ХҚКО-ның қызметкерлері сайысқа түсті

photo5201741266096859648.jpg

30 тамыз – Конституция күні мерекесіне орай «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ ОҚО бойынша филиалының қызметкерлері арасында Мемлекеттік қызмет түрлері бойынша «Ел болашағы білікті маман тақырыбында» біліктілер сайысы өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты қызметкерлердің мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша біліктігін артыру, ұжымда іскерлік қарым-қатынастың тиімді қалыптасуына жағдай жасау, азаматтарға сапалы қызмет көрсетуге дағдыландыру.

Іс-шара Корпорация филиалы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша департаменттерімен бірлесе ұйымдастырылды.

Біліктілік сайысына арнайы Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Шілманов Айбек Ақбергенұлы, Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Асанұлы Ғанижан, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Әлімбетов Жайсанбай Әбділдәұлы, Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы Умбеталиев Жомарт Умербекович, Кәсіподақ комитетінің мүшесі Әбілдабек Ермахан Әліханұлы және корпорация филиалының директорының орынбасары Алсеитов Еркебулан Асанбайұлы әділқазылар алқасына мүшелік етті.

Мерекеге орай, қызметтік міндеттерін үлгілі арқарғаны және қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Шілманов Айбек Ақбергенұлы бірқатар Корпорация филиалының қызметкерлерін Алғыс хатпен марапаттады.

Дәл осындай марапатты Агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Асанұлы Ғанижан 14 қызметкерге табыстады.

Сонымен қатар, Корпорация қызметкерлерінің балалары арасында «Қазақстан - балалар көзімен» тақырыбында сурет салу байқауы өткізілді


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында кеурек өсімдігін қазған 68 шетелдік анықталды
  • Қуандық Бишімбаевқа түрмеде әлі жұмыс табылмаған
  • Қазақстандықтардың орташа жасы – 32,3 жас
  • Президент қазақстандықтарды Судья және сот қызметкері күнімен құттықтады
  • Министр Назарбаев университетінде қайтыс болған қызға байланысты пікір білдірді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер