Біздің мүмкіншілігіміз мол

image.png

Президентіміз бүгінгі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауында: «Бағаны әкімшілік жолмен реттеу салалардың инвестициялық тартымдылығын төмендетеді» деп атап өтті. Бұл дегеніміз егер, жергілікті органдар мен билік инвесторларға бағаны тұрақтандырып, төмендету жайында айта беретін болса, инвесторлар мен шетелдік кәсіпорындардың өңірімізге өз еркімен келуі екіталай болады. Сондықтан біз өз нарығымыз бен ішкі инвестициямызды дамытуымыз керек. Әсіресе кәсіпкер азаматтарымыз жеңіл өнеркәсіпті дамытуға атсалысқаны дұрыс. Шет елден келетін заттарды өзіміз де шығара аламыз және экспорттауға мүмкіндігіміз мол. Шикізат та жеткілікті. Бірақ бізге Қытайдан шикізат әкелу оңай болып тұр. Себебі қазір кәсіпкерлерге су, газ, электр энергиясы сияқты коммуналдық шығындар мен жұмысшыларға төленетін қаражат өте қымбатқа түседі. Бұл қиыншылықтан құтылудың тиімді жолы ортадағы делдалдардың қызметін алып тастау.

Екіншіден, кәсіпкерлерлікті қолға алған жергілікті азаматтарға жеңілдетілген несие мәселесін қарастырған жөн. Мәселен Өзбекстан елі жеңіл өнеркәсіпті дамытуды мықтап қолға алды. Жақын жылдары көршіміз ішкі өнімдерін экспортқа шығара бастайды. Сондықтан біз ертеңіміз табысты болуы үшін бүгіннен бастағанымыз жөн. Бұл бағытта Президентіміз көптеген тапсырма береді. Бірақ кейбір орындаушы органдар өңірлерден жинаған статистикаға сүйеніп, қағаз жүзінде жоғары нәтижені көрсетіп жатыр. Бұл да баса назар аударуды қажет ететін мәселе болмақ.

Нұрсұлтан Жүсіпбаев,

Түркістан қалалық мәслихат депутаты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер