Жаңадан құрылған мемлекеттік органдар туралы сұрақтар талқыланды.

Screenshot_2.jpg

Ағымдағы жылдың 28 тамыз күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Көмекбаев Әли Амантайұлы брифинг берді.

Брифинг барысында Шымкент қаласында жаңадан құрылған мемлекеттік органдар туралы сұрақтар талқыланды.

Әли Амантайұлының сөзі бойынша, 2018 жылдың 1 шілдесіндегі жағдайға сәйкес, Шымкент қаласында 29 жергілікті мемлекеттік органдардағы (1 – Шымкент қаласы әкімі аппараты, 4 – аудан әкімдері аппараттары, 22 – жергілікті басқармалар, 1 – Шымкент қалалық мәслихаты, 1 – Шымкент қалалық тексеру комиссиясы) мемлекеттік қызметшілердің штат саны 758 құрайды. Алдын бұл көрсеткіш 509 лауазымға жететін.

Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қалалар санатына жатқызылуына байланысты Шымкент қаласындағы 14 бөлімнің атауы өзгеріп, жаңадан 8 басқарма құрылуының нәтижесінде 22 басқарма жұмыс жасайды.

Қала аумағындағы орталық мемлекеттік органдардың аумақтық департаменттерінің бірқатары екіге бөлінсе, бірқатарының атауы өзгеріп, Шымкент қаласы бойынша департаменттері құрылуда. Атаулары өзгертіліп, жаңадан құрылған 25 аумақтық департаменттердегі мемлекеттік лауазымдар саны 1300 құрайды. Қазіргі таңда, органдардың штаттық кестелері бекітілуде, ал кейбір мемлекеттік қызметшілер тағайындалу барысында.

Жалпы Шымкент қаласындағы жергілікті және аумақтық мемлекеттік органдардағы мемлекеттік лауазымдар саны 2000 аса бірлікті құрайды.

Брифинг барысында Департамент басшысы Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті құрылып, Тәуке хан даңғылы, 3 бұрынғы мекен-жайы бойынша мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау және мемлекеттік қызмет көрсету салалары бойынша мәселелерді қарайтынын хабарлады, сондай-ақ, сенім телефонының «WhatsApp» (8-702-201-51-51), 51-51-51 нөмірін, әлеуметтік желідегі Департаменттің арнайы парақшасын (Шымкент қ бойынша мемқызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаменті) атап өтті.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Дін мен діншілдік тақырыбы талқыланды
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында медициналық қарым-қатынас тереңдей түспек
  • Жеңіс күніне орай ардагерлер мен полицейлер арасында турнир өтті
  • 17 жылда 7 түрлі лауазымда қызмет атқарған Ерлан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер