Қазақстан халқы 20,3 миллионнан асты

image.png

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша ел халқының саны 20 300 618 адамға жетті, оның ішінде:

Қала тұрғындары – 12 795 502;

Ауыл тұрғындары – 7 505 116.

Айта кету керек, бір ай ішінде Қазақстан халқы 14 534 адамға көбейді.

Сондай-ақ елдегі әйелдер саны ерлерден 462 136 адамға көп екеніне назар аударған жөн:

Әйелдер – 10 381 377;

Ерлер – 9 919 241.

Халқы ең тығыз орналасқан аймақтар әлі де Алматы және Түркістан облысы болып қала береді: онда сәйкесінше 2 297 491 және 2 154 144 адам тұрады.

Өз кезегінде Астана қаласында 1 536 924 адам өмір сүреді. Қазақстанның үшінші ірі қаласы – Шымкент халқы 1 258 878 адамға жеткен.

Айта кетейік, 2024 жылдың 1 желтоқсанына қарай Қазақстан халқының саны 20 265 320 адамды құраған болатын. Ал 2025 жылдың 1 қаңтарына қарай бұл көрсеткіш 20 286 084 адамға жетті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында 250-ден астам дәрігер жетіспейді
  • Түркістан облысында диқандар мақтаның орнына күріш еккен
  • Нәрестесін пойыздан лақтырып жіберген әйелге мәжбүрлі ем тағайындалды
  • Президент МӘМС туралы заңға түзету енгізді
  • Бес жылда 40 тан астам жаңа су қоймасы салынбақ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер