Танымал қазақ ақыны әйгілі Абылай хан жоңғардың баласы болғанын айтты

Дузелханов-А.-Абылай-хан.-Альбом.-Алматы.-Өнер.-2005-1024x500_c.jpg

Қазақ қоғамында ұлт, тіл, дін, ділге қатысты қордаланған мәселелер жөнінде пікір білдіріп, қалам тербеп жүрген ақын Мырзан Кенжебаймен құлдық сана, тілдің шұбарлануы, қазақ тілінің мүшкіл халі жөнінде qamshy.kz порталының тілшісі сұхбаттасқан екен. Біз сол сұхбаттан үзінді келтіре кетуді жөн көрдік.

— Құлдық санадан арыла алмай жүруімізге не себеп сонда?  

— Халықтың рухы сөніп қалған. Соған қарамастан мақтаншақпыз. «Ержүрек, батыр халықпыз» деп мақтанамыз. Тіпті оқу орындарында тарихты дұрыс оқытпайды. Мектеп оқулықтарында да, университеттерде де айтатындары «Жоңғар шапқыншылығы». Бірақ Қазақстанда жоңғарлармен қанды қырғын болған жоқ. Ара-тұра бір-бірін шауып кетіп отырған. Абылай ханның шешесі жоңғардың қызы болған. Абылайдың екінші әйелі жоғардың қызы. Абылай жоңғар Әмірсанамен дос болған. Ал қазақтың рухын сөндірген, қазақтың тілін шұбарлап бүлдірген жоңғар да, қытай да емес, орыс. Қазақ тілінде сөйлегенде жоңғар немесе қытай тілін араластырып сөйлемейміз ғой.


1991 жылы КСРО құлағанда қазақтардың саны 10 миллион болды. Өзбектер 16 миллион еді. Содан бері 27 жыл өтті. Осы уақыт аралығында қазақтар 12 миллион болды, яғни 27 жылда 1,5 пайызға ғана өстік. Ал өзбектер 34 миллионға жетті. Мұны көбі Өзбекстандағы өзге ұлт өкілдерін өзбек деп жазғанымен түсіндірмек болады. Біз де Қазақстандағы өзбекті, ұйғырды қазақ деп жазайық.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында 250-ден астам дәрігер жетіспейді
  • Түркістан облысында диқандар мақтаның орнына күріш еккен
  • Нәрестесін пойыздан лақтырып жіберген әйелге мәжбүрлі ем тағайындалды
  • Президент МӘМС туралы заңға түзету енгізді
  • Бес жылда 40 тан астам жаңа су қоймасы салынбақ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер