Астанада автобус жүргізушілері қандай жағдайда 400 мың теңге жалақы алатыны белгілі болды

7bd34e5900c8ad20c81869f008d.jpg

Астаналық автобус жүргізушілерініне айына 400 мың теңге жалақы табуға мүмкіндік туды. Алайда, олар мұндай жалақы алу үшін үш шартты орындаулары тиіс, деп жазады Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Астана қаласы әкімдігі жариялаған ақпаратқа сүйенсек, 400 мың теңге жалақы алғысы келетін автобус жүргізушілер кесте бойынша жүріп, жол қозғалысы ережелерін сақтап, жолаушылардан шағым естімеулері керек.

№3 автокөлік паркінің басшысы Бауыржан Тілеубергенов жүргізушілердің жалақысы қазіргі таңда 200 мың теңгені құрайтынын айтты. Бұл бекітілген сома зейнетақы жарналары мен салықтарды шегергеннен кейін есептелінген, яғни жүргізушілер қолдарына 200 мың алады. Бірақ, мұндай жалақы күнделікті 15-18 толық ауысымды орындаған жүргізушілерге ғана төленеді.

«Бұдан басқа, жүргізушілер қаржы және еңбек тәртібін бұзбай, ешқандай көлік апатынсыз жұмыс істесе, олардың жалақыларына сыйақы ретінде 200 мың теңге қосылуы мүмкін. Ұзын автобус  айдайтындарға 50% мөлшерінде бонус төлеу қарастырылды. Осылайша, жүргізушілердің айлық жалақысымен сыйақысын қосқандай айлық 400 мың теңге болуы мүмкін», – дейді Тілеубергенов.

Айта кетейік, 21 шілдеден бастап Астана қаласында қоғамдық көліктер дифференциалды төлемге ауысты. Қолма-қол төлемнің құны екі есе көбейіп, 180 теңге болды. Ал, көлік карточкасы арқылы төлеген жағдайда жол жүру ақысы 90 теңге. Сондай-ақ, көлік картасы бар жолаушылар бірінші төлем жасағанан кейін 60 минут ішінде басқа автобуста тегін жүре алады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Дін мен діншілдік тақырыбы талқыланды
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында медициналық қарым-қатынас тереңдей түспек
  • Жеңіс күніне орай ардагерлер мен полицейлер арасында турнир өтті
  • 17 жылда 7 түрлі лауазымда қызмет атқарған Ерлан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер