Бүгінгі күні деректер базасында МТК бойынша мекенжай мәліметтері еліміздің 8,7 млн-ға жуық азаматында бар, «электрондық үкімет» порталы арқылы тіркеу есебінен шығару бойынша қызмет енгізілуде. Бұл туралы Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл әрбір жылжымайтын мүлікке «электрондық үй кітапшасын» құруға мүмкіндік берді.
Қазіргі уақытта өзінің мекенжай мәліметтерін әр азамат қана емес, тұрғын үй иесі де ХКО немесе «электрондық үкімет» веб-порталына жүгіне отырып оның мекенжайында тіркелген адамдарға да ала алады.
Сонымен бірге, мекенжай бойынша тіркелгендер туралы анықтама беру кезінде проблемалы мәселелер туындап жатыр.
Осылайша, анықтамада тұрғын үйді алғанға дейін тіркелген адамдар (оның ішінде қайтыс болғандар, республикадан тыс жерлерге кеткендер) көрсетілуде. Бұл мәселелер өтпелі кезеңде пайда болды және бұл уақытша сипатқа ие.
Осыған байланысты қайтыс болғандарды, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткендерді, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққандарды тіркеуден автоматты түрде шығару жұмысы жүргізілуде.
Бұдан басқа, қазіргі уақытта «электрондық үкімет» порталына СМС-хабарлама, мобильді қосымшалар жолдау арқылы, төлеу терминалдары, коммуналдық қызметтер төлемі туралы түбіртекте, нотариустың жылжымайтын мүлік объектісін сатып алушыға сатып алу-сату шартын ресімдеу кезінде сатып алуға жататын тұрғын үйде тіркелгендер саны туралы хабарландыру сервистері әзірленуде.
Бүгінгі күні тұрғын үй иесі үйінде тұрмайтын адамдарды ХКО, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы, сондай-ақ егер «электрондық үкімет» порталының мобильді азаматтар базасында тұрғын үй иесінің мобильді телефон номері тіркелген жағдайда бір реттік парольдің көмегімен тіркеуден шығара алады.
Барлық мемлекеттік органдардың мекенжайды тіркеу кодының (МТК) негізінде мекенжай мәліметтерінің бірыңғай форматына көшуі туралы ІІМ бұрын хабарлаған болатын.