Әлеуметтік желідегі өзіндік ой-пікірімен ерекшеленіп жүрген дәрігер Ғабит Нұрханұлының мына жазбасы бірден көзімізге шалынды. Желідегі жұрттың арасында үлкен пікірталас туғызған екен. Автордың жазбасын ықшамдап, оқырман назарына ұсындық.
«Біз қазір нағыз тура жолдамыз соны көрдім. Біздің президент ең ақылды, ең айлакер президент соған көзім жетті.
Шынымен, бұл ешқандай жалтақтау, маймөңкелеу емес.
Өтірік жағымпазданбаймын. Мені ешкім қорқытпады. Біздің президент нағыз елдің қамын ойлайтын президент.
Саясатты түсінген адамға бізде Назарбаев əлі, кем дегенде, 10 жыл отыру керек.
Оны қайдан шығардың десеңізші?
Германияда украиндықтармен, афгандықтармен дос болдым. Екі елде қатты азып тозып кеткен. Соғыс елдің экономикасын, кем дегенде, 50 жылға артқа тартып кетті.
Экономикалық көрсеткіш жағынан, демографиялық көрсеткіш жағынан Украина өте төмен болып кетті. Мұның бəрі біздің басымызға келуі мүмкін еді. Қазір айлық емес, жеуге нан таппай отырар едік.
Неге десеңіздер, екі елдің де ойранын шығарған Ресей. Ресей өзінен кім оза бастаса, уысындағы мемлекеттер шыға бастаса, себеп тауып талқандап кетеді.
Негізгі жауымыз Қытай емес – Ресей. Себебі, Қытай ешқашан біреудің шекарасын бұзып кірмейді, кірген емес. Ал Ресей өте қауіпті.
Барлық жерде бір сценарий. Президент ауысады, орнына келген адам ұлт туралы екі ауыз сөз айтады. Артынан, Ресей əскерімен жергілікті орыстілді, не орыстарды «құтқару» үшін кіреді. Бұл жағдай бізде де болуы əбден мүмкін еді. Шығыс Қазақстанды казактардын жері, Петропавл мен Қостанай орыстардың жері деп, орекендер қашаннан тісін қайрап жүр.
Президент Ресейдін саясатын алдын ала біліп, дереу солтүстік шекараны күшейтті. Астананы салды. Орыстар көп отырған жерге қазақтарды қоныстандырды.
Ең бастысы, тіл саясатын байыппен жүргізіп отыр. Асықпай, Ресейдін шамына тимей, Ресейдін айтқаның бəрін істеп, бірақ өзінің де саясатын жүргізіп отыр.
Түсіңіңіздер, Президент «бəрің қазақша сөйлендер» деп айта алмайды.
Президент заң шығарды. Бітті . Орындалу біздің қолда. Украина президенті айтты. Бітті, Украинаның быт-шытын шығарды. Елде жейтін нан жоқ, орнына Украина тілі бар. Не үшін дамып кетпейміз, не үшін завод фабрика салмаймыз? Сала алмаймыз, себебі Ресейге біздің одан күшті болғанымыз керек емес.
Ресейді біз соғысып жеңе алмаймыз. Оны бүкіл əлем түсінді. Ресеймен соғыспай, санкция салып тастаса, өзі ақ жоқ болып кетер.
Шын мəнісінде, бізде мемлекет жемқорлықпен өте күшті куресуде. Жемқорлықпен күрес агенттігінен барлығы қорқады. Барлық жерде телефон номері жазулы тұр. Хабарлассаңыз жетіп келеді.
Мемлекетке кінə жоқ. Кінə халықта. Параны өздері береді. Соңынан анау парақор, мынау парақор деп жүреді.
Халықтын өзі пара беруін тоқтатпаса, ешкім парамен күресе алмайды. Президент халық өзі істесін дейді, еркіндік беріп қойған. Шымкентті қараңдар, барлық жерде өзбектер жұмыс жасайды, базарлар, бау бақшалар түгелімен солардың қолында. Бір-бірімен өте тату. Ол саудаға өзбектен басқа ешкімді кіргізбейді. Шымкентте автобөлшек сататын базар бар. Соның ескі бөлшектелген жағында май-май, қап қара болып, күннің астында қазақтар жұмыс жасайды. Ана жаңа бөлшек жағында шіреніп өзбектер тұрады.
Оған да Президент кінəлі ме? Немесе Алматыда – Барахолка, Яллян базарда істеп жүргендер ұйғырлар, қытайлар. Оған да Президент кінəлі ме? Президент бəрін өз ретімен істеп отыр.
Ал қазіргі «оппозиция» болып жүргендер шеттерінен Ресейдін жаңдайшаптары. Бəрі Ресейде оқып келген, не орыстармен жақтас. Бір нəрсе болса дереу Ресейге қашады.
Президент «көршің соқыр болса, бір көзіңді қысып жүр» деген саясатты ұстанып, бір шетінен елді экономикалық нарыққа үйретіп жатыр.
Халықаралық аренада президенттің авторитеті өте мықты. Дəл кəзір Қазақстанның сытылып бара жатқанын Ресейде түсініп отыр. Ана орыстілді Ресейдің жаңдайшаптарын жоғалтып, президентті қорғау керек.