Starlink интернетінің ай сайынғы төлемі 20-25 мың теңге болуы мүмкін

image.png 

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Мәжіліс отырысында  Starlink интернеті қашан қосылатынын мәлімдеді деп хабарлайды RGmedia.kz тілшісі.

— Starlink биылғы жылдың 3-тоқсанында бүкіл ел аумағында толық көлемде нақты жұмыс істей бастайды, оны кез келген азамат пайдалана алады. Қазір компания бағасын белгілеп, жерге қондыру нүктесі бойынша техникалық мәселелерді анықтап жатыр. Алайда ол оптикалық интернетке қарағанда сәл қымбатырақ, сондықтан азаматтарда әрдайым таңдау құқығы болады, — деді Ж. Мәдиев.

Ал Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов  Starlink интернетінің ай сайынғы абоненттік төлемі — 20-25 мың теңге болуы мүмкін екенін айтты.

— Ауылдарды Starlink спутниктік жүйесіне неге қоспайды деп сұрап жатыр. Ол қосылады. Оған ешкім қарсы емес. Бірақ оның бағасы қымбат, абоненттік ай сайынғы төлемі кем дегенде 20-25 мың болады. Ақшасы барлар оны төлеп ала береді, ал қарапайым халықты кім ойлайды?, — деді Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов.

Еске сала кетейік, жақында  Қазақстан Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Starlink компаниясы (SpaceX-тің еншілес құрылымы) спутниктік интернет қызметін Қазақстан аумағында ресми іске қосу туралы келісімге қол қойған болатын.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында еңбекке қатысты шағымдардың 70 пайызы білім саласына тиесілі
  • Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг ісі 19 қаңтарда шешілмек
  • АҚШ Гренландияның әр тұрғынына 100 мың доллар төлеп, аралды сатып алмақ
  • БЖЗҚ-дан заңсыз 200 млрд теңге шығарған 42 стоматологиялық клиника тергеліп жатыр
  • Тоқаев: Қазақстан жері ежелден түрлі мәдениеттер тоғысып, өркениеттер өзара біте қайнасқан мекен
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер