Биыл қанша мұғалімнің жалақысы өскені белгілі болды

мугалім-мартебесі-500x400.jpg

Білім және ғылым министрінің орынбасары Эльмира Суханбердиева биыл  34 мың ұстаз үстемақыға ие болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.

Алдымен вице-министр жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 221 мың мұғалім дайындалғанын, олардың жалақысы өскенін атап өтті.

«Сондықтан мұғалімдердің еңбекақысына Елбасы тапсырмасы бойынша 30% үстемеақы төленіп жатыр. Биыл педагогтарды аттестаттаудың жаңа жүйесі енгізілді. 2018 жылғы 1 қыркүйегінен жаңа жүйе бойынша аттестаттаудан өткен 34 мың мұғалім біліктілігіне байланысты 30%-тен 50%-ке дейін дейін үстемеақы алады», — деді Эльмира Суханбердиева Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінде өтіп жатқан үкімет сағатында.

Сонымен қатар ол аттестаттаудан өте алмаған 11 мың мұғалім тестіні 3-4 қарашада қайта тапсырғанын айтты.

Естеріңізде болса, вице-министр мұғалім мәртебесі туралы заңды дайындауға кірісіп кеткендіктерін айтқан болатын.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Дін мен діншілдік тақырыбы талқыланды
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында медициналық қарым-қатынас тереңдей түспек
  • Жеңіс күніне орай ардагерлер мен полицейлер арасында турнир өтті
  • 17 жылда 7 түрлі лауазымда қызмет атқарған Ерлан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер