Жіті ішек инфекциясы дегеніміз – асқазан-ішекке бактериялар мен вирустардың түсуінен, асқазан-ішек жолдарының зақымдануымен жүретін жұқпалы аурулар тобы. Инфекция қоздырғыштары адамға алиментарлы, ауыз-нәжіс жолымен және жеке бас гигиена талаптарын сақтамаған жағдайда жұғады. Жұқпалы ішек аурулары әсіресе жаз айларында өршиді.
Түркістан облысында 2022 жылы ішек инфекцияларының 539 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 413-і 14 жасқа дейінгі балалар арасында анықталған. Аурудың негізгі себептері:
- үй жағдайында дайындалған тағамдарды сақтау және дайындау технологияларының бұзылуынан;
-дайын және шикі азық-түліктерді дұрыс сақталмауынан;
- жеке бас тазалығының сақталмауынан,
- ашық су көздеріне шомылу арқылы, қайнатылмаған су тұтынудан пайда болады.
Ішек жұқпасының негізгі клиникалық белгілері: іші ауырып, жүрегі айнып, құсады, іші желденіп, жиі өтеді, дене қызуы көтеріледі, сондай-ақ жалпы әлсіздік басып, тәбеті төмендейді.
Аталған инфекциялық аурудың алдын алу үшін:
-жеке бас гигиенасын сақтау;
-дәретханадан шыққаннан кейін қолды сабынмен жуу;
-тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдалану;
-жеміс-жидектер мен көкөністерді жуып пайдалану;
-сақтау мерзімі өтіп кеткен және тез бұзылатын тағамдарды (сүт өнімдері, салаттар)пайдаланбау қажет.
Есте сақтаңыздар! Жай ғана ішектің қалыпты жұмысының бұзылуынан пайда болып басталған ауру, өте қауіпті асқынуларға (қатты қан кетуге, ағзаның сусыздануына, тіпті өлім-жітімге де) әкеліп соқтыруы мүмкін. Аурудын алғашқы белгілері біліне бастағаннан-ақ, бірден медициналық көмекке жүгініңіздер!
Нұрбек НЫШАНОВ, Түркістан облысының СЭБД басшысы