Емші бала Ербосын: Мен отырған жерге имамды жолатпаңдар

Snimok-yekrana-2982-620x383.jpg

«Үкілі бала», «Емші бала Ербосын» атымен танылған Ербосын Серікбаев бүгінде Ақтөбе қаласына көшіп, медицина саласына ойысып, «фельдшер» мамандығына оқып жатыр. Содан болар, ол біраз уақыттан бері сұхбат беруден бас тартып жүрген. Ал түсірілімге шақырған кезде, «мен отырған жерге имамды жолатпаңдар» деп шарт қояды екен.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасының «Пендеміз ғой» бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Өз кезегінде Ербосын неліктен мұндай талап қоятынын түсіндіріп берді.

«Бір рет «Кешкі кездесуден» кейін үлкен айқай болды. Ол жерде менің айтқандарымының кейбірі дұрыс болмаған шығар. Өйткені маған беріліп тұрған нәрсе болғандықтан, неге адамдарға көмектеспеуім керек? Сол сөз менің жүрегімде тұрып қалды. Мешітте отырған, Алланы аузына алып отырған адамдар соны мойындамайды, Алланың құдіретіне сенбейді.

Олар: «Көріпкелдерге, емшілерге сенбеңдер», – деп айтады. Неге? Олар көріпкел емес қой. Емшілердің емдей алатынын, не емдей алмайтынын тек Алла білсін десе, мен түсінер едім. Екіншіден, анам маған бөтен адамдардың сөзі тигенін қаламайтынын айтты. Сондықтан анам маған имамдар болмасын деп айтты», – дейді Ербосын Серікбаев.

Сондай-ақ, Ербосын өзінің мұсылман екенін, дінге көзқарасы түзу екенін айтты. Тіпті, анасы екеуі Қызыорда облысында мешіт салдырған.

«Аралдың, басқа жақтардың имамдарымен кездестім. Бір имамнан «саған жын кіріп кеткен» деген сөз естімедім. Басқа имамдар: «Ғайыпты болжама. Құранмен, қанмен емдесең, артық сөзіміз жоқ», – деді», – дейді емші бала.

Емшіге сену, сенбеу әр адамның өз еркіндегі дүние. Алайда алдына келген науқастан ақша алуды ғана көздеп, түрлі дәрілік заттар сатып, денсаулығына зиян келтірген жалған емшілер туралы да соңғы уақыттарда көп мәлімет тарап жатыр. Сондықтан барлығына бірдей сене бермеген жөн.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Дін мен діншілдік тақырыбы талқыланды
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында медициналық қарым-қатынас тереңдей түспек
  • Жеңіс күніне орай ардагерлер мен полицейлер арасында турнир өтті
  • 17 жылда 7 түрлі лауазымда қызмет атқарған Ерлан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер