"Оңбағандар" Роза Бағланова Совет Одағында шындықты шырқыратып айтты

AF919ED6-3708-4730-96AF-C9F43B94C5E4_w1023_r1_s.jpg

Міне, шындық шығып жатыр. Тарих бәрін өз орнына қояды. Мұны желіде пайда болған марқұм Роза Бағланованың мына видеосы тағы бір мәрте дәлелдеп берді. Өнер адамдарының өзі биік бопты ғой ол кезде, ал қазіргі шоу-бизнестегілер ішкен-жегенін айтқанынан аса алмай жүр. Үлгі болсын соларға, көрсін осыны!..

Әлеуметтік желіде пайда болған бұл видеоны бұрын көрген емеспіз. Соған қарағанда, ол осы күнге дейін құпия құжаттардың ішінде шаң боп, бөгіп жатқан секілді. Видеода жезтаңдай әнші, қазақтың бұлбұлы — Роза Бағланова мінберде сөйлеп тұр.

Залда танадай тыныштық. Өйткені айтылмауы тиіс сөз айтылып жатыр. Қазақтар туралы. Нақтырақ айтқанда, қазақ нәубеті. Қазаққа қылған қызыл империяның лаңы туралы. Көзге жас алмау мүмкін емес енді…

"Мен соғысты көрдім. Бірақ Аралда боп жатқан нәрсені бір сөзбен тоқтату мүмкін емес. Иә, соғысты тоқтатуға болады. Атом бомбасын да, ұшақты да тоқтатуға болады. Бірақ мұны тоқтату мүмкін емес. Біз осында отырмыз ғой, қазір сөз сөйлеп, ал ана жақта табиғат өз дегенін жасап жатыр. Тырнақшаға алып айтайыншы, „ұлы ғалымдарымыздың„ қолымен жасалған нәрсені айтам.

Бүкіл бір ұлтты жатырында қырып жатқан ғалымдарды мен көкке көтеріп, ұлықтап қалай басқалай айтам. Бір ұлттың көзін жойып жатыр деймін.

Басқа кезде біз мұны қаскөйлік дер едік. Ал олар КСРО-ның академиктері, екі-үш дүркін Совет одағының батыры ғой. Мұндайда не дейміз?..

Қазақстан территориясында не боп жатқанын білесіздер ме?

Семейде полигон, Байқоңырда космодром, Аралда… Осыдан соң, қазақтарға қалай өмір сүруге болады? Егер тура осы жағдай шетелде болғанда, мысалы, Америкада болсыншы, онда қалай айқайлап-қиқулап шығар едік.

Оңбағандар, беті шімірікпей, бүтін бір ұлтты жойып жатыр дер едік. Бұл арада тек жалғыз Қазақстан емес қой. Оларда да болдым. Маған өте ауыр болды. Көзі жоқ туғанынан. Қос көзі де. Солай туады. Басында шашы жоқ. Қолы жоқ. Аяғы жоқ. Бұл нені білдіреді? Кімнен сұрауымыз керек, бұл трагедияны кімге айтуымыз керек.

Бүтін ұлттың осы жан жарасын, басындағы трагедиясын жеткізу үшін, қай инстанцияға дейін баруымыз керек" деп Роза апайымыз көзіне жас алып, әбден тығырыққа тіреліп тұр…

Дереккөз: 365info.kz

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Дін мен діншілдік тақырыбы талқыланды
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында медициналық қарым-қатынас тереңдей түспек
  • Жеңіс күніне орай ардагерлер мен полицейлер арасында турнир өтті
  • 17 жылда 7 түрлі лауазымда қызмет атқарған Ерлан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер