Дәрігерлерге шипажайға 100 жолдама берілді

Screenshot_7.jpg

Түркістан  облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшылығы Түлкібас өңіріндегі «Ақшатыр» демалыс аймағында медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесін атап өтті. Салтанатты шарада жүзге жуық ақ халатты абзал жандар түрлі деңгейдегі марапатқа ие болды.  

Ауыр да азапты жұмыста шыдамдылық танытатын қиын кәсіп иелеріне бүгінгі күні ең жақсы сөздер айтылды. Бірінші Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев құттықтап, ауруханаға тек тексерілуге келейік деген тілегін жеткізді. Түркістан облысы әкімінің Құрмет грамотасымен бірқатар өз ісінің білгірі деп танылған дәрігер, медбикелерді  құттықтай отырып, кәсіп иелерінің бір сәт демалуы үшін облыс әкімі атынан шипажайға берілген  100 жолдаманы табыс етті. Облыс бойынша үздік деп танылғандарды атап өтер болсақ, Түлкібас аудандық орталық ауруханасының емхана бөлімі бойынша бас дәрігерінің орынбасары Жансұлу Маякқызы «Үздік терапевт», Түркістан қалалық ауруханасының бас дәрігері Жанболат Ділдабеков «Үздік хирург», Жетісай аудандық орталық ауруханасындағы перзентхана бөлімінің меңгерушісі Айнагүл Әміреева «Үздік акушер-гинеколог», Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Нұрхан Нарымбетова «Үздік педиатор», Қазығұрт аудандық орталық ауруханасының функционалдық диагностика саласындағы  «Үздік функционалдық дәрігер» Гүлнар Әлкенова, Бәйдібек ауданы, Боралдай дәрігерлік емханасының аға дәрігері Есбол Балқыбеков «Үздік ауыл дәрігері» атанды. Марапат иелеріне облыс әкімі атынан ноутбук сыйланды. Сонымен қатар, биыл Шардара аудандық орталық ауруханасы «Үздік аурухана» деп танылып, бас дәрігері Нұрғали Молдаханов қошеметке бөленді. Түркістан қалалық емханасының бас дәрігері Жанар Оспанова басқаратын ұжым «Үздік емхана» атанды. Марапаттау бірінен кейін бірі жалғасып жатты. Өз кезегінде сөз алған Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Әбілқасым Досболов дәрігерлерге облыстық  мәслихаттың грамотасын тапсырды. Түркістан облысы ардагерлер алқасының төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов: «ауырғанда дәрігерлер бізге Құдайдай көрінеді. Облыста ең көп қаржыны медицина саласына бөледі екен. Биыл 8 млрд. қаржы қаралыпты. Осы арқылы ана мен бала өлімі азайып, қатерлі ісік аурулары төмендеуде,-деді. Оңтүстік медицина қызметкерлері қауымдастығының төрағасы Икрам Төлеев үнемі марапаттау кезінде ардагерлер ұмыт қалып кететінін еске салып, бұл жолы бірнеше ардагердің атын атап, еңбектерін бағалады. 1492 жылы 95 жыл жасап қайтыс болған, ұлттың гендік тазалығын сақтауға үлес қосқан шипагер Өтеубойдақ Тілеуқабылұлы атындағы төсбелгіні осы саланың ардагерлері  Алқатай Мырзантайұлы мен Жайлаухан Көлбайға табыс етті. 

Screenshot_3.jpg

– Ана өлімі биыл 35 пайызға, нәрестелер өлімі 10,5 пайызға төмендеді.  Басқа да көрсеткіштер жаман емес. Соңғы 5-6 жылда салынбаған  көлемді 5 емхана мен 20 медициналық корпус жыл соңына дейін табысталады. Периноталдық орталыққа арнап салынған қосымша ғимарат екі айдың көлемінде тапсырылады. Жақында облыс әкімінің қолдауымен 1 миллиардқа  жуық қосымша қаржы бөлінді. Оған лифттерді жаңартып, жедел жәрдем автокөліктерін аламыз. Заманауи медициналық құрал-жабдықтар орнатылады. Облыс әкімінің қолдауымен жақында көпсалалы аурухана құрылысы басталмақ,-деді Түркістан облысы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев. 

Мұқан Кеңесбекұлы ақжарма тілегінен кейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі атынан «Еңбек ардагері» медалін Түркістан қалалық балалар ауруханасының меңгерушісі Барно Парманқұлов пен өзге саладағы Тілеукүл Сүлейменоваға тақты. «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен Кентау қалалық емханасының сарапшы дәрігері Мұхаббат Смайлова, Шардара аудандық орталық ауруханасының жансақтау бөлімінің меңгерушісі Хамза Досжанов, Түркістан қалалық орталық ауруханасының травматолог-дәрігері Қапланбек Бейсенбаев, облыстық тері-венерология диспансерінің дәрігері Риза Әшірова, №1 облыстық периноталдық орталығы гинекология бөлімшесінің меңгерушісі Есенгелді Ибрагимұлылар марапатталды. Өзге де мамандар Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамтотасымен, Алғыс хатына ие болды. 

Screenshot_1.jpg

Ал «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасынан Салтанат Жамалова, Түркістан қалалық балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі Роза Жиенбаева, Ордабасы аудандық ауруханасының бас дәрігері Бақытжан Мырзагелдиев, облыстық клиникалық ауруханасының маманы Татьяна Бекетова,  №1 облыстық клиникалық орталықтағы жүктілік бөлімінің акушер-гинекологы Гүлмира Әбдешова, облыстық клиникалық ауруханада сәулемен анықтау бөлімінің меңгерушісі Мұхтар Сейтхановтар  марапаталды.  

Screenshot_4.jpg

Дәрігерлер үшін арнайы Заттыбек Көпбосынов, Еркін Нұржанов, «Бисұлтан»  би ансамблі, «Риксос» тобы сынды бірқатар өнерпаздар өнер көрсетіп, думанды кешті қызықтыра түсті. 


Д.МЕЙІРМАН 

Сурет авторы Анар Сүлеева. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер