Еркін бәсекелестік қалыптасады

image.png

Алдыңғы қатарлы дамыған елдермен иық тірестіру үшін білім сапасын көтеру маңызды іс болып саналады. Білім саласы елдегі ең өзекті салалардың қатарында. Мемлекет басшысы әр Жолдауында білім саласын назардан тыс қалдырған емес. Биылғы Жолдауында да Қасым-Жомарт Кемелұлы білім саласындағы өзекті мәселелердің түйінін тарқату жолын айтты.

Президент білім сапасы артқан жоғары оқу орындарының арасында еркін бәсекелестікті қалыптастырмақ. Яғни қай оқу орнының білім сапасы жақсы, сол ұйымның табысы да артады. Бұл студенттердің жайлы, сапалы ортада білім алуын қамтамасыз етпек. 

Сондықтан еліміз ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесіне және басқа да көрсеткіштерге байланысты білім беру гранттарын әртүрлі деңгейде бөлуді жоспарлап отыр. Президент оның көлемі 30 бен 100 пайыз аралығында болатынын атап өтті. 

Сонымен қатар Мемлекет басшысы студенттерді жатақханамен қамту мәселесін де сөз қылды. Қасым-Жомарт Кемелұлы бұл істе жекеменшік құрылыс компанияларымен бірлесе әрекет етуге шақырды. Жатақхана мәселесін бір ғана мемлекеттің мойнына артып қою дұрыс еместігіне тоқталды.

Бұдан былай жекеменшік оқу орындары да жатақхана салуға міндеттелмек. Әрине, бұл бірден жүзеге асып кететін процесс емес. Оған біршама уақыт керек. Десе де, болашақта мемлекеттен қаржы алатын оқу орындарының бәрінде жатақханасы болу міндеттеледі. Сонымен қатар әлеуметтік аз қамтылған отбасының балалары үшін де жатын орын шығынын субсидиялау жүзеге асырылмақ. 

Жанар ТЕМІРБЕКОВА,

Түркістан қаласы, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ректоры.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бүгінгі таңдау – ертеңгі болашақ
  • Сауран секторында кездесу өтті
  • Университетімізде республикалық референдум бойынша дөңгелек үстел өтті
  • АЭС – болашақтың энергиясы
  • Балдырғандар Түркістан қаласының полицейлермен бірге рейд жүргізді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер