Еліміздегі ең үлкен жылыжай салынбақ

Screenshot_5.jpg

Келес өңірінде аумағы 500 гектарға жететін жылыжайды ресейлік «Экокультура» агноөнеркәсіп холдингі салуды жоспарлар отыр. Жобалық құны 1,1 млрд долларды құрайтын жылыжай толықтай іске қосылса жылына 200 тонна өнім береді деген жорамал бар. Бірақ 500 гектар аумақтың іске асу үшін әлі 6-7 жыл керек.  Биыл инфрақұрылым мәселесін шешсе келесі жаздан бастап 15 гектарға тұқым себуді қолға алмақ. Одан кейін жыл сайын 100 гектардан өнім еге бастайды. Мұнда өндірілген қызанақ пен қиярдың 95 пайызы Ресей мен ТМД аумағына экспортталады. Ал тартылатын  он мыңға жуық жұмысшылар осы ауданнан қамтылады.  

Screenshot_4.jpg

«Экокультура» агноөнеркәсіп холдингінің президенті Александр Рудаковтың жылыжай салуда тәжірибесі жеткілікті көрінеді. Айтуынша, Ресейде 115, 90 гектарды құрайтын жылыжай кешендері жұмыс істейді. Өзбекстанның Термезінде 350 гектарға жылыжай салуды жоспарлап, биліктегілермен инфрақұрылым мәселесін шешкен. Алматылық  «Green Land Alatau» компаниясымен бірлесіп Қапшағадайдағы 10 гектар жылыжай аумағын 40 гектарға кеңейтуде. Оған қоса осы төңіректегі «Береке» индустриалды аймағында 30-40 гектарға жылыжай салуды қолға алмақ. 

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақовтың айтуынша, жоба кезең- кезеңімен 2025 жылға дейін іске асады.

Screenshot_2.jpg

 – Оны салуда таңдалып жатқан жердің өзі ерекше. Өйткені, мұнда Қазақстан бойынша күн ерте шығады. Жәндіктер ерте оянады. Күннің ең ыстық нүктесі болып табылуы жылыжайға жұмсалатын шығынның мөлшерін азайтады. Әрі осы маңайда газ нүктесі бар. Келешекте Сарығаш – Келес айналма жолы түссе транспорттық логистикалық мәселесі де шешіледі.  Электр қуатын тартуға Қызыләскер подстанциясы жақын. Бірінші кезекте жері таңдалды.  Енді жобалық-сметалық құжаты мен бизнес жоспары әзірленуде. Инвесторларға көмек ретінде 500 гектар жылыжайды жүзеге асыру үшін инфрақұрылымын орнатуға мемлекет көмектеседі.  Жанар май төмен бағада беріледі. Тыңайтқыш, тұқымы мемлекет тарапынан субсидияланады. Суландыру жүйесі жер асты дренажды ұңғымаларды қазу арқылы қамтамасыз етіледі. Қазіргі таңда жер астындағы судың қашықтығы мен оның тұздылығын талдануда. Қосымша осы жерден екі шақырымда Келес өзенінен құбыр арқылы да су тартуға болады,- деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов. «Бұл жылыжай өнімі піссе, өңірдегі қызанақ пен қияр бағасы арзандайма?»,-деген тілшілер сауалына басқарма басшысы «Өзіміздегі бір, екі гектардан құралған жалпы облыс бойынша аумағы 900 гектардан астам жылыжайлардың өзі жергілікті халықтың сұранысын қанағаттандыра алатынын түсіндірді.   

Александр Рудаков жылыжайдың шыныдан салынатынын, өйткені шынының  жылу өткізгіштігі жақсы екенін айтты. Есептеулерінше, кешенге жылына 7 млн текше метр су кетеді. Ол үлкен көлем. Сағатына жүз мың текше метр су керек. Жылыжайдың құрылысына голландық технология тартылады. Ал қажетті құралдардың бәрін Ресейден жеткізіледі. 

Screenshot_1.jpg

– Бізге қойылған негізгі талап – жергілікті бюджетке салық төлеп, халықты жұмыспен қамту. Егер, маусымнан қазанға дейін өнім беретін біздің қызанақ пен қияр нарықта сұранысқа ие болса жұмысшылардың жалақысы да жоғарылайды. Облыс әкімдігі газ, су, энергия көзін қаржыландыруға көмектеседі. Өзімізбен бірге алғашқыда отызға жуық маман келеді. Бірден жергілікті жұмысшыларды Ресейдегі Агроном академиясына оқытамыз.  Өзбекстаннан қазір 20 маман осы жобаға сай тәжірибеден өтуде. Жұмысшылар ресейдегі біздің жылыжайларда жарты жыл, бір жыл жұмыс істеп үйренеді. Бізге мұндай ауқымды жобаға қатысуға «Kazakh Іnvest» ұлттық компаниясының басшылары көмектесті,- деген Александр Рудаков жылыжай таңдалған жерге келген Өмірзақ Естайұлына осы жердің барлық инфрақұрылым бойынша тиімділігін айтты.  

– Жақсы жерді таңдағансыздар. Егер инфрақұрылым жүйесінің жүргізілуі  қиындық туғызса жер аумағын өзгертуге болады. Ал, сіз айтқандай шығыны бес есе аз болса онда бұл сауалды бір апта көлемінде шешеміз,- деді өңір басшысы.  


Динар БОРАНБЕКҚЫЗЫ 

Сурет авторы Асхат Әссанди 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Отаншылдық та өз еліңе, өз жеріңе, өз тарихыңа деген сыйластықтықтан басталады
  • Әйелін ұрып, баласын жылатқанды заң басынан сипай қоймайды
  • Адамдардың құқықтық сауаттылығын арттыру қажет
  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер