Жолдауда баса айтылған дүниелердің бірі — елдегі еңбек өнімділігін көтеру. Бизнестің бәсекелестігін арттыра отырып, халықты жұмыспен қамтудың өзектілігі айтылды. Сондай-ақ Тоқаев ұлттық табыстың игілігін халықтың барлығы бірдей көріп отырмағанын да айтты. Осыған орай, 2024 жылдан бастап, «Ұлттық қор балаларға» жобасы жұмыс істейтін болды. Бұл норма күшіне енген кезде, яғни 2024 жылы 18 жасқа толмаған барлық баланың атына арнаулы шот ашылады. Ол есепшотқа бала кәмелет жасқа толғанша, қаржы түсіп тұрады. Шоттағы қаражат шетел валютасында болатынын атап өткен жөн. Сонымен қатар, жинақ бойынша пайыздар есептеледі. Бұл шаралар шоттағы қаржыны инфляциядан қорғауға мүмкіндік береді. Жолдауда кәсіпкерлерге жер телімдерін ашық әрі жедел бөлудің тиімді тәсілдері айқындалуға тиістілігі де айтылды. Үкіметке әрбір аймақ пен елді мекенде бос жатқан немесе мақсатына сай игерілмеген жердің бар-жоғын анықтау және жер қойнауын игеру салаларының инвестициялық тартымдылығын арттыру тапсырылды.

«Неғұрлым көп ақша салсаң, соғұрлым көп жеңілдік аласың, деген ұстаным басты қағида болуы қажет. Жұмыс істейтін саласы негізгі бағыт болмаса да, маңызды индустриялық жобаларды жүзеге асыратын инвесторлар бар. Оларға салық және кеден жеңілдіктерін ұсынбай-ақ, жер телімдерін беруге болады. Жалпы, инвестиция тарту жұмысын жүйелі жүргізу керек. Бұл – Үкіметтің алдында тұрған басты міндеттің бірі», – деді Президент. Жалпы, жолдаудан аңғарғанымыз, президент қоғамда, елде болып жатқан барлық мәселелерді көтеріп, оны шешудің тиімді жолдарын көрсетіп берді»,- деді өз сөзінде  Түркістан қалалық мәслихатының депутаты Сүлеймен Арыстанов.

«АМАНАТ» партиясы Түркістан қалалық филиалының Атқарушы хатшысы, Түркістан қалалық мәслихатының депутаты Ғаппар Сәрсенбаев Мемлекет басшысының аталған Жолдауда медицина саласына қатысты айтқан сөздеріне тоқталды. «Еліміздің басты құндылығы – адам. Бұл – айқын нәрсе.  Сондықтан, ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты мақсаты. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды деген Президент  медицина саласындағы аса маңызды  мәселелерді ретке келтіруге баса мән берген жөн екенін жеткізді. Соның бірі – қаржыландыру жүйесі. Осы салаға қаржының жеткілікті бөлінбеуі қалыпты жағдайға айналған. Соның кесірінен, жұрт сақтандыру жүйесіне қосылса да, медициналық қызмет толық көлемде көрсетілмей отырғандығын айтты. Бүгінде медициналық көмек мемлекет кепілдік берген және сақтандыру пакеті деп екіге бөлінген. Ашығын айтсақ, мұндай жүйенің тиімділігі төмен. Тіпті, сақтандыру моделі тұрақсыз әрі жүйесіз дамуда. Бұл – үлкен олқылық. Ерікті медициналық сақтандыру жүйесін енгізетін уақыт әлдеқашан жетті.

Үкіметке денсаулық сақтау саласын және жалпы әлеуметтік саланы қаржыландыру жүйесін қайта қарауды тапсырамын» деген Президент салаға жауапты басшыларға нақты тапсырма жүктеді. Атап айтқанда:  медициналық инфрақұрылымды кешенді түрде жақсартуға баса назар аудару керек. Мемлекет пен жекеменшіктің серіктестігін тиімді пайдалану, медицинаға  – инвестиция салу, оған дұрыс жағдай жасау. Қ.Тоқаев келесі жылдан бастап ұлттық жобаны жүзеге асыруды тапсырды. Бұл құжат, ең алдымен, ауыл тұрғындарының сұранысын қанағаттандыруға арналған. Жоба аясында алдағы екі жылда  ауылдарда медициналық және фельдшерлік-акушерлік бөлімшелер салынып, қажетті құрал-жабдықпен толық қамтамасыз етілетін болды. Осылайша, мемлекет бір миллионнан астам адамның алғашқы медициналық-санитарлық көмек алуына мүмкіндік жасайды. Сондай-ақ ұлттық жоба аясында 32 аудандық аурухана заманға сай жаңарып, ауданаралық көпбейінді мекемеге айналады.  Онда инсульттен емдеу орталықтары, хирургия, жансақтау және оңалту бөлімдері ашылады. Бұл төрт миллионнан астам адамға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттырады. Сонымен қатар, телемедицина бағытын  дамитын болды. Сол арқылы шалғайда тұратын халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетілетін болады. Денсаулық сақтау саласы бәсекеге қабілетті болуы үшін дәрігерлер дайындау жүйесі  жетілдірілетін болды. Медициналық жоғары оқу орындарының жанынан көпбейінді ауруханалар және клиникалар ашылады. Алдағы үш жылда резидентураға бөлінетін грант саны 70 пайызға көбейеді. Мұның бәрі ұлт денсаулығын сөз жүзінде емес, іс жүзінде жақсартуға септігін тигізеді»,-деп атап өтті Ғ.Сәрсенбаев.

Іс шарада медицина мамандары да қонақтарға көкейлеріндегі  жүрген сауалдарын жолдады. Сонымен қатар, алда өтетін ел тарихындағы тағдыршешті кезеңнің бірі Президент сайлауы туралы да сұрақтар қойылды.

Жиын соңында қалалық мәслихат депутаттары ақ халаттыларды еліміздің болашағына жасалатын жарқын қадамдарға бір жұдырықтай жұмылып, бірлікте болуға шақырды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер