Кәсіпкерлікке кедергі азаяды

image.png

Әлемдік тәжірибеде экономиканың серпінді дамуына шағын және орта бизнестің сүбелі үлес қосатыны әлдеқашан дәлелденген ақиқат. Сондықтан да кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдай туғызу ілгерілеудің кепілі болып табылады. Шыны керек, біз­дің елімізде де кәсіпкерлікті қолдауға басым­дық берілуде.  Сол үшін де жаңа заңдық актілер қабылданып, бағдарламалар жасалуда. Алайда, әлі де кәсіпкерліктің кең қанат жайып кетуіне кедергі болатын жайттар кездесіп қалады. Бұдан жаңадан өз ісін ашқан шағын және орта бизнес өкілдерін былай қойғанда, қалыптасып қалған кәсіпкерлердің өзі зардап шегіп жататынын ескерсек, келеңсіздіктің жаны сірі екенін аңғару қиын емес.Осы келеңсіздіктерді жою мақсатында 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  2019 жылғы 2 қыркүйектегі "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауында  кәсіпкерлікке заңсыз кедергі жасауды мемлекет мүддесіне қарсы қылмыс деп санау керегін  атап өткен болатын. Президент бұл сөзін жыл басында отандық бизнес өкілдерімен кездесуі кезінде тағы бір еске  салып, тиісті басшыларға ескерту жасап еді. «Мемлекет басшысы ретінде мен барлығына әділ ойын ережелері бар ашық экономика құру саясатын жалғастырамын. Біз жылы орындар мен лауазымдарды қайта бөлуге жол бермейміз Елімізде «крыша», «рейдерлік» дегендер болмауы керек. Егер бизнес адал жұмыс істеуге дайын болса және ол креативті және заманауи үлгіде болса, біз оны қолдап, ұлттық экономиканың жаңа моделіне енуіне көмектесуіміз керек»,- деді өз сөзінде президент. 

Мемлекет басшысының кәсіпкерлердің құқығын қорғау жұмыстарын күшейту жөніндегі тапсырмасы мен «Бизнесті қорғау экожүйесін дамыту және тартымды бизнес-ахуалды қалыптастыру» жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, өңірде прокуратура өкілдерінің қатысуымен «Бизнесті қорғау және қолдау» форумы өткізілген болатын. Форум аясында алғаш рет кәсіпкерлер палатасы мен прокуратура бірлесіп, өңір аудандарындағы бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша рейтинг әзірлеп, жариялады. Бұл рейтинг бизнес-климатты жақсарту, инвестицияны ұлғайту, кәсіпкерлердің құқығын бұзу фактілерін азайту және іскерлік белсенділікті дамыту бағытының 15 өлшемін қамтыған.

Осы орайда жуырда Түркістан қаласында құқық қорғау органдары мен бизнес өкілдері кездесті. Облыс әкімінің орынбасары Ұ.Тәжібаевтың төрағалығымен өткен жиынға прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті, кәсіпкерлер палатасы және «Әділдік жолы» РҚБ облыстық филиалының өкілдері қатысты. Жиында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар туралы баяндалды.

–  Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы отандық ірі бизнес өкілдерімен кездесуінде елімізде қалыптасқан ахуалды талқылап, халық игілігі үшін билік пен бизнестің өзара ықпалдастығына қатысты мәселелерді айқындау қажет екенін нақты айтқан болатын. Осы орайда құқық қорғау органдарымен бірлесе келе, кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша заңдылықтың жай-күйін, сондай-ақ, бизнестің өткір де маңызды мәселелерін шешудегі проблемаларды есту мақсатында бизнес өкілдерімен кездесудеміз, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Жиын барысында саладағы түйткілді жағдайлар анықталып, кәсіпкерлерге қатысты заңбұзушылықтарға жол бермеу және проблемаларды шешу алгоритмін әзірлеу бойынша шешім қабылданды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер