Мақпал Жүнісова өнерде жолын кім кескенін айтты

24060.jpg

Қазақтың ерке қызы Мақпал Жүнісованың өнерде жүргеніне тура 37 жыл толды. Осы уақыт аралығында тыңдарманды мойындатқан әнші эксклюзивті сұхбат беріп, өнерде өзінің жол кескен азамат туралы айтты. Бұл туралы Хит ТВ арнасы хабарлайды.

- Ертеректе «С песней по жизни» деген керемет байқау болды. Аталған конкурстың финалы Мәскеуде өтетін. Шешуші сынға жолдама алу үшін аймақтық жарыста топ жару керек. Байқаудың Алматыдағы іріктеу кезеңінде марқұм Валентина Толкунова, Ермек Серкебаевтар қазылық етіп, маған бірінші орын берді. 

Мен жеңімпаз ретінде Мәскеудегі финалға қатысуым керек еді. Алайда, екі ай қалғанда менің орныма іріктеу кезеңіне мүлде қатыспаған Бақтияр Тайлақбаев есімді азаматтың аттанатыны белгілі болды. Ол таныстары арқылы финалға кетіп, мен сырт қалдым, - деді Жүнісова.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстан мен Пәкістан білім беру саласындағы әріптестікті нығайтпақ
  • Түркістан облысында 45 рет жол ережесін бұзған жүргізуші 1,3 млн теңге айыппұлын төлемеген
  • Түркістанда ветеринария саласында 928 млн теңге жымқырылып, 4 адам қамауға алынды
  • БҰҰ Бас хатшысы Ливандағы бітімгершілік күштерінің жаралануын айыптады
  • Қазақстанда баланың туа біткен даму кемістіктерін анықтау 12,5%-ға артты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер