Қазақстанда баспана құны 50 пайызға өсуі мүмкін

image.png

Елімізде құрылыс материалдарының құны күрт қымбаттады. Соның кесірінен баспана құны да 50 пайызға өсуі мүмкін, дейді экономистер. Бұл туралы "КТК" арнасы хабарлайды.

"Қазақстанда базалық мөлшерлеме төмендемесе, құрылыс секторын қаржыландыру қысқармайтын болса, тұрғын үй бағасы жыл сайын, кем дегенде, 50 пайызға өсіп отыруы мүмкін. Өйткені қазір несие пайызы өте жоғары, оған қоса, біздің елде құрылыс материалдарының өндірісі қатты дамымаған. Бағаның өсуіне екі себеп бар: құрылыс материалдарының қымбаттауы және инфляция", - дейді экономист Арман Байғанов.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, жыл басынан бері баға, әсіресе құрылысқа қажет майда-шүйдеге көтерілген. Яғни тас, әктас пен гипс 52 жарым пайызға, пластмасса жабындылар мен құбырлар 13,1, бетон құны бір жылда 7,5 пайызға өссе, газ блогының бағасы бірден 28 пайызға шарықтаған.

Десе де кейбір материалдардың бағасы төмен. Мәселен, минералды тақта 11 пайызға, ал шыны пакеттер 8 пайызға арзандаған.

Айта кетейік, қазір Алматыда тұрғын үй шаршы метрінің орташа құны шамамен 600 мың теңгеге жетіп отыр. Ол былтырмен салыстырғанда 20 пайызға қымбат.

"Тұрғын үй бағасы қосылған құнға салынатын салыққа байланысты көтерілуі мүмкін. Өкінішке қарай, қазір тұрғын үйге қатысты салық заңы толығымен қабылданып қойды. Оған қоса, биыл 2 қаңтардан бастап құрылыс бастағандар да міндетті салықты төлеуге мәжбүр болады. Ал кодекс қабылданған соң, құрылыс компаниялары үстінен тағы қосымша 12 пайыз төлемек. Осы факторлардың кесірінен баспана қымбаттайды", - дейді Қазақстан әзірлеушілер қауымдастығының президенті Виктор Микрюков.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Асхат Садырбай: Менің қандай әке екенімді балаларым біледі
  • Шерзат Полатқа қатысты сот отырысы адвокаттың кесірінен кеш басталды
  • «Азия Авто» компаниясының бұрынғы басшысыларына сот үкімі шықты
  • Қазақстанда баспана құны 50 пайызға өсуі мүмкін
  • Қызғылт Ай. Бүгін аспаннан ерекше астрономиялық құбылысты байқауға болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер