Түркістан облысының ішкі саясат басқармасына жаңа басшы тағайындалды

38287587_1751167954999536_259892482580414464_n.jpg

Түркістан облысы әкімінің өкімімен облыстық ішкі саясат басқармасы басшысы лауазымына Бейсенбай Дәулетұлы Тәжібаев тағайындалды.

Бейсенбай Дәулетұлы 1982 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша біліктілігі журналист, құқықтану. 

Еңбек жолын 2002 жылы Шымкент қаласында «Шымкент келбеті», «Панорама Шымкента» газеттерінің тілшісі ретінде бастаған. 

2005-2017 жылдары Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының редакторы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты баспасөз қызметінің басшысы, Оңтүстік Қазақстан облыстық «Оңтүстік Қазақстан» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» МКК-нің директор – бас редакторы, «Айқын-Литер» ЖШС «Айқын» газетінің Астана қаласындағы тілшілер қосынының жетекшісі, «Елордалық «Астана» журналы» ЖШС Бас редактор, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты баспасөз қызметінің басшысы-баспасөз хатшысы лауазымдарын атқарған. 

Бүгінгі күнге дейін Түркістан облысы әкімі аппараты баспасөз қызметінің басшысы-баспасөз хатшысы лауазымында қызмет етіп келді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында диқандар мақтаның орнына күріш еккен
  • Нәрестесін пойыздан лақтырып жіберген әйелге мәжбүрлі ем тағайындалды
  • Президент МӘМС туралы заңға түзету енгізді
  • Бес жылда 40 тан астам жаңа су қоймасы салынбақ
  • Түркістанда 100-ге жуық отбасына баспана кілті мен домбыра тарту етілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер