Моңғолиядан елімізге қандастар оралды

image.png

Ақмола облысы Жібек жолы ауылына Моңғолияның Баян-Өлгий аймағынан 8 отбасы келіп қоныстанды.  Бұл туралы 24kz  хабарлайды. Жылдар бойы атажұртын аңсаған қандастар Ақмола облысы Жібек жолы ауылына табан тіреді. 

Баян-Өлгий аймағынан жазда тағы 12 отбасы атамекенге келеді Игі бастаманың жүзеге асуына Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса мұрындық болды. Жат жерде отанына ынтызар боп жүрген қандастардың бұл бір парасы ғана, жазда тағы 12 отбасыны қоныстандыру жоспарланып отыр. 

 "34 жылдың ішінде 1,5 миллионнан астам қандастар көшіп келген бізге. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі де қандастарға баса назар аударып отыр. Біз қандастарды атамекенге келуін толық қолдаймыз және оған барлық қажетті жағдайларды жасаймыз деп айтқан сөзін білесіздер. Соған квотаға байланысты келіп жатыр. Отандастар қорының мәліметінше, шетелде 7 миллионға жуық қазақ бар. Соның бір жарым миллионы келуге дайын бізге",- дейді  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса.

 Елге қоныс аударған қандастың әрбіріне “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасы аясында 275 мың теңге көлемінде бір жолғы әлеуметтік төлем беріледі. Сондай-ақ тұрғын үй жалдауға 1 жыл бойы ай сайын 15 тен 30 айлық есептік көрсеткішке дейін қаражат ұсынылады. Баспана сатып алуға бастапқы жарна ретінде 4 жарым миллион теңге де қарастырылады. 

 "8 отбасы көшіп келді. Осында орналасуға құжаттарын, ықтияр хаттарын тапсырып қойды. Ықтияр хатын алып алғандар қандасқа тапсырып қойды. Үшінші айдың 1-інен бастап біз екінші жарнаның кқшіп келетін қандастың тізімін алайық деп жатырмыз. Ол осы Аршалы районы мен Шортанды районына келіп орналасуға, квотасын алуға, азаматы болуға екі жақты келісімшарт жасадық",- дейді "Тұран" қандастарға қызмет көрсету орталығының басшысы Шәріпхан Шаймұрат.

Қоғамдық қордың көмегімен бір жыл ішінде 127 мың отбасы елге көшіп келген. Басым бөлігі Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарына қоныс аударған. Алдағы уақытта да елден жырақта жүрген қандастарға қор тарапынан заңдық және әлеуметтік көмектер көрсетілмек. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемде бала туу көрсеткіші күрт төмендеді
  • Шерзат өліміне қатысты сот: Прокурор Абзал Шынасылға 23 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады
  • Рейтинг: Орталық Азиядағы ең әсем қала
  • Дархан Сатыбалды алматылықтарға үндеу жасады
  • Таразда құрылыс бөлімінің басшысы 4 жылға сотталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер