Түркістанда аудандық білім бөлімінің 23 қызметкеріне үкім шықты

image.png

Түркістан облысы Келес аудандық соты аудандық білім бөлімінің басшысы мен есепшілерді қосқанда барлығы 23 адамға үкім шығарды. Олар аса ірі көлемде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу бабы бойынша кінәлі деп танылды, деп хабарлайды  rgmedia.kz Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Сот дерегінше, сотталушылар 2021 жылдан 2023 жылдың соңына дейін жалған есеппен аудандағы мектептерде жұмыс істемеген адамдардың атына ақша аударып, мемлекетке 812 миллион теңгеден астам залал келтірген. Қылмыстық іс бойынша 279 миллион теңге мемлекетке қайтарылған.

Сот 8 адамды, оның ішінде білім бөлімінің басшысын 7 жылға бас бостандығынан айырды. Олар жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейді. Тағы 5 адамның жазасы шартты жазаға ауыстырылса, 10 сотталушының бостандығы 3 жылға шектелді.

Сот барысында 16 айыпталушы кінәсін мойындап, өкініш білдірсе, 7 адам айыптаумен келіспей, ақтауды сұраған.

Айта кетейік, өткен аптада Сарыағаш аудандық білім бөлімінің басшысы мен есепшілеріне де осындай айыппен 547 миллион теңге залал келтіргені үшін үкім шығарылған болатын.

Екі үкім де әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістанда аудандық білім бөлімінің 23 қызметкеріне үкім шықты
  • Түркістан облысында қызғалдақ жұлған тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды
  • Түркістан облысында ішімдіктен бас тартқан ауылдар саны 60-тан асты
  • Халің қалай, ауыл медицинасы? Өңірде 58 нысанға сұраныс бар
  • Праздник Наурыз широко отметили в Туркестанской области
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер