Әкім Тарази дүниеден өтті

image.png

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, белгілі жазушы, драматург, мемлекет және қоғам қайраткері Әкім Тарази 92 жасына қараған шағында дүниеден өтті. Әлеуметтік желіде ақын Мирас Асан көңіл айтып, жазба қалдырды.

"Қазақ әдебиетінің тағы бір алып бәйтерегі құлады... Классик қаламгер Әкім Тарази ағамыз бақиға бет бұрыпты... Барша қаламгерге, көзіқарақты оқырман қауымға, ең әуелі жан жары Роза апамызға көңіл айтамын. Ағамыздың иманы саламат, жаны жәннатта болсын!" – деді ол.

Әкім Үртайұлы Әшімов (Әкім Тарази) 1933 жылы 9 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген.

Әкім Таразидің "Тасжарған", "Қорқау жұлдыз", "Шер", "Қиянат", "Мұстафа Шоқай", "Москва – Баласаз" романдары, "Ауыл шетіндегі үй", "Тәж", "Махаббат жыры", "Көк аспанда қырағы көз бар", т.б. әңгіме-эсселері мен повестері, "Жолы болғыш жігіт" пьесалар жинағы жарық көрген. Сондай-ақ, 2023 жылы мамыр айында қаламгердің 12 томдық жинағының тұсаукесер рәсімі өткен болатын.

Әкім Таразидің сценарийлері бойынша түсірілген "Тұлпардың ізі", "Арман – атаман", "Қараш-Қараш оқиғасы", "Мұстафа Шоқай", "Қызжылаған" фильмдері қазақ киносының "алтын қорына" енді.

"Күлмейтін комедия", "Жақсы кісі", "Жолы болғыш жігіт", "Ақын, періште, махаббат", "Індет", "Махамбет", "Лайнер", "Үкілі жұлдыз", "Қыз махаббаты" және өзге де  драматургиялық шығармалары еліміздің театр сахналарында қойылды. Жазушының көптеген туындылары орыс, қытай, поляк, болгар және ағылшын тілдеріне аударылған.

Әкім Тарази Н.Я. Бичуриннің "Ежелгі уақытта Орта Азияда өмір сүрген халықтар туралы мәліметтер жинағы" ("Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена") және "Шыңғыс әулетінен шыққан алғашқы төрт ханның тарихы" ("История первых четырех ханов из дома Чингизова") атты тарихи ғылыми-зерттеу еңбектерін, сондай-ақ, Ф. Рабленің "Гаргантюа және Пантагрюэль" романын қазақ тіліне тәржімалаған.

1994 жылы "Құрмет" орденімен марапатталды, 1997 жылы "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағын алды, 2002 жылы Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. 2011 жылы Прага қаласында Франц Кафка атындағы халықаралық әдеби сыйлығымен марапатталды.

Сол жылы Англияда Ә. Таразидің "Қорқау жұлдыз" романы ағылшын тілінде жарық көрді. 2015 жылы "Отан" орденімен марапатталған. 2021 жылы өнер және әдебиет саласындағы жетістіктері үшін Қазақстан Республикасының жоғары дәрежелі үздік наградасы – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағының иегері атанды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әкім Тарази дүниеден өтті
  • Асхат Садырбай: Менің қандай әке екенімді балаларым біледі
  • Шерзат Полатқа қатысты сот отырысы адвокаттың кесірінен кеш басталды
  • «Азия Авто» компаниясының бұрынғы басшысыларына сот үкімі шықты
  • Қазақстанда баспана құны 50 пайызға өсуі мүмкін
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер