Жол – қателікті кешірмейді

Түркістан облысы көлемінде жыл басынан бері тіркелген жол-көлік оқиғалары өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 68 пайызға өскен. Жол көлік оқиғаларында қаза болғандардың саны 16 пайызға төмендеген. 

Screenshot_48.jpg

Жасыратыны жоқ, көпнесе автомобиль жолдарындағы жол көлік апатының орын алуына жүргізушілердің қателіктері себеп болып жатады. Бұдан кейін оған көліктердегі түрлі техникалық ақаулар, жолдың нашарлығы, ауа райының қолай¬сыздығы және тағы басқандай жанама факторлардың да әсер ететіні белгілі. «Бірақ бәрібір, жол көлік апаттарының дені жүргізушілердің жол ережесін сақтамауынан, жауапкершіліктің аздығынан, жүргізуші тәжірибесінің жоқтығынан туындауда», - дейді Түркістан қалалық сот төрайымы Айгүл Жаңбырбаева. 

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан:заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында жол-көлік оқиғаларының еліміздер артып кеткеніне алаңдаушылық білдірді. «Жол апаттары қоғамның зор алаңдаушылығын туғызып отыр. Жыл басынан бері жол-көлік оқиғасынан 1300-ден астам адам қаза болып, 16 мыңнан астам азамат зардап шекті. Адамдар күн сайын жол үстінде қазаға ұшырап жатыр. Олардың арасында тұтас отбасылар да бар» деп өкініш те білдірді. Өкінішке орай Түркістан қаласында да жол-көлік оқиғалары азаймай отыр. Өткен жылдармен салыстырғанда Түркістан облысында жол-көлік оқиғалары 68, ал Түркістан қаласында 40 пайызға өскен. Президентіміз «Жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту және интеллектуалдық жүйені енгізу арқылы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады. Бұл – жергілікті ғана емес, республикалық жолдарға да қатысты мәселе. Осы салаға жауапты мекеме автокөліктердің техникалық жағдайына тиісті бақылау жасауы қажет» деп тапсырма берді. әрине қазір Түркістан қаласы мен оның айналасындағы жолдар жыл санап жақсарып келеді. Дегенмен жолдардың сапасы жақсарғанымен жол-көлік оқиғалары өкінішке орай азаймай тұр, - дейді Айгүл Жаңбырбаева.

Жолдауда Президентіміздің тағы бір айтқаны, жүргізушілерді даярлау деңгейінің де төмендеп кеткені. Мемлекет басшысы «Жүргізуші даярлау деңгейінің де төмендеп кеткені жасырын емес. Жүргізуші куәлігін арнайы оқымай-ақ алатын жайттар бар. Үкімет, әкімдер, Ішкі істер министрлігі батыл қадам жасауы керек. Депутаттар бұл мәселені назарда ұстауға тиіс» деген болатын.

«Қарап отырсақ, кейде жол-көлік оқиғаларының бағдаршамы жоқ жол қиылыстарында жүргізушілердің ережені білмеуінен де орын алып жатқаны белгілі. Яғни, бұл жерде кейбір жүргізушінің дайындығының төмендігін де аңғару қиынға соқпайды. Көп адам жол ережесінен бөлек, жолда жүргізуші  мәдениетінің де бар екендігін ұмытпауы керек. Яғни, ол жол ережесін қатаң сақтау арқылы да өзге көлік иелеріне құрмет көрсеткен болады. Бір-біріне жүргізушілер көлік жүргізу мәдениетін таныту арқылы да талай жолкөлік оқиғасының алдын алуға болатынын ескерсе» дейді қалалық сот төрайымы. 

Қауіпсіздік жол жүру ережесін жатқа білумен ерекшеленбей, оны өзіңе, өзгеге деген құрмет арқылы қолданған жөн. Өз бетінше оқып, жүргізуші куәлігін алған соң олар да өз білімдеріне, көлік жүргізу даярлығына сенімді. Біз бұл арада адамның өз бетінше ізденіп, оқып, қажетті білім аларына күмән келтіріп отырған жоқпыз. Статистикаға қарасақ, жол-көлік оқиғаларының дені жүргізушілік өтілі бір жыл болмаған көлік тізгіндеген азаматтардың кінәсінен орын алады екен.

Түркістан қалалық сот төрайымы Айгүл Жаңбырбаеваның айтуынша, бүгінгі таңда ҚР Қылмыстық, әкімшілік кодекстерінде жөл көлік ережесін бұзғандарға жаза қатаңдатылған. Әр азамат осыны ескеріп білуі қажет және көлік жүргізу кезінде жол ережесін сақтауы міндет. «ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабына сай, көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін жаза қаралған. Атап айтсақ, «345-бабы 4 бөлігіне сай, көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзып абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Сондай-ақ 345-1-бабына сай, алкогольдік масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзып  абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiру бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не төрт жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады» деп көрсетілген Заңда оейді ол.

- Абайсызда адам өліміне алып келген іс-әрекет жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ал Заңның 346-бабына сай, көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір мың екі жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Бұдан бөлек, 347-бабына сай, жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу, 345, 346-баптарында көзделген ауыр зардаптар туындаған жағдайда, көлiк құралын басқаратын және жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзған адамның жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалуы  бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

349-бабына сай, басқаруға құқығы жоқ жүргізушінің көлiк құралын басқаруына жол беру лауазымды адамның не көлік құралы меншік иесінің немесе иеленушісінің көлік құралдарын басқаруға құқығы немесе тиiстi санаттағы көлік құралдарын басқаруға құқығы жоқ жүргізушінің көлiк құралын басқаруына жол беруі, егер бұл іс-әрекет абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соқса, екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

Жоғарыда тізіп шыққан қылмыстық жауапкершілік жол ережесін бұзған әр азаматқа қатысты, өйткені бұл жерде әр азаматтың тағдыры шешілуде, біреуді баласы, анасы, әкесі, жақын туысы көліктің астына түссе жәбірленуші жақ соттан заңға сәйкес жазасын тағайындауды сұрайды. Сол себептен әрбіріміз ел заңдарында қарастырылған талаптарды сақтай отырып жол ережесін сақтауды есте сақтағанымыз жөн, ағайын!», - дейді Айгүл Жаңбырбаева.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер