Танымал ақын И.Тасмағамбетовке қарсы шыққан "орысқұл" Олжас Сүлейменовты қатаң сынға алды

Screenshot_2.jpg

Қазақ қоғамында ұлт, тіл, дін, ділге қатысты қордаланған мәселелер жөнінде пікір білдіріп, қалам тербеп жүрген ақын Мырзан Кенжебаймен құлдық сана, тілдің шұбарлануы, қазақ тілінің мүшкіл халі жөнінде qamshy.kz порталының тілшісі сұхбаттасқан екен. Біз сол сұхбаттан үзінді келтіре кетуді жөн көрдік.

— Ұлттық рухты көтеру үшін не істеу керек?

— Адамзаттың азаматы болу үшін ең әуелі өзінің ұлттық дәстүрін, ұлтын құрметтеу керек. Үш тілділік – ұлтты жоюдың ең оңай тәсілі. Мәселен, Олжас Сүлейменов. Оны қазақтың ақыны деп айта алмаймын. Қазақ тіліне қарсы шығып келе жатқан да Олжас, «Казахская республика» емес, «Республика Казахстан» дейтін де Олжас. Иманғали Тасмағамбетов 2006 жылы Алматыда іс-қағаздарды қазақ тіліне аударғысы келгенде, оған қарсы шыққан да Олжас. Орыстар неше рет «Орыс поэзиясының антологиясын» шығарды. Оған Олжасты кіргізген жоқ. Олжас қайтыс болғанда «Скончался великий русский поэт» деп жазбайды ешкім. Ол қазақ болып та жарытпады. Осыны біле тұра балаларының атын Олжас деп қоятындарға таңым бар.

Әңгіме адам есімдеріне ойысқан екен, онда Димаш деген есім туралы да айта кетейін. Дінмұхаммед Меңдахметұлы Қонаевты орыс достары Динмухаммед деген жоқ, «Дима, Дмитрий» деді. Дінмұхаммедтің әкесінің аты – Меңдахмет болған. Дінмұхаммед Қонавтың татар болғаны жасырын емес. Оны жағымпаз қазақтың шалдары «Димаш» қылып алды.



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Танымал блогерлер ескертуден кейін қосымша 18,2 млрд теңге табысын декларациялады — МКК
  • Ауыл мен қалаға бірдей интернет: Үкімет инфрақұрылымды күшейтпек
  • СҚО-да сталкинг дерегі бойынша алғашқы үкім шықты
  • Түркістан облысында еңбекке қатысты шағымдардың 70 пайызы білім саласына тиесілі
  • Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг ісі 19 қаңтарда шешілмек
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер