Ясауи кесенесіндегі қабірхана бөлмесі есігінің құпиясы ашылды

image.png

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі қабірхананың қапсырма ағаш есігі  жаңғыртылды. XIV ғасырдан бері сақталған құнды жәдігер 2018 жылға дейін қолданыста болды. Ғылыми-зерттеу жүргізіліп, көне  есіктің сапасының сыр бере бастағаны анықталған еді. Ішін зиянкестер кеулеп, ағашын мүжи бастаған. Жәдігер Алматыдағы ғылыми-реставрациялық зертханада қалпына келтірілді. Жаңғырту жұмыстарын зертхананың суретші-реставраторлары жүргізді. Реставрациядан өткен есікті Түркістанға әкеліп, «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени қорық-музейіне қойды. Ал оның орнына қабірханаға есіктің көшірмесі орнатылды. Түпнұсқаның өзі жаңғақ ағашынан жасалып, алтын, күміс және піл сүйектерімен зерленген. Есіктің жиегін айнала «П» әрпі тәрізді істелген қоладан жолақтар бар. Олар алтыннан жасалған медальондармен және сульс үлгісіндегі каллиграфиялық жазулармен өрнектелген.  

- Есікке бұрын-соңды ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілмеген. Қалпына келтіру жұмыстары барысында анықталғандай, жарықтар мен деформация салдарынан ағаштар ыдырай бастаған.

Сонымен қатар, есік беті әбден ластанған, кір, май, желіммен жабылған. Бір кездері адамдар оны жақсырақ етіп көрсету үшін әртүрлі материалдарды пайдалғанғаны мәлім болды.

Қалпына келтіру жұмыстары далалық зерттеулер, есептеу жүйелерін қолдану, рентген сәулелері, зертханалық зерттеулер, түрлі мамандарды тарту арқылы нейтрондық томография сияқты көптеген салаларды қамтыды, - деп түсіндірді Әзірет-Сұлтан ұлттық тарихи-мәдени музей қорығы «Ясауитану» ғылыми орталығының аға ғылыми қызметкері Әлия Білдебекова.

Ал зертхана қызметкерлерінің айтуынша, көне жәдігердің ағаш құрылымында саңылаулар пайда болып, тырнақ іздері мен термиттің зақымдалуы анықталған.Тақталарды біріктіретін металл тақталарды зерттеу үшін ғалымдар Алматы маңында орналасқан Ядролық физика институтының қондырғыларын пайдаланды. Ядролық физика институтында жүргізілген рентгендік зерттеу нәтижесі ішінде күміс пен алтын өрнектермен жасалған араб жазулары бар екенін көрсетті.

- Қалпына келтіру тобы есікті Кесенедегі орнына қайтармай, мұражайға беруді ұсынды. Қазіргі таңда қабірхана бөлмесінің есігі Әзірет-Сұлтан ұлттық тарихи-мәдени музей қорығының бас кеңсесіндегі көне жәдігерлер музейіне қойылды. Енді құнды жәдігердегі араб жазуларымен өрнектеліп жазылған көне мұраны зерттеу жұмысы Ясауитану ғылыми орталығы ғалымдарының назарында болады, - деді Әлия Білдебекова.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ясауи кесенесіндегі қабірхана бөлмесі есігінің құпиясы ашылды
  • Түркістанда аудандық білім бөлімінің 23 қызметкеріне үкім шықты
  • Түркістан облысында қызғалдақ жұлған тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды
  • Түркістан облысында ішімдіктен бас тартқан ауылдар саны 60-тан асты
  • Халің қалай, ауыл медицинасы? Өңірде 58 нысанға сұраныс бар
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер