Заңсыз сауда айналымындағы өнімдерді сатуға және жарнамалауға тыйым салынады!

image.png

Қазіргі кезде  интернет ресурстарында әр түрлі сайттарда арықтауға көмектесетін биологиялық белсенді қоспалардың (ББҚ) жарнамасы көп. Алайда, ол қоспалардың  қауіпсіздігін растайтын құжаттар бірінде болса, бірінде жоқ.  Биологиялық белсенді қоспалар  КО/ТР 021/2011 «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес, мемлекеттік тіркеу рәсімінен міндетті түрде өтуі тиіс тауарлар қатарына жатады. 

Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік болмайынша өнімді Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында заңды түрде таратуға болмайды. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік –ол  мемлекеттік тіркеу рәсімінен өткен тауардың барлық санитариялық және гигиеналық нормаларға толығымен сай келетінін куәландыратын ресми құжат.  

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 56-бабының 1-тармағына сәйкес, мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі жоқ ББҚ-ды сатпауды және жарнамаламауды ұсынады. 

Құрметті, облыс тұрғындары! Қандай да бір биологиялық белсенді қоспалары бар тағамды тұтынбас бұрын сатушыдан оның мемлекеттік тіркеу куәлігін талап етіңіз, оған Сіздің толық құқығыңыз бар. Егер сатушы ол куәлікті ұсына алмаса, өнімді тұтынбаған жөн. Сондай ақ, жоғарыда аталған заңсыз жайттар орын алған жағдайда, біздің сенім телефонына хабарласуыңызға болады. 

Сенім тел: 8 72533 71084

Асқар ИСКАКОВ, Түркістан облысының СЭБД басшысының орынбасары


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер