СҚО-да сталкинг дерегі бойынша алғашқы үкім шықты

image.png

Солтүстік Қазақстан облысында полиция Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің жаңа бабы — «Сталкинг» бойынша тергеуді аяқтады. Елдегі қудалау фактісі бойынша алғашқы үкімді Петропавл қалалық соты шығарды. 

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, әйелдің арызына сәйкес, оған бір жарым жылдан астам уақыт бойы 37 жастағы қала тұрғыны маза бермеген. Ер адам артынан қалмай, оны үнемі бақылауда ұстап, көңіл бөлуін талап еткен, әйелмен және оның жақындарымен жанжалдасқан.

Бұған дейін де ер адам жәбірленушіні жарақаттап, балағаттағаны үшін сондай-ақ оның танысына шабуыл жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Алайда, соған қарамастан, ол қудалауды тоқтатпаған. Жәбірленуші қала ішінде емін-еркін жүруден қалып, басқа адамдармен қарым-қатынас жасаудан қорқатын болған.

2025 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстанда Қылмыстық кодекстің 115-1-бабы «Сталкинг» күшіне енгеннен кейін де ер адам жәбірленушімен екі рет байланыс орнатуға әрекеттенеді. Соның бірі подъездегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Әйел 22 қаңтар күні полицияға арызданды. Құқық қорғау органдары қысқа мерзімде тергеу жүргізіп, материалдарды сотқа жолдады. 28 қаңтарда сот айыпталушыға үкім шығарып, 100 сағат қоғамдық жұмы түрінде жаза кесті. Сонымен қатар, оған алкогольдік ішімдік ішуге тыйым салынып, профилактикалық әңгімелесу үшін полицияға тұрақты түрде келу міндеттелді және жәбірленушімен кез келген байланыс орнатуына қатаң тыйым салынды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

СҚО полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасының мәліметінше, қаңтар айында облыста сталкингтің екі фактісі тіркелген, екіншісі бойынша қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • СҚО-да сталкинг дерегі бойынша алғашқы үкім шықты
  • Түркістан облысында еңбекке қатысты шағымдардың 70 пайызы білім саласына тиесілі
  • Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг ісі 19 қаңтарда шешілмек
  • АҚШ Гренландияның әр тұрғынына 100 мың доллар төлеп, аралды сатып алмақ
  • БЖЗҚ-дан заңсыз 200 млрд теңге шығарған 42 стоматологиялық клиника тергеліп жатыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер