Түркістан қаласының қауіпсіздік көрсеткіші қан­дай?

image.png

Қазіргі таңда  бір мемлекетті өзгелерден айшықтайтын жетістігі тек қана әлеуметтік-экономикалық дамуымен ғана өлшенбейді, сондай-ақ сол елдегі тұрақтылық, қауіпсіздік пен тыныштықпен де өлшенеді. Қауіпсіз қала: ол қандай қала?  Мәселен, әлемдегі ең қауіпсіз әрі өмір сүруге қолайлы қаланың үздік үш­тігіне енген Сингапурдің басты бағы – байлығы болса, Жаңа Зеландия астанасы Веллингтонның басымдығы – қыл­мыстың төмендігінде, ал Токионың тар­­тымдылығы 13 миллионнан асып жығы­латын әр тұрғынының жайлы өмір сү­руіне қажетті жағдай жасай алуында болып тұр.

Әлемдегі ең қауіпсіз қалалардың рей­­тингін жасайтын британдық The Economist Intelligence Unit компания­сының сарапшылары соңғы жылдары «қауіпсіз қала» түсінігінің өзгергенін жиі айтып жүр. Мәселен, бұрындары қылмыстың аз тіркелуі, сатылмайтын сот пен пара алмайтын полиция көр­сеткіштері алдыңғы қатарда тұрса, қазір үздікке ұмтылған қаланың табиғи немесе антропогендік апаттармен кү­ресу қабілеті, апаттың алдын алу қыз­меттерінің жұмыс сапасы, қоғамдық кө­лікке қолжетімділік, қарапайым ха­лықты апаттардан сақтандыруы, кибер қауіпсіздікті ауыздықтауы зор маңыз­ға ие болған. Осы тұрғыдан келгенде, қысқа ғана уақытта төрткүл дүниені ке­­лісті келбетімен тамсандырып отырған  Түркістан қаласының  қауіпсіздік көрсеткіші қан­дай? Рухани астатаның  тұрғылықты халық пен туристер үшін тартымдылығы неде?

Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев. «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында  заң үстемдігі мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпейінше әлеуметтік-экономикалық дамудың бірде-бір аспектісін табысты жүзеге асыру мүмкін еместігін айтқан еді. «Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесі бойынша қылмыспен күрес саласын жаңғыртқан жөн. Бізге азаматтардың құқығын заманауи тұрғыдан қорғауды қамтамасыз ететін және жоғары халықаралық талаптарға жауап беретін үлгі керек. Қазақстанда өкілеттіктердің ара жігі нақты ажыратылған үш буынды модель құру керек деп санаймын. Тағы да қайталап айтамын, заңдылық пен әділеттілік сөзсіз қамтамасыз етілуге тиіс. Қылмыстық істегі қателік адам тағдырын өзгертетінін естен шығармау керек», – деп мәлімдеген болатын. 

   Президент айтқандай қылмыспен күрес шаралары Түркістан қаласында да жоғары деңгейде атқарылып келеді. Мемлекет басшысының  Жарлығымен бекітілген он жобаның бірі – «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы. Мұндай жоба Түркістан қаласында да жүзеге асырылып келеді және шаһарда «Қауіпсіз қала» жобасы аясында қол­ға алынған жұмыстар  нәтижесіз емес. Бұл бағытта, әсіресе, түркістандық поли­ция қызметкерлеріне жүктелген жауап­кершілік аса зор. Себебі қауіпсіздік туралы сөз қозғалғанда, ең алдымен, қаланың тыныштығы мен қоғамдық тәртібін қа­дағалап жүрген тәртіп сақшыларына арқа сүйейтініміз анық.

Түркістан қаласының полиция басқармасында 500-ден аса қызметкер еңбек етеді. Оның ішінде 103 учаскелік полиция және 214 патрульдік инспектор қоғам тыныштығына үлес қосып келеді. Қалада қылмыстың азаюына соңғы жылдары жүзеге асырылып келе жатқан «Түркістан – қауіпсіз қала» бағдарламасы да өз септігін тигізуде. Сондай-ақ бүгінде тәртіп сақшылары өз қызметінде киелі қаланы қауіпсіз әрі ішімдіксіз, рухани қала ету бағытына басымдық беруде.

Түркістан қаласы Полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Бауыржан Жанаевтың айтуынша ағымдағы жылдың басынан бастап қазіргі таңға дейін, Түркістан қаласы аумағында жалпы 758  қылмыстық құқық бұзушылықтар тіркелген. «Түркістан қаласы Полиция басқармасының жеке құрамымен күнделікті қала аумағында жүргізілген профилактикалық жұмыстардың барысында қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар 232-ден 231-ге төмендеді.

Сонымен қатар, барлық аса ауыр және ауыр қылмыстар 290-нан 256-ға, оның ішінде, ауыр қылмыстар 274-тен 248-ге, ал аса ауыр қылмыстар 16-дан 8-ге төмендеген.

Қасақана кісі өлтіру, зорлау қылмысы, қарақшылық қылмысы, тонау қылмысы, ұрлық қылмысы, қорқытып алу қылмысы, отбасы-тұрмыстық қатынас аясында жасалған қылмыстар төмендегенін атап айтуға болады.

Яғни, күнделікті учаскелік полиция инспекторларымен жүргізілген профилактикалық жұмыстардың барысында ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабында (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) көрсетілген құқық бұзушылықтарды жасаған үшін 402 (2021ж-288) тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қорғау нұсқамасына 363 (2021ж-301) тұлға, сот арқылы ерекше талап қойылғандар 47 (2021ж-41) тұлға Басқарманың профилактикалық есебіне алынып, олармен бақылау жұмыстары жүргізілуде.

2022 жылдың 9 айында жалпы 62 996 (2021ж-62738) әкімшілік хаттама толтырылды.

Оның ішінде қоғамдық саласы (нөлдік төзімділік) бойынша 12 168 (2021ж-12390) әкімшілік хаттама толтырылды.

Жол қозғалыс ережелері бойынша жалпы 50 828 (2021ж-50348) құқық бұзушылықтар анықталып, яғни +0,9 пайызға жоғары.

Салынған айыппұлдар сомасы 449 527 110 (2021ж-449 127 527) теңге салынса, оның 270 477 088 (2021ж-269 003 048) теңгесі өндіріліп, яғни өндірілу пайызы 60,1 пайызды құрап отыр»,-дейді полиция полковнигі Бауыржан Жанаев.

Қоғамымыздағы өзекті мәселелердің бірі – кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыстық оқиғалар. Елдің болашағы бүгінгі жастар екенін ескерсек, балалар арасындағы қылмыстың көбеюі мемлекетіміз үшін, ұлтымыз үшін өте алаңдатарлық жағдай. Бұл қауіпті кеселмен қала полициясы  қалай күресіп келеді?

Мамандардың айтуынша қалада жасөспірімдермен жасалған қылмыстар төмендеген.

Ағымдағы жылдың басынан бастап жасөспірімдермен жасалатын қылмыстарды алдын алу мақсатында, прокуратура, қалалық әкімшілік, білім бөлімімен бірлесіп, «Балалардың жол қауіпсіздігі», «Жасөспірім», «Абайлаңыз балалар», «Түнгі қаладағы балалар» атты рейдтік іс-шаралары өткізілген. Сондай-ақ түнгі рейдтік іс-шаралар күнделікті жүргізілуде.

Нәтижесінде, 935  әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жасөспірімдер анықталып, олардың ата-аналарына әкімшілік шаралар көрілген.

Ювеналды полиция тобының кызметкерлерімен 2022 жылдың 09 айында Полиция басқармасына 995 жасөспірім жеткізіліп, олардың ішінде 135 жасөспірім, 60 жайсыз отбасы Басқарманың профилактикалық есебіне алынып, олармен күнделікті профилактикалық жұмыстар аткарылуда.

«Дегенмен, біршама кемшіліктермен жұмыс жасауымызға тура келіп тұр» дейді  Бауыржан Даулетханұлы. «Атап айтқанда, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, бұзақылық қылмысы, масаң күйде жасалған қылмыстары өсіп отыр. Себебі, қылмыстардың көп бөлігі масаң күйде жасалғандықтан, оның алдын-алу мақсатында қала аумағында орналасқан сауда орындарда алкоголь өнімін белгіленбеген уақытта сатқандары үшін 56  тұлға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 200 бабында (Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу) көрсетілген талаптарды бүзағандары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Соның салдарынан, қазіргі таңда көптеген сауда орындары заңмен белгіленген тәртіпте алкоголь өнідмерін өткізуде, яғни сағат 23:00-ден келесі күнгі 08-00 дейінгі аралықта, ал этил спиртінің көлемді үлесі отыз пайыздан асатындарын сағат 21-ден келесі күнгі сағат 12-ге дейін бөлшек сауда арқылы өткізу тәртібі орнатылуда. Ол дегеніміз мас халде жасалған қылмыстардың масаң күйде және түнгі уақытта спирттік ішімдіктерге қол жетімділігін қысқарта алдық. Ал, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабымен (Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) жалпы 1145 (2021ж-1120) құқық бұзушылықтар анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл бағытта профилактикалық жүмыстар жалғасуда»,- дейді ол.

Түркістан қаласы Полиция басқармасының учаскелік полиция қызметкерлерімен өздеріне бекітілген әкімшілік аумақтарында, яғни қала аудан тұрғындарымен тұрмыстық қалдықтарды қоғамдық жерлерге, жол шеттеріне шығарып тастауға тиым салынғанды туралы үнемі түсіндірме жұмыстары жүргізілуде, сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 434-2 бабымен (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) анықталған құқық бұзушылықтар саны 4795 (2021ж-4053) әкімшілік шара көрілген.

Қала аумағында қылмыстың алдын алу, оның жолын болдырмау және «Түркістан – қауіпсіз қала» бағдарламасын жүзеге асыру барысында  Түркістан қалалық прокуратура және жергілікті әкімшілік қызметкерлерімен бірлесе, Түркістан қаласының «Ақсақалдар кеңесі», «Спорт шеберлері», «Құқық бұзушылыққа бейім оқушылар», «Бұрын сотты болғандар», «Кәсіпкерлер», «Автобус жүргізушілері», «6-шы Сектор», «қала белсенділерімен» және кездесулер өткізілді.

Түркістан қаласы «Керуен» сарай комплексінде жыл басынан бері, аптаның әр жұма, сенбі және жексенбі күндері үзіліссіз, Түркістан облысы аудандарының ұйымдастырумен 59 концерттік және Қазақстан Республикасының эстрада жұлдыздарымен, Түркістан қаласы «Керуен» сарай комплексінің «Шоу Арена» залында барлығы 14 «Гала» концерттік іс- шаралары өткізілген. 

Бұдан белек, Түркістан Арена спорттық комплексінде жыл басынан бері, аптаның сенбі және жексенбі күндері, Қазақстан Республикасы «Футбол» командалары арасында 25-рет жоғары лига ойындары, 1-рет «Вело марафон», 2-рет «Триатлон», 2-рет «Қазақстан Барысы» іріктеу жарысы және «Алаш Прайд» ережесіз жекпе-жек спорттық іс шарасы және күзетілетін тұлғалардың қаламызға іс-сапармен келіп кетуі кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамассыз етуде атқарылған жұмыстары нәтижесінде ешқандай құқық бұзушылықтарға жол берілмеген.

Түркістанды қауіпсіз қалаға айналдыру мақсатында, жыл басынан бері қала көлемінде, күнделікті рейідтік жұмыстардан белек, әр аптаның жұма және сенбі күндері Түркістан қалалық Полиция басқармасының қызметкерлерімен-«бір нүктелік» жедел профилактикалық рейдтік іс-шарасы 54 – рет өткізіліп, өз жалғасын табуда. 

Түркістан қаласы Полиция басқармасының жеке құрамымен қала көлемінде қылмыстық (Алаяқтық, интернет алаяқтық, ұрлық, тонау және т.б) қүқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында билборттар, брошюралар, ескертпе парақтары таратылды, телеарна және әлеуметтік (фэйсбук, инстаграмм) желілері арқылы бейне роликтер кеңінен жариялымға шығуда.

Былтырғы жылы, Түркістан қаласы Полиция басқармасының штаттық бірлігі 307 қызметкерді құраса, ағымдағы жылдың екінші жартысында қосымша 195 штаттық бірлік, яғни 145 патрульдік полиция батальонына және 50 учаскелік полиция инспекторларына берілді.

Барлығы 502 қызметкер болса, оның ішінде саптық қатарда жүргендер саны 340, ал бос лауазымдар саны 162. Аталған штаттық бірліктерді толықтыру жұмыстары жүргізілуде.

Басқармада жалпы 68 арнайы қызметтік автокөліктер болса, оның 27-сі биыл берілген жаңа автокөліктермен қамтылған.

Атап айтар болсақ, (ППБ-25; УПИ-21; ЮПТ-4; ӘПБ-3; Кезекші бөлім-4; Өзге қызметте-9).

Патрульдік полиция батальонында күндізгі ауысымға 12 бағыт, ал түнгі ауысымға 10 бағытта қызмет атқарады.

Сонымен қатар, Түркістан қаласы аумағында 9 учаскелік әкімшілік аймаққа бөлінген, оның 8 учаскелік тірек пункті бар, яғни қосымша 8 учаскелік тірек пунктін салуға және барлық учаскелік тірек пунктеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, стандартқа сәйкестендіруді қажет етеді.

Қазіргі таңда, Түркістан қаласы бойынша 33 жалпы орта мектебі, Н.Назарбаев атындағы республикалық инновациялық және Түркістан облысына қарасты «Дарын» мектептептеріндегі бейнебақылау камералары Полиция Департаментінің Жедел басқару орталығына қосылған. Онымен қоса, 20 зияткерлік бастауыш мектептерінің бейне камераларын, жедел басқару орталығына «интеграциялау» қосылуын және барлық білім беру мекемелерін «Мамандандырылған күзет» қызметкерлерімен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Қала көлемінде соқыр аймақтарға (слепой зона) қосымша 700 дана «Сергек» бақылау бейнекамераларын орнату жоспарланған.

Жыл басынан бері Түркістан ҚПБ-ның «102» сым тетігіне «Отбасылық жанжал» санатында – 580 шақырту түсіп, оның 359-ы алкогольдік ішімдік ішкендермен жасалған. Оның ішінде Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 73-бабымен (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) – 354 адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданған.


Осы орайда, полиция қызметкерлерімен жүргізілген профилактикалық іс- шаралар аясында, маскүнемдіктен зардап шегетін есепте тұрған тұлғаларға ғана емес, алкоголь өнімдерін сататын сауда орындарының қызметіне де бақылау жүйелі түрде күшейтілген. Жыл басынан бастап, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 200-бабында көрсетілген (Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі) талаптарын бұзу бойынша 56 – дерек және 440-бабымен (Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) 1116 – дерек анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылып, заңды шара қолданылған.

Алкогольдік өнімдердің кесірі қоғамдағы тыныштықты бұзумен ғана шектелмей, көлік құралдарын да алкогольдік масаң күйде басқарып, жол-көлік оқиғаларының өсуіне себеп болатыны айдан анық. ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабында көрсетілген (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде басқаруымен) 153 – дерек анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылып, он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалуда.

Учаскелік полиция инспекторлары, сектор жетекшілерімен бірлесіп, құқық бұзушылықтар бойынша түсіндіру және буклеттер тарату арқылы тұрғындар арасында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде, жалпы қылмыстар өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда төмендеген. Оның ішінде, қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар, көшелерде жасалған қылмыстар, отбасы тұрмыстық қатынастарда жасалатын, соттылығы жойылмағандармен жасалған қылмыстар төмендеген. Жасөспірімдермен жасалған тұрақтанды.

Mac хәлде жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында көшелер мен қоғамдық орындарда жүргізілген іс-шаралар барысында, алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу, Әкімшілік кодекстің 440-бабымен (Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) 1269 (2021ж – 1255) құқық бұзушылықтар анықталды.

Соның ішінде қайта құқық бұзушылық жасаған 27 тұлғаға сотпен алкоголь ішуге шектеулер орнатылып, ішімдікті шектен тыс қолданатын 6 тұлға сот шешімімен мәжбүрлеп емдеуге орналастырылды.

Осы орайда айта кетері, кейбір кәсіпкерлер өз пайдасын ойлап, алкоголь өнімдерін өткізу саласындағы заңнама талаптарын бұза отырып, спирттік ішімдектерді сатуды жалғастыруда.

Мысалы; жыл басынан 66 (2021ж – 47) жеке кәсіпкер Әкімшілік кодексінің 200-бабы (түңгі мезгілде спирттік ішімдік сату) бойынша жауапкершілікке тартылды.

Отбасы-тұрмыстық қатынаста жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, келіп түскен хабарламаларға талдау жасалып, олардың қайта жасалуын болдырмауға профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Атап айтар болсақ, ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабымен (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) 457 (2021ж-400) тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жәбірленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және профилактикалық жұмыстар жүргізу үшін 395 (2021ж-334) тұлға қорғау нұсқамасы шығарылып, 49 (2021ж-48) тұлға сот арқылы ерекше талап орнатылып профилактикалық есепке алынды.

Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан шаралар нәтижесінде 69 мың 521 (2021 ж – 69328) құқық бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде;

Қоғамдық сала бойынша -13 211, жол қауіпсіздігі саласы бойынша -56310 хаттама толтырылған.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша айыппұл салынып, 313 мил 742 мың 498 теңгесі өндірілді.

Қаламыздың тазалығы сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, 2022 жылдың 10 ай 7 күнінде, ортақ пайдаланылатын көшелерде, саябақтар мен алеяларда белгіленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастап, Әкімшілік кодекстің 434-2 бабында (Ортаң пайдаланылатын орындарды ластау) көзделген талаптар бойынша 5281 (2021 ж- 4958) құқық бұзушылар анықталып, кінәлі тұлғаларға қатысты жалпы 83.612.241 теңге айыппұл салынса, қазіргі таңда оның 40 миллион 806 мың 121 теңгесі өндірілген.

Сонымен қатар, қала аумағында абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін 953 тұлға, Әкімшілік кодекстің 505 бабында көзделген талаптар бойынша жауапкершілікке тартылды, оларға қатысты жалпы 1.638.705 теңге айыппұл салынса оның 1 мил 200 мың 355 теңгесі өндірілген.

Өнбеген айыппұлдар бойынша, «Борышкер» жедел- профилактикалық іс-шаралары жүргізілуде.

Онда, сот орындаушылармен бірлесіп, айыппұлдарды мәжбүрлі түрде өндіруге бағытталған шаралар қолданылып, учаскелік инспекторлармен тиісті «ескертпе» парақтары таратылуда.

Түркістан қалалық Полиция басқармасымен қаламыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, құқық бұзушылықтың профилактикасы мен қылмыстылықтың алдын алу бағытында құзырлы органдармен бірлесіп кешенді іс-шаралар атқарылуда.

Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында басым бағыттардың бірі ретінде «полицияның сервистік моделіне» көшу белгіленген болатын. Президенттің  тапсырмасы бойынша рухани шаһардың полиция қызметі де сервистік модельге біртіндеп көшуде. 

«Түркістан облыс орталығына айналғалы қаланың көркімен ғана емес, рухани істерімен ел назарын өзіне аударып, туристік орталыққа айналды. Күніне қала тұрғындарынан өзге түкпір-түкпірден ағылған туристер мен қала қонақтарының тыныштығы мен қауіпсіздігі Түркістан полициясының кіршіксіз қызметімен өлшенетіні жасырын емес. Қазақстан полициясы, қызмет көрсетудің «Сервистік» моделіне біртіңдеп көшіп жатқаны белгілі. Ол дегеніміз полиция тек қана жазалаушы орган емес, керісінше халыққа жақын болып, халықпен бірге, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу»,- дейді Б.Жанаев.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер