Асхат Садырбай: Менің қандай әке екенімді балаларым біледі

image.png

Журналист Асхат Садырбай тталқыланып жатқан жеке өміріндегі келеңсіздіктер жайында парақшасында жазбақалдырды.  “Жеке өмірімдегі сәтсіздіктердің болғанын жасырмаймын. Ол туралы талай айтқанмын. Менің қандай әке екенімді балаларым біледі. Ал қандай жар болғаныма қатысты үлкен арнаның эфиріне оралғалы осы бір жағымсыз ақпарат басылар емес. Мен тіпті бұл ақпаратты кім, қалай таратып жатқанын да білемін. Бұл ақпарат шықпай тұрып тіпті маған әріптестер арқылы ескерту де келген. Кім не десе о десін. Ұлдарым өсіп келе жатқандықтан артық әңгіме айтпаймын. Мен тек өзімнің құқығымды қорғаймын деп шештім. Сол себепті де заңға жүгіндім”, – деген  Асхат мұны да шарасыздықтан жасағанын мәлімдеді.

“Сотқа қайырылмауыма болмады. Ешкім ешкімді соттайын деп жатқан жоқ. Ешкім “Астарлы ақиқатқа” ақша өндіруді сұраған жоқ! Жеке өмірімді жұмыспен байланыстырып, сот арқылы ток шоуға ақша өндіргелі жатыр деген тапсырыс посттарды кейбір “блогерлер” жазыпты. Бұның бәрі жалған сөз, жалған ақпарат. Аяқталмаған сот туралы жалған ақпарат таратқан азаматтар мен басылым беттеріне сотқа дейінгі арыз жолданды. Сіздерден өтініш, ешқандай жалған ақпараттарға сенбеулеріңізді сұраймын”, – деп жазды ол.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстан мен Пәкістан білім беру саласындағы әріптестікті нығайтпақ
  • Түркістан облысында 45 рет жол ережесін бұзған жүргізуші 1,3 млн теңге айыппұлын төлемеген
  • Түркістанда ветеринария саласында 928 млн теңге жымқырылып, 4 адам қамауға алынды
  • БҰҰ Бас хатшысы Ливандағы бітімгершілік күштерінің жаралануын айыптады
  • Қазақстанда баланың туа біткен даму кемістіктерін анықтау 12,5%-ға артты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер