Мемелекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан халқына арнаған "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Жолдауында «Мемлекет экономикалық еркіндікті қолдайды. Бірақ, халықты нарық тұрақсыздығының ықпалынан барынша қорғайды. Шағын және орта бизнесті мейлінше дамытады. Мемлекет қаржылай қолдау жасаған кезде бәсекеге қабілетті шағын және орта бизнес өкілдеріне баса мән береді. Еңбекақы төлеу қорын көбейткен және салық төлемдерін арттырған кәсіпорындарға қолдау көрсетіледі. Бұл – негізгі талап. Сонымен қатар, мемлекеттен көмек алатын бизнес өкілдерін анықтайтын автоматты жүйе енгізіледі. Мемлекеттік сатып алудың мүлде жаңа жүйесі жасалады. Бағаның төмен болуы ғана емес, тауарлар мен қызметтердің сапасы басты назарда болады»,- деп кәсіпкерлікті дамытудың тетіктерін атап өтіп, бизнес өкілдеріне барынша қолдау көртелілетінін атап өткен болатын.
Бүгінде Президенттің бастамасымен кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетіліп, көптеген бағдарламалардың қолданысқа еніп, кәсіп иелерінің игілігіне жаратылып жатқаны белгілі. Мұның барлығы өнеркәсіп, шағын және орта бизнес, бөлшек сауда, ауыл шаруашылығы саласында жемісін беруде. Жаңа статусқа ие болып, бүгінде жан-жақты, қарқынды дамып келе жатқан Түркістан қаласында да кәсіпкерлік саласы айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіп отыр.
Рухани шаһарда кәсіптің керегесін кеңейтіп, көзін табам деушілерге бүгінде мол мүмкіндіктер берілген. Қазіргі таңда мұнда өнеркәсіпте, шағын және орта бизнес түрлерінде жетістіктерге жетіп жатқан азаматтар аз емес. Келтіргелі отырған көрсеткіштер осының дәлелі. Нақтырақ айта кетсек, өнеркәсіп саласында 2022 жылдың қаңтар-шілде айларында 10332,8 миллион теңгенiң өнімі өндіріліп, 2021 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда (8813,5) өсім 1,1 пайызды құраса, өнеркәсіптің басымды саласы өндеу өнеркәсібінде 6151,1 миллион теңгенің өнімі өндіріліп, 2021 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда (5621,8) 109,4 пайызды құрап өсім беріп отыр. Электрмен жабдықтау, газ, бу беру көлемi 3293,9 миллион теңгенi құрап, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырған (2851,8) 115,5 пайызға артқан.
Осылайша өнеркәсіп өнімі бойынша қаланың облыс көлеміндегі үлесі 2,9 пайызды құрап, қала-аудандар бойынша 4 орынды иеленіп отыр.
Үдемелi индустриалды-инновациялық даму жөнінен 2022 жылдың ІІ тоқсандығы бойынша индустриалды аймақтың қатысушылары 1,01 миллиард теңгеге өнім өндіріп, 110 миллион теңгеге салық төлеген. Нәтижесінде ағымдағы жылы индустриалды аймаққа құны 3 миллиард теңге болатын және 166 жаңа жұмыс орнын құратын 4 жоба тартылып, Өңірлік Үйлестіру Кеңесінің оң қорытындысына қол жеткізген.
Шағын және орта бизнеске келсек, 2022 жылдың қаңтар-шілде айында шағын және орта кәсiпкерлiкпен айналысатын 14500 субъект тiркелiп, оның iшiнде жұмыс iстеп тұрған белсендi субъектiлерiнiң саны 14155 немесе 97,6 пайызды құраған. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (11352) 1,2 есеге артты. Жұмыспен қамтылған адам саны 29628, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (29128) 1,0 есеге артып отыр. Өнiм көлемi (жұмыс, қызмет) 127,8 миллиард теңге, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (97,2) 1,3 есеге артты, бюджетке төленген салық көлемі 11,6 миллиард тенгені құрады, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,853 миллион теңгені құрап 1,4 есеге артқан.
Белсенді ШОБ субьектілердің толық статистикалық есептілік тапсыруын қамтамасыз ету, олармен төленетін міндетті төлемдерінің өтелуін қадағалау бойынша статистика басқармасымен бірлесіп жұмыстар атқарылуда.
Сонымен қатар кәсіпкерлерді аз пайызбен несиелендіру бойынша 2022 жылдың қаңтар-шілде айында «Ырыс» микроқаржы ұйымы ЖШС-і 198,5 миллионтеңгені құрайтын 16 жобаны қаржыландырды. Сонымен қатар, екінші деңгейлі банктерден «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында «Рахымжан» жеке кәсіпкерлігі «Forte bank» ұйымынан 100 миллион теңге көлемінде несие алып, жыл соңына дейін 90 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда және осы бағдарлама аясында 11 жоба 662 миллион теңгеге субсидияланып, 6 жоба 60 миллион теңгеге кепілдендірілген.
Алдағы уақытта «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2025 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы» аясында «Ырыс» микроқаржы ұйымының Түркістан қаласына бөлінген қаражат есебінен басым бөлігі туризм саласындағы жобаларға қолдаулар көрсетілуі жоспарланып отыр.
Сондай-ақ қаланың экономикалық даму көрсеткіштерінің бірі – сауда-саттық қызметі екенін барлығыңыз жақсы білесіздер. Есепті мерзімде бөлшек сауда көрсеткіші 25469 миллион теңгеге орындалып, нақты көлем индексі 113,6 пайызды құрады. Тауарларды өткізу көлемі бойынша қаланың облыс көлеміндегі үлесі 3,8 құрап, өзге қала мен аудандар арасында 1 орынды иеленіп отыр.
Осы ретте инвестицияға тоқтала кетсек, негізгі капиталға тартылған инвестиция 114069,2 миллион теңгені құрап, 2021 (100187,9) жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда өсім 1,1 пайызға өсіп, 113,8 пайызды құрады. Қала мен аудандар арасында 11 орыннан көрінуде.
Оның ішінде республикалық бюджеттен 34194,2 миллион теңгені, жергілікті бюджеттен 40,280,5 млн.теңгені және өз қаржысы есебінен 28450,0, банктерден 8299,1, басқа да қарыз қаражаты есебінен 2845,4 миллионе теңгені құрайды. Бұл көрсеткіш бойынша облыстың инвестиция көлемінің 110,0 пайызын құрап, аудан мен қалалар бойынша 11 орында тұр.
Ауыл шаруашылығы саласына тоқтала кетсек, аталмыш салада 2666,8 миллион теңгенiң өнiмi өндiрiлiп, өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 92,5 пайызды құрады.
Оның ішінде өсімдік шаруашылығы жалпы өнімі 2022 жылдың қаңтар-шілде айына 1077,5 миллион теңге болса, мал шаруашылығы өндірісінде 1513,9 миллион теңгені құрап отыр.
Қалада баға тұрақтылығы да мамандардың жіті бақылауында. Түркістан қаласы әкімдігінің «Бизнесті қолдау және туризм бөлімінің» басшысы Талғат Қыдырбаевтың айтуынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру жөнінде Түркістан қаласы әкімдігі Е-Өтініш бірыңғай ақпараттық жүйесіне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларының қымбаттағандары туралы арыз-шағымдар көптеп түсуде. «Осыған орай, Түркістан қаласы әкімдігінің 2022 жылы 08 шілдеде №1489 «Жоспардан тыс тексеру жүргізу туралы» қаулысы шыққан. Аталған қаулыға сүйене отырып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ERSOP базасына арыз негізінде 10 пайыздық үстемақысынан асырған сауда орындары туралы ақпараттар енгізіліп, қазіргі таңда тексеру жұмыстары жүргізіліп алғашқы ретке ескерту парағы берілді. Сонымен қатар, азық-түлік бағалары халыққа қолжетімді болуы мақсатында қаламызда орналасқан әмбебап дүкен иелеріне «Әлеуметтік бұрышты» көбейту мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, 30 әмбебап дүкен иелері «Әлеуметтік бұрыш» ашуға өз келісімдері мен кәсіпкерлігі туралы құжаттарын қоса берді. Бүгінде «Сайрам» сут өнімдері мен «Али» сауда өнімдері жеткізілуде. Қосымша нан бағасын тұрақтандыру мақсатында, Түркістан қаласы әкімдігі тарапынан қаламызда орналасқан «INSAF LTD» ЖШС, «Абдрахманов Өткір» ЖК, «Абдрахманова Умида» ЖК, «Уримбаева Света» ЖК, Салманов Фарух, Ғажайып ЖШС наубайханаларымен 4 жақты келісім шарт түзіліп 7350 теңгеден наурыз–маусым аралағында 678 тонна көлемінде ұн таратылды. Қазіргі таңда, наубайханалар 85 теңгеден тәулігіне 23800 дана нан өнімдерін қаламызда орналасқан 205 сауда орындарына жеткізіп отыр. Бөлім тарапынан сатылымға шығарған нан бағасының 90 теңгеден сатылуын қадағау жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ қаламызда құмшекер бағасын тұрақтандыру мақсатында қала әкімдігінің өтінішімен жеке кәсіпкер Арыстанов Полатбек наурыз айында 555 теңгеден 62 тонна, ал сәуір айынан шілде айы аралығында 174 тонна көлемінде қаламызда орналасқан 137 сауда орындары арзандатылған шекер беріп, оның 10 пайыздық үстемақысымен сатылуын қадағалау жұмыстары жүргізілуде»,- дейді бөлім басшысы.