Жамбыл облысы бюджет қаржысын екі есе шығындамақ болған ба?

C52DADD7-4028-4588-B67F-8FC0F73184F5_cx0_cy2_cw0_w1023_r1_s.jpg

Инфляция қарқын алып бара жатқан заманда құрылысқа қажетті материалдар, қызметтер қымбаттайтыны белгілі. Осыған байланысты бюджет шығындары да артатыны белгілі. Бірақ, бүгін біз әлеуметтік желіден қызықты бір мәліметті байқап қалдық. Жамбыл облысында білім, денсаулық, спорт саласына қатысты бюджет шығындары екі еседей қысқарып жатыр екен. Бұл жөнінде Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы Біржан Сартбек өзінің Фейсбуктегі парақшасында бюджет шығындарына қатысты былай деген: 

Аймақта барлық салада құрылыс нысандарын «өзектілікке қарай жоспаралау Картасы» әзірленуде. Сол арқылы бюджет қаржысын 2 есе үнемдеуге жол ашылды. Нәтижесінде медициналық–фельдшерлік пунктердің, дәрігерлік амбулаториялардың құны 65-90 млн.теңгеден 30-45 млн.теңге дейін оңтайландырылды. Сол секілді спорттық сауықтыру кешенінің құны 227 млн.теңгеден 115 млн.теңгеге, ауылдық клубтың бағасы 200 млн.теңгеден 70 млн.теңгеге дейін төмендетілді.

Нақты мысал, жыл басынан жүргізілген оңтайландыру шараларынан соң Жуалы ауданында 80 орындық мектептің алғашқы құны 620 млн.теңгеден 290 млн.теңгеге дейін қысқартылып отыр. Қордай ауданында 150 орындық мектептің құны 962 млн.теңгеден 465 млн.теңгеге дейін төмендетілді. 

Жергілікті бюджеттің салық базасын кеңейту мақсатында басқа өңірлерде тіркелген 14 жер қойнауын пайдаланушылар облыста қайтадан тіркелді.Нәтижесінде, жергілікті бюджетке жылда 150 млн.теңгеге қосымша түсімдер түсіп отыратын болады.

Бұл баспасөз хатшсының талдауы емес екені белгілі. Оны арнайы мамандар жеті рет өлшеп барып жасағаны кәміл. Әрине, экономист болмаған соң көптеген ньюанстарды түсінбейтін шығармыз. Десе де, баспасөз хатшысы келтірген мәліметтерден білгеніміздей, мектепті екі есе арзан бағаға салуға болатын болғаны ғой. Осы жерде біздің бір таң қалғанымыз, осы уақытқа дейін неге бюджет шығындары оңтайландырылмай келген?!. 

Сонда дейміз-ау, бұған дейін басшылар бюджет қаржысын жөн-жосықсыз жұмсап, ысырап қылған ба? Әлде... 

Абылай Есімбай


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Дін мен діншілдік тақырыбы талқыланды
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында медициналық қарым-қатынас тереңдей түспек
  • Жеңіс күніне орай ардагерлер мен полицейлер арасында турнир өтті
  • 17 жылда 7 түрлі лауазымда қызмет атқарған Ерлан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер