Атырауда 108 нәресте шетінеді: дәрігерлер жас босанған әйелдердің өзін кінәлайды

Screenshot_1.jpg

Атырау облысында сәби өлімінің күрт көбеюінің басты себебі – ата-аналарының денсаулығы, деп мәлімдеді облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері Қуаныш Нысанбаев.

Жаңа туған нәрестесінен айырылған әйелдердің облыстық перинаталдық орталықты тексеру туралы талабы бойынша атыраулық дәрігерлер баспасөз мәслихатын ұйымдастырды, деп хабарлайды "Мой город".

Атырау облысында сәби өлімі жиілеп кеткен – былтыр ғана 108 шақалақ шетінепті. Дәрігерлердің айтуынша, басты себеп – ата-аналардың өз денсаулығына үстірт қарауы, бұл жүктілік кезінде қиындықтар тудырып, сәбиге қатты әсер етеді.

"Көбінесе мерзімінен бұрын босанған жағдайда сәби шетінеп кетеді. Мұны жоспарланбаған жүктілік десе де болады. Жүктілікті алдын ала жоспарлап, кем дегенде 1,5 жыл аралықты сақтау керек", — деп санайды Қуаныш Нысанбаев.

Ол атап өткендей, облыстық перинаталдық орталықта қызмет көрсету сапасы қатаң бақылауға алынған, жүкті әйелдерге сәби денсаулығына қатысты мәселелер толық түсіндіріледі. Себебі нәрестелердің көпшілігі шала туады екен.

"Орталықта мерзімінен бұрын босану жайты көбейіп кетті. Оның ішінде салмағы өте аз нәрестелер көп. 2018 жылы салмағы 1,5 килограмға жетпейтін балалар саны 300-ден асты", — деп мәлімет  берді облыстық перинаталдық орталықтың неонатология бөлімінің меңгерушісі Гүлмира Әбекеева.

Облыстық денсаулық сақтау басқарамасының штаттан тыс бала дәрігері Райса Баймұханованың айтуынша, былтыр облыста бір жасқа дейінгі 176 бала шетінеген.

"Бұл дәрігерлердің біліктілігі төмен деген сөз емес. Әр сәби өлімі тіркеледі. Ештеңе жасырын қалып жатқан жоқ. Әр жайт мұқият тексеріледі. Бұл мәселемен сарапшы дәрігерлер айналысып, әр оқиғаны толық сараптамадан өткізеді", — деп атап өтті ол.

Астана перзентханасында тағы бір ана сәбиінен айырылды

Дәрігерлердің сөзіне сүйенсек, әйелдердің денсаулығы "мәз емес".


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Дін мен діншілдік тақырыбы талқыланды
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында медициналық қарым-қатынас тереңдей түспек
  • Жеңіс күніне орай ардагерлер мен полицейлер арасында турнир өтті
  • 17 жылда 7 түрлі лауазымда қызмет атқарған Ерлан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер