Қарағандыда Костенко шахтасындағы жарылысқа қатысты сот басталды

image.png

Қарағанды облысы прокуратурасы мәлімдегендей  «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Костенко атындағы көмір шахтасындағы жарылысқа қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы басталды. 

— 2023 жылғы 28 қазанда жерасты тазарту қазбаларында болған қайғылы оқиға нәтижесінде 46 кенші қаза тауып, тағы 28 кенші жарақат алған болатын. Сот отырысына мемлекеттік айыптаушылар, жәбірленушілер, олардың өкілдері, сотталушылар мен қорғаушылар қатысты, — делінген прокуратура хабарламасында.  

Еске сала кетейік, қылмыстық істі Бас прокуратура тергеп, нәтижесінде шахта басшылығы мен инженерлік-техникалық қызметкерлердің қатарынан 10 адам сотқа тартылған болатын.

Барлығына Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 277-бабының 3-бөлігі бойынша айып тағылды (тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу). Сотталушылар қамауда. Іс бойынша 74 адам жәбірленуші деп танылды. Қылмыстық іс Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «№ 61 мекеме» РММ ғимаратында қаралады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Асхат Садырбай: Менің қандай әке екенімді балаларым біледі
  • Шерзат Полатқа қатысты сот отырысы адвокаттың кесірінен кеш басталды
  • «Азия Авто» компаниясының бұрынғы басшысыларына сот үкімі шықты
  • Қазақстанда баспана құны 50 пайызға өсуі мүмкін
  • Қызғылт Ай. Бүгін аспаннан ерекше астрономиялық құбылысты байқауға болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер