Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент ретінде Түркістан қаласына жасаған алғашқы сапарында Түркістанды түлетудің қаншалықты маңызды екенін атап өткен болатын. «Түркістан – еліміздің алтын бесігі, мәдениетіміз бен руханиятымыздың символы және бүкіл халқымыздың бойтұмары. Бұл қасиетті жерді көзіміздің қарашығындай сақтап, дамытуымыз керек. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, «Түркістан тарихы – барша қазақтың тарихы». Қасиетті жерге келгенде бәріміз айрықша сезімге бөленеміз. Рухымыз асқақтай түседі. «Әзірет сұлтан» тарихи-мәдени кешені аумағында қазақ халқының игі жақсылары жерленген. Елбасының бұл қалаға ерекше мәртебе беру туралы шешімі кездейсоқ емес. Түркістанды түлетіп, өркендету мәселесі әрдайым Тұңғыш Президентіміздің назарында болады. Ежелгі Түркістанның жаңғыруы және жаңаруы даму жолымыздың дұрыстығын көрсетеді. Президент ретіндегі алғашқы сапарымның Түркістаннан басталғаны мен үшін аса маңызды»,- деп айтқан болатын. Бүгінгі таңда Президенттің тапсырмасымен облыс орталығында көптеген өзгерістер орын алып, қала дамып келеді.
Елбасының тұжырымдамасына сәйкес, ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 25 қарашадағы №793 қаулысымен Түркістан қаласының бас жоспары бекітілген еді. Осы бас жоспар еншісіне 22370 гектар жер телімі кіреді. Оған қала аумағының ішкі бөлігінде орналасқан тұрғын үйлер, кәсіпкерлік, әлеуметтік және басқа да көптеген нысандар көлік инфрақұрылымының қызыл сызығына енген. Көп қабаттан тұратын көп пәтерлі тұрғын үйлердің аумағына орналасқан. Осыған байланысты, Түркістан қаласы аумағының функционалдық аймақтарын салудың қала құрылыстық регламенті бекітілді. Бұл қала құрылыстық регламенті көп қабаттан тұратын көп пәтерлі тұрғын үйлердің аумағына еніп орналасқан нысандарға құжаттарды заңдастыруға мүмкіндікті қарастырды. Одан бөлек жер телімдерін заңдастыру барысында оң қорытындысы берілетін болады.
Сонымен бірге, бас жоспарда қарастырылған қызыл сызықтарды қазіргі қалыпқа өзгерте отырып, тұрғын үй аумақтарында қарастырылған жасыл аумақ саябақтарға өзгерістер енгізіле отырып бекітілді. Осыған байланысты, қала әкімдігі қала аумағындағы жер телімдерін заңдастыру барысында кедергілер болмайтындығын ескертеді.
Жаңа бас жоспар бекітілген сәттен бастап, қала аумағында тұрғын үй, әлеуметтік, коммерциялық-іскерлік, өндірістік, өзге де режимдік аймақтарға бөлінді. Орталық саябақтарға берілді. Осы бас жоспарға сәйкес қалақұрылыс регламенті бекітілген. Бүгінгі таңда бұл құжат қолданысқа беріліп, заңды күшіне енген. Қалақұрылыс регламенті дегеніміз- бұл тұрғын алқаптарда бас жоспарда қарастырылған мәселелердің қарастырылуы. Кейбір тұрғын үйлерді орналастыруға шектеу қойылған болса, мамандар регламентте осының бәрін нақтылап, егжей-тегжейлі көрсетіп отырады. Әрбір тұрғын алқапта қанша екені көрсетіледі. Бұрынғы бас жоспар бүкіл қала бойынша жасалған екен. Бұрынғы жоспарда тұрғын аумағында қандай нысандарды салу, салмау туралы көрсетілсе, қазіргі бекітілген қалақұрылыс регламентінде барлық сауда алаңдары 200 шаршы метрге дейінгі дүкендер, үй жайлық тұрғын құрылысы, блокты тұрғын үйлер, мәдени-әлеуметтік нысандар, көлік құралдарына қызмет көрсететін ғимараттары түгел белгіленген.
Қазіргі таңда қала аумағында тұрғындарды қатты толғандырып жүрген мәселе – қала құрылыстық құжаттама бекітілгеннен кейін қызыл сызық мәселесі. Негізі, Түркістан қаласының бас жоспарының аумағы 22370 гектарды құрайды. Бұл жаңа шекаралық белгі. Бұл бас жоспар бекітілген кезде, нақты жоспар әзірленбеген. Соған байланысты, бас жоспар негізінде қала аумағының 10189,6 гектар жер теліміне жаңадан нақты жоспарлау жобасы Бекзат, Шавғар, Сауран, Бірлік, Яссы, Отырар тұрғын алқаптарында әзірленді. Бұл өз кезегінде қала аумағына қала құрылысы жобаларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары мен құрылыс салу жобаларын) әзірлеуі жөніндегі тәртіпті белгілейді. Барлығын түбегейлі шешеді. Қала басшылығы бас жоспар бойынша еленбеген қызыл сызықтардың бәрін егжей-тегжейлі жобасында түзеткен. Яғни кейбір азаматтардың үйі қызыл сызыққа түсіп, бүгінгі таңға дейін, қала құрылысы құжаттандыру барысында қорытынды ала-алмай қалған мәселелері болса, мұның барлығы бүгінгі таңда шешімін тапқан. Қаладағы кез келген құрылыс нысаны қалалық құжаттамаға сәйкес, сәулет құрылыс бөлімінің рұқсатымен салынуы тиіс. Ол коммерциялық нысан бола ма, ойын-сауық ғимараттары бола ма, жай тұрғын үй болсын қала құрылыс құжаттамасына сәйкес болуы керек. Сондықтан да қазіргі таңда қызыл сызыққа, функционалды аумаққа кіріп кеткен тұрғын алқаптары бойынша да, шешімін тапқан.
Қалақұрылыс құжаттамасына сәйкес саябақ, қорғау аймақтары дейтін түсінік бар. Әрбір инженерлік құрылымдардың қорғау аймағы болады. Мәселен, электр желілері, сорғы станциялары, электр станциялары болсын олардың адамның денсаулығына зиян келтірмейтін қорғау аймағы бар. Осылардың барлығы қалақұрылыс құжаттарында көрсетіледі. Оның сыртында қала ішінде бұрын қолданыста болған қазір ескірген мазарлар бар. Әрбір мазардың сыртынан 300 метрге дейін санитарлық қорғау аймағы бар. Көп қалаларда мұны білмегендіктен құрылыс салып тастағандары жиі кездеседі. Бұл жұмыстар алдағы уақытта тұрғындардың тарапынан өтініштер түсуіне байланысты нақты нәтижесін көрсететін болады.
Әрбір қала тұрғыны осы бас жоспарға, құрылыс құжаттамасына байланысты кез-келген уақытта ақпарат ала алады. Қазіргі таңда қала әкімдігінің жанында «Халықтық кеңсе» тұрақты жұмыс істейді. Әкімдіктің бүкіл бөлімдерінің құжаттары сол жерден қабылданады. Құжат қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында сәулет және қала құрылысы бөлімі жанынан ашық интернет ресурстарында портал әзірленуде. Ол жерден кез-келген қала тұрғыны мен қалаға келген қонақтар өздеріне қажетті ақпараттарды алу үшін қалақұрылысы құжаттары, инженерлік нүктелерге қосылу үшін де мәліметтер ала алады. Бас жоспардың барлық нұсқасы қала әкімдігінің интернет ресурсында тұрақты жарияланып отырады дейді мамандар. Кез-келген адамға қолжетімді. Бұл өз кезегінде Мемлекет басшысынан бастап күресіп келе жатқан сыбайлас жемқорлық тәуекеліне жол бермейді.