Жеңіс күніне орай ардагерлер мен полицейлер арасында турнир өтті

Screenshot_14.jpg

9 мамыр - "Жеңіс күні" мерекесін атап өту біздің тарихқа деген  құрметіміздің белгісі. Бұл орайда полицейлердің де белсенділігі жоғары.Ұлы жеңіс күніне 77 жыл толуына орай Арыс АПБ бастығы Алмас Мырзахметовтың бастамасымен мәдениет үйінде концерт ұйымдастырылды. Кеш барысында патриоттық, ерлік тақырыбында әндер шырқалып, Арыс аудандық полиция бөлімінің ардагері Серікбай Гаппаров бастаған ардагерлер құрамы шараға арнайы шақырылды.

Әрі қарай бұл концерттің арты спорттық сайысқа ұласып, жеке құрам мен ардагерлерден құралған командалар арасында футбол ойынынан турнир өтті. Салауатты өмір салтын ұстанған Ішкі істер органының қызметкерлері тартысты кездесуде өз шеберліктерін барынша көрсетті. Бұған қоса ойын барысында әділ төрелік жасалып, жеңіске жеткен командалар іріктеліп алынды. Жүлделі орын алған командаларға арнайы кубог табысталып, бағалы сыйлықтар  тарту етілді. 

"Спорт-денсаулық кепілі" деген ұстанымды берік ұстанған ұйымдастырушыларға қатысушылар мұндай керемет турнир үшін ризашылықтарын жеткізді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Дін мен діншілдік тақырыбы талқыланды
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында медициналық қарым-қатынас тереңдей түспек
  • Жеңіс күніне орай ардагерлер мен полицейлер арасында турнир өтті
  • 17 жылда 7 түрлі лауазымда қызмет атқарған Ерлан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер