1 жылда Қазақстанның халқы қанша адамға көбейгені белгілі болды

26941.jpg

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда халық саны осы жылдың 1 тамызында 18 млн 292,7 мың адамға жетті. Бұл 2017 жылдың 1 тамызындағы көрсеткіштен 238,7 мың адамға немесе 1,3% артық, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Есептік кезеңде қала тұрғындарының саны 10 млн 544,3 мың адам немесе 57,6 пайыз, ал ауыл халқының саны 7 млн 748,4 мың адам немесе 42,4 пайызды құрады.

Республика халқының табиғи өсімі есептік кезеңде 4,4 мың адамға (3,1%) көбейіп, 150 мың адамға жетті. Қарастырылып отырған кезеңде 78 мың адам қайтыс болған, бұл былтырғыдан 1% артық.

Көші-қон органдарының мәліметіне қарағанда, 2018 жылдың қаңтар-шілде аралығында елімізге келіп тіркелгендер саны 2017 жылғы көрсеткіштен 24,8% азайып, 7306 адам болған. Қазақстаннан кетіп жатқан мигранттар саны 12,8% артып, 21 894 адамды құраған. Негізгі миграциялық алмасу ТМД елдерімен жүріп жатыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • СҚО-да сталкинг дерегі бойынша алғашқы үкім шықты
  • Түркістан облысында еңбекке қатысты шағымдардың 70 пайызы білім саласына тиесілі
  • Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг ісі 19 қаңтарда шешілмек
  • АҚШ Гренландияның әр тұрғынына 100 мың доллар төлеп, аралды сатып алмақ
  • БЖЗҚ-дан заңсыз 200 млрд теңге шығарған 42 стоматологиялық клиника тергеліп жатыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер